Кейбір мәселелері


Ауыз жолды сонорлардың физиологиясы



Pdf көрінісі
бет24/208
Дата06.01.2022
өлшемі1,97 Mb.
#14352
түріЛекция
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   208
Байланысты:
ҚҚТ фонетикасы

Ауыз жолды сонорлардың физиологиясы 
 
J  –  дыбысы  таңдайдан  шығады;  жуысыңқы,  созылады.  Оны  айтқанда  тілдің 
жоғарғы  жағы  таңдайға  жуысады,  шығатын  жері,  жасалу  түрі  и  (е)  дыбысына 
жақын,  бірақ  и-ден  гөрі  j-ді  айтқанда  тіл  мен  таңдай  бір-біріне  жуысыңқырайды 
(араб  сөзі),  ауа  жолы  (өткелі)  тарылады.  Сондықтан  салдыр  у  мен  и-ден  гөрі 
артығырақ. J-ді айтқанда ауа бұлтармайды: тура жолды сонор деу себебіміз содан. 
J Европада дауыссыз дыбыс ретінде таңбаланады. Оны айтқанда астыңғы иек тіпті 
төмен  түседі.  Бара  жатыр  деген  сөздерді  «бариатр»  деп  сөйлейтін  елдер  бар. 
Бұның себебі: J мен ж дыбысының шығатын жері бір болғандықтан.  
V – еріннен шығады. Жасалу түрі мен созымдылығы жуысыңқы (сықылды). 
Ауа  сыртқа  шығарда  екі  ерін  бір-біріне  жуысады,  дыбыстың  шығатын  орны  да, 
жасалу түрі де у-ға жақын; айырмасы – у-дағыдан гөрі екі ерін жуысыңқырайды. У 
мен V жасалу түрі де, шығатын жері де бір болғандықтан, қатар келгенде қосылып 
кетіп,  бір  дауысты  болады.  Тау  V  –  дауыссыз,  таV  –  дауысты.  V  –  айтқанда  екі 
ерінді жақындатсақ, сонор болады, жақындатпасақ дауысты болады.  


L – тіс дыбысы, оны айтқанда тілдің ұшы тістің етіне, не тістің өзіне тіреледі. 
Тілдің екі не бір жағында ауаға жол қалады, демек, жабысыңқы емес, жуысыңқы. 
Дүниеде екі L бар: 1. «велеризованный»; 2. «невелеризованный». Бала дегендегі L-
ды  айтқанда  тілдің  көмекейге  жуық  түп  жағы  таңдай  артына,  кішкене  тілге 
жақындайды.  Бұл  –  әлгі  бірінші  L.  Мүләйім  дегендегі  L  невелеризованный  L-ға 
жатады. Оны «неевропейский» L деп те атайды. 
P  –  әдетте  тіс  дыбысы.  Оны  айтқанда  тіл  ұшы  жоғарғы  күрек  тістің  етіне 
жақындайды, орыс пен қазақтың тілінің ұшы дірілдейді. Кішкене тілдің дірілінен 
пайда болатын р бар, бұл французда да бар. Оны – гаркавый Р деп атайды. Атты 
тоқтатқанда шығатын Р-ды еріндік Р дейміз.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет