(инені пісіп алды) деген етістіктермен жақындығын ескеріп, ақырында орақ дегендегі ақ пен пышқы дегендегі -қы қосымшаларының еңбек құралын атайтын
аффикс екенін білеміз де, пісетін, кесетін, пішетін, тесетін құралдар жайындағы
ұғымдар бұрын бір болғандығын байқаймыз. Ол заманда бірінің орнына бірінің
жүре беретіндігін, келе-келе мағыналарымен бірге сол сөздердің өзі де лайықты
түр тапқанын аңғарамыз (біз бен піс), бір айырмасы есімдерде з-ның, етістіктерде с қосымшаларының болуы ғана; біз, піс; кез(дік), кес. Алтайда кездік дегенді кестік дейді. Кезе: кез+е. Қасық дегендегі -ыққазық дегендегі -ық сияқты, бұл да
қазудан алынған. Чувашта пышақ дегенді пізе дейді. Мұндағы е пышақтың
соңындағы -ақ жұрнағына тең: піз-піс; Біздің етік тігетін бізіміз, осы піс. Біздегі
шапқы, жонғы дегендегі -қы, -ғы, татардың пышқы сөзінде кездесетін -қы; Бұл
қосымша біздің пышақ дегеніміздегі -ақ. Түрік сүңгі дегенді сүңгек дейді, ол сүйек мағынасында. Бұндағы -ақ пен -екпышақтағы-ақ (құрал үстеуі). Сөздің шығуын
зат міндетімен салыстыру керек. Пышақ, пышқы, біз дегендер – бір күнде шыққан
емес, әр кезеңнің жемісі. Бұған қарап отырып, бізге жақын тіл мен өз тілімізді
салыстырғанда масақ сөзінің басқаларда бачақ болуын, соңындағы -ақ қосымшасын алып тастағанда түбірде мас қалатынын көреміз, сөйтіп ерте заманда