Кейбір мәселелері



Pdf көрінісі
бет76/208
Дата06.01.2022
өлшемі1,97 Mb.
#14352
түріЛекция
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   208
Байланысты:
ҚҚТ фонетикасы

 
Қазақ тілінің тарихы 
09.XII. 1936 ж. 
 
Дүниедегі  халықтардың  барлығы  да  құранды,  «таза»  ел  жоқ.  Білімпаздар 
қазақты  XV-XVI  ғасырларда  құралған  деседі.  Ел  құранды  болғандықтан  тіл  де 
құранды  болмақ:  шаруа,  сән,  ән,  әңгіме,  баға,  найза  деген  сөздердің  барлығы  да 
парсынікі. Тілдің қалай өсіп, дамитындығын білу керек. Тілдің тарихын білу деген 
сөз – оның  өніп-өскен жолы білу деген. Демек, тіліміздің сонау ұзақ жолда қандай 
өзгерістерге  ұшырағанын,  оған  неге  ұшырағанын  білу  керек.  Бұрынғыны  білу  – 
жай әшейін мақсат емес, тілді меңгерудің бір амалы. Біз тілді меңгеріп болғанымыз 
жоқ, толық меңгерсек қана оны дұрыс бағытта өзгерте аламыз.  
Тіліміздегі  кей  сөздер  қазақ  тілінің  осы  күнгі  қолданылу  заңына  сай  емес. 
Мысалы, «ат» cөзінің «аттас» болмай, «адас» болуы (адас –  ат жөнінен жолдас), 
күніне деудің орнына кейде күніге деуіміз (бұл өзбек тілінің нормасы), осы күндегі 
оқымыч, келміч деп сөйлейтін елдерде біздің де өтеміс, төлеміс деп сөйлеуіміз – 
бұған  дәлел.  Бұл  да  сол  баяғы  таза  тілдің  жоқтығын  дәлелдейді.  Буржуазияның 
тілші мамандары мәдениет жұқпалы дейді. Бұл дұрыс емес. Ауылнай деген сияқты 
сөздер біздің тілімізге күшпен кірген; агар сөзін басқа сөз жоқтықтан алған деседі. 
Бұл  да  дұрыс  емес,  ол  да  молдалардың  зорлығымен  көпке  тараған  (Бір-екі  араб 
әрпімен жазылған мысал танылмады – Е. Ж.); Қоғамдық жағдай керек қылмаса екі 
ел араласқанмен бірінің тілі екінші тілге ауыса бермейді. Біздің қазіргі тіліміздегі 
шеттен  келген  көптеген  сөздер  қажеттілік  жағдайға  байланысты  сіңіскен. 
Буржуазия ғалымдары тіл тарихын жазу тіліне қарап қана зерттейді. Жазу тіліне біз 
де қараймыз, бірақ ол тілді зерттеудің негізгі жолы емес. Жазба тіл бұрынғы кезде 
соған  қолы  жеткен  үстем  таптың  құралы  ғана  болған.  Жазба  әдеби  тіл  дегеніміз 
кейде  ел  (халық)  тілінен  алыстайды,  кейде  жақындайды.  Буржуазия  ұлт  тіліне 
XVIII ғасырдан бергі жерде ғана көшті. Бұрын латынша жазушы еді. Cоған қарап, 


бұрынғы  кезде  ұлт  тілі  болмаған  деп  Евроазия  тілдеріне  жала  жабуға  болмайды 
ғой. Баяғы (арабша сөз жазылған – Е. Ж.) кітаптарын жазушы араб емес; Түркияда 
XVII-XVIII  ғасырға  дейін  араб  тілі  қолданылған,  бұған  қарап,  бұрын  түрік  тілі 
болмаған  дей  аламыз  ба?  (Түсініксіз  тілмен  сөйлеуі  де  кейін  оны  ұлт  тіліне 
бейімдеуі  де  буржуазияның  өз  пайдасы  еді.  Мысалға,  крепостной  дәуірі  мен 
капитал дәуірін еске түсіріңіз). 
Біз  тілді  палеонтология  жолымен  тексереміз.  Мұның  аты  бөлшегіне  қарай 
отырып,  бүтінін  табу  (Бұл  мамонт  айуанын  қалай  тапқанымызды  еске  түсіреді). 
Мысалы, әтеш, ата+ш – әтеш
Сөз ұзарып та, қысқарып та тұрады: қазақтың бала-шаға дегеніндегі «шаға»-
сы  бала;  бала  –  кішкене,  үлкен  емес,  балалық  пен  кішкенелік  байланысты,  бұған 
қапшық,  үйшік,  кішкене  дегендегі  -шық,  -кен  қосымшалары  туған,  шаға 
қысқарған.  Осы  күнге  шейін  түрікпендер  баланы  шаға  дейді,  монғолдар  шаған 
дейді. 
Екі  тілдің  арасындағы  байланысқа  қарап,  салыстыра  отырып  тіл  тарихын 
білуге  болады.  Орақтың  түбірі  «ор»  екенін  ескеріп,  пышақ  дегендегі  -ақ 
қосымшасын қопарып алып, пыш түбірін қалдырып, оның мағынасының пішпіс 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет