Кейбір мәселелері


Қазақ тілінің физиологиясы



Pdf көрінісі
бет21/208
Дата06.01.2022
өлшемі1,97 Mb.
#14352
түріЛекция
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   208
Байланысты:
ҚҚТ фонетикасы

Қазақ тілінің физиологиясы 
 
Қазақ  тілінің  қазіргі  физиологиясын  сөз  қылмастан  бұрын,  физика  жағынан 
қарағанда,  дыбыстың  қозғалудан,  толқыннан  болатынын  еске  алу  керек  және 
толқын  мен  қозғалудың  да  белгілі  бір  шекте  болуының,  белгілі  бір  мөлшерде 
болуының  шарты  екендігін  ұмытпау  керек.  Қозғалу  үшін  қозғау  керектігін,  ол 
қозғаушы күштің де түрлі дәрежеде болатындығын ескеру керек. 
 
Дыбыс шығаратын мүшелеріміз 
 
Өкпе ісінеді – ауа жинайды. Өкпе басылады – ауа шығарады, толқын қылады. 
Ол  ауа  кеңірдекпен  жағалап  келіп,  мұрын  мен  ауыздың  бірі  арқылы  сыртқа 
шығады. Кеңірдек өкпеге барады (жалғасады).  
Құр  демалғаннан  дыбыс  шықпайды  ғой.  Қозғалыс  күшін  белгілі  дәрежеге 
жеткізу  үшін  басқа  шаралар  керек.  Ол  –  кедергілер.  Іштен  шыққан  ауа  түрлі 
кедергіге ұшырайды. Ол кедергіні не бұзу керек болады (бөтелке пробкасын еске 
ал). Ауа ағыны қапелімде шықпай, кедергіге жиналады. Ауа сол кедергіге не қатты 
сүйкеле шығады, не кедергіні бұза шығады.  
Бөтелке  ішіне  су  мөлшерін  түрліше  құйсақ,  дыбыстары  да  түрлі  болады 
(қозғалғанда).  Дыбыс  ұлғаю  үшін  толқын  жылдамдығына  сәйкес  басқа  бір  нәрсе 
болуы  керек.  Дыбыс  жаңғырығу  жолымен  де  күшейеді,  өзгереді.  Ауызды  түрлі 
қалыпқа келтіріп, түрлі жерден дыбыс шығарлық қылып кедергілейміз. 
 
*  *  * 
Ауыз  тамақ  жеу  үшін  керек:  ерін  тамақты  ұстау  үшін,  тіл  тамақты  айдау 
үшін, дәмін білу үшін (осыған бейімделіп жұмсақ болған, т. т болған). Оның осы 
қасиеттерінің  дыбыс  шығаруға  да  пайдасы  тиген.  Біз  сол  бар  нәрселерді 
пайдаланамыз. 
Тілдің  кейінгі  жағы  –  көмекей  латынша  «глоттиде»  (итал.)  немесе  «глотте» 
(франс),  қазіргі  ағылшын  тілінде  де  «глоттал  катх»  деп  аталады.  Алғашқы  екі 
термин  орысша  «голосовая  шель»  болып  аударылады  да,  ағылшынша  атау  орыс 
тіліне  «гортанная  смычка»  деп  аударылған.  Орыс  тілінде  бұл  «ларенгальный 
затвор» деп те аталады немесе «смычногортанный согласный» звук деп беріледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет