Кейбір мәселелері



Pdf көрінісі
бет23/208
Дата06.01.2022
өлшемі1,97 Mb.
#14352
түріЛекция
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   208
Байланысты:
ҚҚТ фонетикасы

Т  (д,  н).  Тілдің  ұшы  сүйірленіп  барып,  үстіңгі  күрек  тістің  іш  жағына 
жабысып, ауа жолын кедергілейді. Ауа бұған тоқтамай кедергіні бұзып шығады. Т 
–  осының  салдары.  Мұрын  –  жабық,  ерін  –  қашыңқы.  Осыған  Т  –  –  =  д  (д  екі 
дауыстының  арасында  болса,  тіл  босаң  тиеді,  буынның  басында  болса,  тіл  қатты 
тиеді). Оған мұрын жолының ашылуы қосылса, н пайда болады. Мұнда тілдің ұшы 
тістен  айырылмай  тұрып  қалады  да  ауа  кейін  қайтып,  мұрыннын  шығады  (т-ны 
айтқанда  кейде  тіл  жабылады  дегендегі  бір  жерде  ...  дұрыс  па?).  Тіл  ұшы  күрек 
тіске  тиеді  орыстар  т-ны  айтқанда  күрек  тістің  қызыл  иек  жағына  тиеді  де, 
ағылшындар айтқанда тілдің ұшы қызыл етке соғады. 
С (з). Бұл дыбысты айтқанда мұрын жабық, ерін қашыңқы тұрады. Тіл өзінің 
арқасын (үстін) тегіс тақтайдай қылып ұстап көтеріледі де, астыңғы жағы астыңғы 
күрек  тісті жауып,  олай  қарай  ауа  жібермей  тұрады.  Үстіңгі  күрек  тіске  жуықтап 
(босаң тиіп), ауа осы екі арадан сүзіліп өткендей қылады. Тілдің үстімен жағалап 
келген  ауа  тура  күрек  тіске  соғып  барып,  қуыс-қуысқа  ыдырап  шығады.  Осы 
салдырдан с жасалады. Бұған ауа толқыны қосылса з болады. Сондықтан с-ш, ж-з 
дыбыстарын тіс дыбыстары деп те атаймыз.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет