Ауыз арқылы өтетіндер а, е, ы. Бұлар ауыз мүшелерінің күшіне (кедергісіне)
онша тимей, еркін өтеді; о, у ерін қымқырыла (қымқырынып) өтеді.
v, j ерін жабыла ма деп имене өтеді.
P тіл қақтыра қимылдағандықтан қақтыға өтеді.
L тіл келе жатқан бағытын бөгеп алғандықтан, тілдің жан-жағынан өтеді. 2.
Мұрын арқылы өтетіндер:
М ерін ауызды бөгеп жібермегендіктен, мұрынға қарай кетеді.
Н тіл ауызды бөгеп жібермегендіктен, мұрынға қарай кетеді.
Ң тамақ ауызды бөгеп жібермегендіктен, мұрынға қарай кетеді.
Өткелсіздер:
б, п – ерінге қамалады
т, д – тіске қамалады
қ, к – тамақта қамалады
с/ш, ж/з – тіл ұшы мен таңдайдан сүзіліп шығады
ғ, г – тілдің түбі мен тамақтан сүзіліп шығады.