Бұрын есім сөз бен етістік сөз ажыратылмаған: ат деген сөз бен
атта деген
сөз бір болған.
Ат=ат+та=ат бол (ол кездегі түсінік конкрет болған:
Аттығы
бар адам – ат болуға жарайтын).
Жылы – сын есім,
жылы – етістік. «
Жазу» әрі есім, әрі етістік (бұрын). Бір
ғана
керек деген сөздің бірде етістік, бірде есім болуын қосымшасынан байқаймыз.
Мысалы:
керекті – етістік,
керегі жоқ – есім.
Полиазият (Азияның солтүстігіндегі халық) тілінде қосымшаларының түріне
қарай бір сөздің өзі бірде етістік, бірде есім болады.
Конкрет түсінуге байланысты айтарымыз: бұрынғы ұйғыр тілінде
жел деген
мағынада
есін сөзін қолданған.
Есіне = есін+е = жел болу (
жел есті деген тіркесті
еске түсірейік).
«
Есіне» сөзінің құрылысы ойна деген сияқты:
ой+н+а – есін+е; а = е;
Таңырқады – таңқалды; таңыр=таң+ыр=тәң+ір; Таң=аспан бөлегі; ір –
аспан. Бұрын адам өзін кішкене дүние деп есептеген. Бет-ауызды аспанға ұқсатқан
бет –
таң атып келе жатыр. «
Таң қалу» деген тіркесті кейде қысқартып
таңырқау
дейміз.
Ұятсыз деуді
бетсіз деуімізде де осы конкреттік бар. Бұл қолданыстың да
ым тілінен шыққандығы байқалады (бетін сызу – ым тілінен қалған қалдық; заттық
көрсеткіші (материальное выражение) – бет.
Достарыңызбен бөлісу: