Кейбір мәселелері


 Кіріккен сөздердің қандай белгісі болады?



Pdf көрінісі
бет205/208
Дата06.01.2022
өлшемі1,97 Mb.
#14352
түріЛекция
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   208
Байланысты:
ҚҚТ фонетикасы

5. Кіріккен сөздердің қандай белгісі болады? 
 
Бірінші,  неше  сөзден  құралған  болса  да,  кіріккен  сөздер  бір-ақ  нәрсені 
атайтын, бір-ақ сөздің орнына жүретін болу керек. 
Рас,  бұл  өлшеудің  өзі  қиын  өлшеу.  Тегінде,  тек  мағынаны  өлшеу  қылумен 
анықтық таныла қоймайды. Мысалы, қолғап деген бір нәрсенің аты ма, сондықтан, 
бір-ақ сөз бе, немесе екі сөз бе? Бөлек-бөлек алғанда, қол деген сөздің өз мағынасы 
бар,  қап  деген  сөздің  де  өз  мағынасы  бар.  Бірақ,  екеуі  қосылғанда,  қолғап  дейтін 
бір-ақ нәрсенің аты болып тұр. Осы сияқты, қарақұс деген бір сөз бе, екі сөз бе? – 
деп  те  сұрақ  қоюға  болады.  Бір  сөз  дейін  десең,  қара  дегеннің  де  өз  алдына 
мағынасы  бар,  құс  дегеннің  де  өз  алдына  мағынасы  бар.  Бірақ,  екеуі  қосылып 
келіп,  бұл  арада  бір  нәрсенің  аты  болып  тұр.  Ал,  бұларды  бір  дейін  десең,  дәл 
осылар сияқты болып жасалған өгіз арба, темір қасық т.т. да бір сөз болуы керек 


сияқты. Олай болғанда анықтауыш сөз бен анықталушы сөздің екеуі қосылып бір 
сөз болып санала беруге керек сияқты. Міне, жалғыз мағынаға сүйенгенде айырып 
алу  қиын  болатыны  осыдан.  Сондықтан,  мағынаны  өлшеу  қылуға  алып  тұрып, 
бірақ  жалғыз  мағынаның  өзіне  ғана  сүйенбей,  басқа  өлшеулерді  де  қосып  қарау 
керек болады. 
Екінші,  кіріккен  сөз  болу  үшін  мұның  ішіндегі  жеке  сөздердің  әрқайсысы 
сөйлемде  өз  алдына  бір-бір  мүше  болмай,  бәрі  жиналып  барып,  сөйлемнің  бір-ақ 
мүшесі болу керек. 
Мысалы, қолғап, қарақұс деген сөздердің қол, қара дегендері өз алдына, қап, 
құс  дегендер  өз  алдына  бір-бір  мүше  емес,  сөйлемде  қол  мен  қап-тың  екеуіне 
қосылып  бір-ақ  мүше,  қара  мен  құстың  екеуі  қосылып  бір-ақ  мүше.  Үйткені, 
бұларда қол, қара деген сөздер анықтауыш емес: «қандай қап?» – қолғап, «қандай 
құс?»  –  қара  құс  деп  айыра  алмаймыз.  Ал,  қара  жылқы,  ала  қап  деген  сөздерде 
қандай  жылқы?  –  «қара  жылқы»,  «қандай  қап?»  –  «ала  қап»  деп  аша  аламыз. 
Бұларда қара, ала деген сөздер анықтауыш. Қарақұс деген тіркестің өзі де құстың 
белгілі бір түсінің аты болмай, бір құстардың түсін ашу үшін айтылған болса, онда 
екі  сөз  болып,  қара  мен  құстың  екеуі  сөйлемде  екі  мүше  бола  алады.  Мысалы, 
қарға – қара құс десек, қандай құс деп сұрауға болады. Сонда, қарға ақ құс емес, 
қара  құс  деп  түсін  ашып  беруге  болады.  Ал,  қарақұс  дегендегі  қара-ны  бұлайша 
бөліп  ала  алмаймыз.  Үйткені,  мұндағы  қара  әуелде  құстың  түсін  көрсету  үшін 
жұмсалғанмен,  бірде  онысынан  қалып,  құс  деген  сөзбен  қосылып,  құстың  белгілі 
бір атасының ұлын атайтын сөз болып кеткен. Сондықтан қара  құс деп, кейде, түсі 
қара  болмайтын  құстарды  да  атай  береміз.  Мысалы,  қара  құстың  қазақ  тілінде 
ақсары деп аталатын түрі бар. Мұның түсі қара емес, сары болады. Солай да болса, 
оны да қарақұс дейміз. Сондықтан, қарға, қара құс болғанмен де, «қара құс» емес, 
ақсары,  қара құс  болмағанмен де,  «қара  құс»  деуге  болады.  Міне, бұл  арада қара 
деген  сөз өзінің бұрынғы  мағынасын жоғалтып,  құс деген  сөзбен қосылып барып 
бір мағына алып кеткенін көреміз. 
Қолғап  деген  де  осы  сияқты,  қап  деген  сөздің  бөлек  тұрған  уақытта  екі 
мағынасы  бар: бірі  –  орыс  тіліндегі  мешок  деген  сөздің  мағынасы;  екіншісі  –  бір 
нәрсенің  сыртынан  кигізілген  ыдысты  атауы.  Егер  де  қолғап дегендегі  қап  оңаша 
тұрғандағы  мағынасынан  айырылмаған  болса,  онда  осы  екі  мағынаның  екеуі  де 
мұнда болған болар еді. Бірақ, қолғап дегендегі қап та мешок мағынасы қалмаған, 
тек  екінші  мағынасы  чехол  мағынасы  ғана  қалған.  Олай  болса,  мұндағы  қаптың 
мағынасы  оңаша  тұрғандағы  қап  сөздің  мағынасымен  бірдей  емес,  оның 
бірқатарын  жойған,  кеміген,  жұқарған.  Сөйтіп,  қолғап-тағы  қол  деген  сөз  өз 
мағынасында  тұрса  да,  қап  деген  сөз  өз  мағынасын  өзгерткен.  Өйткені,  қап  деп 
астық,  жүн  т.т.  осындай  заттарды  салып  қоятын  белгілі  бір  ыдысты  атайтын 
болсақ, қолғап дегендегі қапта бұл мағына қалмаған. Сондықтан, қолғап дегендегі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет