Батыр елдің сәулеті (өлкенің батырлары туралы)


Мәмбетұлы Байұзақ датқа (1789



Pdf көрінісі
бет33/43
Дата06.01.2022
өлшемі2,45 Mb.
#14421
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   43
Байланысты:
Baidalieva batir eldin sauleti.pdf

Мәмбетұлы Байұзақ датқа (1789-1864) 
 
Ұрпаққа ісің-үлгі, Атың-Ұран! 
Абырой суси қоймас тақымыңнан! 
Күн туса қысыл-таяң, жалынша ойнап, 
Жақ етіп шығардайсың шатырыңнан. 
 
Т.Сарыбайұлы 
 
Байұзақ  Әулиеата  қаласының  маңындағы  Талас  өзенінің  жағасында  атақты 
батыр Мәмбет Күнбасұлының отбасында 1789 жылы дүниеге келеді. Байұзақтың 
әкесі  Мәмбет  болса  Абылай  ханның  жорықтасы  батыр  болған  кісі.  Жоңғар 
басқыншыларына қарсы күресте ерлігімен көзге түскен Мәмбет батырға Абылай 
хан Керей елінің Көшебе аталығынан Байзақтың Жәмила атты қызын өзі ұзатады. 
Сол Жәмиладан бір ұл дүниете келіп өз атасының құрметіне  оған Байұзақ деген 
есім беріледі. 
Шежіреші  қарттардың  айтып  таратқан  әңгімесіне  қарағанда:  Шымырдан 
тарайтын Күнбастан – Мәмбет және Сарт есімді екі бала болған. Мәмбет бес әйел 
алған. Оның біріншісінен – Жүндібай, Өтеу, Өтеш, Бизақ, Шәңкөз, Билібай атты 
алты  бала  тарайды.  Екінші  әйелінен:  Алып,  Бошай,  Ілебай  тарайды.  Мәмбеттің 
үшінші әйелі Жәмиладан – Байұзақ пен Бәйтерек дүниеге келеді. 
Кезінде Төле би түбі бір туыс қырғыз-қазақ соғысын ушықтырмас үшін қыз 
алысып,  қыз  берісуді  қалайды.  Міне,  осы  Абылай  ханға  көп  жыл  серік,  Бұхар 
жырау жырына арқау болған соғысқа қатысқан Жаңабай Мәмбет қырғыздың бір 
текті  қызын  бітімшілікке  алады.  Абылайдың  немересі  Кенесаарының  сенімді 
серігі  болған,  Қоқан  және  Ресей  отаршыларына  қарсы  талай  қырғын  айқастарда 
көзге түскен батыр Байзақ датқа осы қырғыз қызынан туған еді. 
Байұзақтың кіндігінен  бірінші әйелінен  - Төрекелді, Мұса есімді екі бала ал, 
екінші  әйелінен-  Қабылбек  (болыс  болған  кісі),  Зәуірбек,  Иманбек,  Сүгірбек, 
Мүсірепбек  тарайды  (Ел  оны  Байұзақтың  бес  бегі  атап  кеткен).  Байұзақтың 
үшінші әйелі тоқалдан Ақмолда, Ыса, Ахмет туылған. 
Бала  Байұзақ  әлі  Ресейдің  қарамағында  көшпеген  Қоқан  хандығының 
Тәуелсіздік  жағдайында  ержетеді.  1821  жылы  Аспандиярұлы  Рүстемнің 
басшылығымен  қазақ  шаруалары  мен  егіншілері  басын  қосқан  12  мыңға  тарта 
адам  қатынасқан  көтеріліс  басталады.  Бұл  көтерілісті  Қоқан  хандығы  басып-
жаншып бас көтерерлерін аяусыз жазалайды. Осы көтеріліске қатысқан Қойгелді 
батырдың немересі Жампоз датқаны уландырып өлтіреді. Көтеріліске қатынасқан 


 
100 
Байұзақтың ағасы Бизақ та осылай қаза табады.  
Көтеріліс  басылған  соң  Шымыр  руының  беделді  адамы  ретінде  Қоқан 
хандығы  Байұзақты  өз  руластарына  датқа  етіп  тағайындайды.  Ол  сол  кезде  XIX 
ғасырдың  30-60  жылдары  Оңтүстік  Қазақстандағы  ең  ықпалды,  беделді  адам 
болды. 
Байұзақ  датқа  болып  сайланғанымен  көп  жағдайда  Қоқан  отаршыларының 
әмірін орындай бермеді.  
Ол  Қоқан  хандығының  ауыр  салықтар  салып  елді  езуіне,  көпе  көрнеу 
зомбылықтар  жасап,  тонауына  қарсы  тұрды.  Бұл  туралы  жазушы,  журналист 
Бақтияр  Әбілдаұлы  өзінің  тарихи  шығармасында  Байұзақ  датқаның  өмір 
кезеңдерін тамаша етіп баяндаған, сондықтан оны қайталап жазуды жөн санадық 
Б.Д).  
Б.Әбілдәбектің суреттеуінше: Байұзақ датқа – ұзын бойлы, ірі денелі, сүйегі 
берік,  батыр  тұлғалы  жан    болған  көрінеді.  Семізге  де  арыққа  да  жатпайтын, 
денесін  жетпіс  беске  келсе  де  тік  ұстайтын  еңкіш  тарпаған,  жүзінен  нұры, 
қолынан қайраты кетпеген қара торы кісі екен. 
1858  жылы  қоқандықтарға  қарсы  көтеріліс  кезінде  Байұзақ  датқа  Шымкент 
маңындағы  көтеріліс  басшылары  Мәделіқожа  мен  Рысқұлбек  батырлармен 
байланыс  жасайды.  Сол  жолы  ол  қоқандықтардың  алып  кел,  шауып  келі  зекет 
жинаушы зұлым  Мырзабиді өлтіреді. Сол сияқты Байұзақ датқа Тоқмақ, Бішкек 
түбінде де қоқандықтарға қарсы шайқасады. 
1860  жылы  Байұзақ  датқа  патшалық  отаршыл  генерал  Колпаковскийдің 
әскерлеріне  қарсы  Алматы  түбінде  болған  соғыс  қимылдарына  қатынасады. 
Байұзақ  қазақтардың  мүддесін  қорғай  отырып,  тәуелсіз  саясат  жүргізуге 
ұмтылады.  Отаршыларға  қарсы  күресте  Абылай  ханның  немересі  Кенесары 
Қасымұлының  сенімді  серігіне  айналады.  1841  жылы  оның  сарбаздары 
Кенесарының  қолына  қосылып  Қоқан  хандығының  бірнеше  бекіністерін  алады. 
Одан соң Созақ аймағын азат ету соғысына қатынасады. 
Тарихтан  белгілі  1846  жылдың  басында  Кенесары  хан  сарбаздарымен  Іле 
өзенінің  мұзынан  өтіп  Жетісу  жеріне  кіреді.  Ол  осы  өңірдегі  қазақ  ауылдарына 
үндеу  таратып,  Ресей  отаршыларына  қарсы  күреске  шақырады.  Мұнда  оған 
Байұзақ  Мәмбетұлы,  Белқожа  би,  Медеу  би,  Құдайберген  датқалар,  сондай-ақ 
Сыпатай  батыр  және  Ұлы  жүздің  басқа  да  ру  басшылары  қолдау  көрсетеді. 
Кенесары  хан  қырғыздардың  Жанғараш,  Жантай,  Тыналы,  Төрегелді  секілді 
ықпалды  адамдарына  елшілер  жіберіп  Ресей  отаршыларына  қарсы  күреске 
шақырады. Алайда қырғыз көсемдері Кенесарының бұл ұсынысынан бас тартады. 
Бұған кектенген Кенесары қырғыздарға үш рет шабуыл жасайды. Соңғы шабуыл 
кезінде  Кенесары  Байұзақ  датқамен  бірге  қолға  түседі.  Қырғыздар  Кенесарыны  
інісі Наурызбаймен бірге айуандықпен өлтіріп, Байұзақты (қырғыздарға күйеу әрі 
жиен болғандықтан) босатып қоя береді. 
1864  жылы  Байұзақ  датқаны  Қоқан  хандығының  аталығы  Әлімқұлдың 
бұйрығымен Шымкентке алдап шақырылады. 
Әлімқұл  –  алғаш  молда  ретінде  атты  шыққан,  кейін  Құдияр  хан  тағынан 
тайдырылғанда баласы Сейітке аталық сайланады (Сейіт ол кезде небәрі 12 жаста 
болған).  Хандыққа  толық  билікке  ие  болған  Әлімқұл  Қашқарды  бағындырады. 
1864  жылдың  көкек  айында  Черняевтің  әскеріне  қарсы  соғысады.  Ол  қазақ 
халқының ұлт-азаттық күрестерін басып жаныштап отырған.  
1841  жылы  Абылай  ханның  немересі  Кенесары  хан  Оңтүстік  Қазақстанға 


 
101 
келгенде, оны Мәмбет батырдың бел баласы Байұзақ датқадан көп қолдау көреді. 
Кенесары ханның қарамағындағы 20 мың жауынгердің бір бөлігі осы Мәмбетұлы 
Байұзақ  датқаның  қарамағындағы  елден  жиылған  шымырлардан  құралды. 
Тарихшы  Ермұхан  Бекмахановтың  «XIX  ғасырдың  20  -  40  жылдарындағы 
Қазақстан» атты монографиясында Кенесары Қазақстанның Оңтүстігіне келгенде 
оның  сарбаздарына  келіп  қосылған  Ұлы  жүз  жасақтарын  Байұзақ,  Тойшыбек 
сияқты батырлар басқарғандығынан тарихи деректер келтірген. 
Байұзақ  батыр  Қоқан  басқыншыларына,  орыс  отаршылдарына  қарсы 
әлденеше  дүркін  үлкен  азаттық  күрестерді  бастады.  XIX  ғасырдағы  отызыншы, 
қырықыншы, елуінші жылдары Қоқан отарлаушыларына қарсы Талас, Әулиеата, 
Меркі  жерлерінде  орын  алған  сан  мың  адамдық  көтерілістерді  Байұзақ  батыр 
басқарған. 
Қоқан хандығы өз билігін қорғап қалуға қолда барының бәрін жасап бақты. 
«Дінсіздерге  қарсы  соғыс»  деген  ұранды  жамылып,  зорлық  еткен  елдің  ең 
жауынгер  жігіттерін  өлімге  айдады.  Осы  бір  соғыстың  халыққа  берер  пайдасы 
жоғын  Байұзақ  батыр  жақсы  түсінді.  Өзінің  атқа  қонған  қалың  қол  сарбаздарын 
бастап Аспара, Сусамыр, Күйік тауларын сағалап алысқа кетті. Мұның бәрін біліп 
отырған  Әлімқұл аталық Байұзақтың бұл әрекетіне қатты ызаланып оны Қоқанға 
шақырды,  бірақ  ол  бармады,  онан  кейін  «орыстармен  келіссөз  жүргізуге  хан 
атынан өкіл етеміз» - деп Шымкентке алдап шақырады. Байұзақ датқа Шым қала 
бекінісіне  аса  сақтықпен  Жауғашты,  Бәйтерек  батыр  бастаған  қырық  сегіз 
жігітпен  келеді.  Байұзақ  бекініске  енген  кезде  хан  өкілі  Нұрмағанбет  датқа 
қақпаны  жапқызып  дайын  тұрған  баскесерлерімен  жігіттердің  барлығын  қырып 
салады.  
Әлімқұл  аталық  Байұзақ  датқаны  және  оның  батыр  серіктерін  жеті  құлаш 
болатын  зынданға  тастатады.  Жауғаш  батыр  –  (бұл  жоңғарлармен  соғысқан 
ботпай Жауғаш батыр емес) атақты Қойгелді батырдың әкесі Сарттың жатырлас 
ағасы Таңатардың немересі болатын. Ол  «Елім» деп  еңіреп, туған  қас батырдың 
бірі болатын. Бұлар сол Шымқаланың зынданында азып-тозып, күн көзін көрмей 
алты ай бойы жатады. 
Алты  айдан  соң  зынданнан  Жамбосын  мен  Жауғашты  шығарып  екеуін 
бірінен  соң бірін асау жылқыларға байлап, пәршек-пәршегін шығарады. Әлімқұл 
осындай  тағылық  жазаман  екі  батырды  Байұзақтың  көз  алдында  өлтірткен  соң 
кезек  енді  Байұзақ  датқаға  келеді.  Дұшпанының  алдында  азып-тозып,  биттеп-
құрттап отырған батырды әжуа етіп: 
-қазы  мен  қартаға,  құйрық-бауырға  бөккен  Байұзақ  датқаның  мойны 
ырғайдай,  биті  торғайдай  түрін  қара.  Бит  те  Алланың  тірі  жәндігі,  қаскөй  кәпір 
жаудың қанына тойса – сауап, - дейді. 
Жүзіне  қан  теуіп,  қос  жанарында  кек  оты  жай  оғындай  жарқ  ете  түсіп 
Байұзақ: 
-Әй сарт, тіліңді тарт! Сен мені кәпір дейсің. Монтансыған арам молда түбің 
қыпшақ  болғанымен,  қазақты  да,  өзбекті  де  қырғызды  да,  қашқарлықтарды  да 
алдаған  айлаңның  аяғы  бір-ақ  тұтам.  Сен  кімге  күлесің!  Аузыңда  Алла 
болғанымен,  қолың  күнәсіз  жандардың  қанына  боялған.  Бұқара  әмірі  Мұзафар 
етегіңнен  алса,  ақ  патшаның  Шернайып  бастаған  қалың  әскері  жағаңнан  алып 
тұрғанда сенің де күнің санулы,- дейді. 
Әлімқұлдың  жендеттері  Байұзақты  кескен  бөрененің  үстіне  орнатылған  үш 
зеңбіректің  оқпағының  аузына  көлденең  жатқызып  басын,  кеудесін,  бөксесін 


 
102 
дәлдеп байлайды. Әлімқұл аташының қолдары көкке жайылып, жыбырлаған аузы 
«Аллаһу акбар!»- деп сақалын сипай береді. Үш зеңбірек бірдей гүрс ете қалды... 
Сол  күні  Иманбек  пен  атқосшы  Мұратәлі  мінген  қос  ат  Әулиеатаға  қарай 
жолсызбен  төтелей  тоқтаусыз  тартты,  әкесінің  алып  денесінен  қалған  қос 
шынашағын қалтасына бет орамалымен әлпештей ораған жас жігіт ағасы Ақмолда 
батырбасына жетуге асықты... 
(Біз  Байұзақ  датқа  мен  Жауғаш  батыр  және  Жанбаосындарды  Әлімқұл 
аталықтың жазалаған тұсын Елтай Мырзатайұлының «Шымыр атаға тағзым» атты 
кітабынан алдық («Ғасыр Ш» баспасы, 2014. 198-201 беттер) 
Әлімқұл аталықтың бұрын көріп, құлақ естімеген тағылық жазасынан қалған 
Байұзақ  батырдың  екі  саусағы  Талас  өзенінің  жағасындағы  қазіргі  Байзақ 
ауданының  орталығы  болып  отырған  Сарыкемер  ауылының  жанына  жерленеді. 
Кейіннен  жерленген  жердегі  қос  саусақ  қазып  алынып,  арнайы  шыны  құтыға 
салынып облыстық тарихи-өлкетану мұражайына қойылады. 
Байұзақ датқа әкесі Мәмбет пен Абылай ханның өсиетін ұстанып қазақтың: 
«арқасын тамға, аузын нанға сүйеу» жолында өмір бойы еңбек еткен. Жергілікті 
халықты  егіншілік  кәсіпке  үйрету  үшін  160  шақырымнан  астам  канал 
қаздырған.Оның  қаздырған  сол  каналдары  әлі  күнге  дейін  халық  игілігінде 
қолданыста.  Каналдардың  жалпы  саны  20-дан  астам.  Олардың  көбі  батырдың 
ұрпақтары  мен  туыстарының  атымен  аталады.  Бұл  каналдардың  біразы  Жуалы 
жерінде  Алатаудың  етегіндегі  Көксай,  Жайлыма,  Ақтоған  аймағында.  Олар: 
«Базарбай  каналы»,  «Ахмет  каналы»,  «Әлімбет  каналы»,  «Медеу  каналы», 
«Әлімқұл  каналы»,  «Жұмабай  каналы»,  «Райыс  каналы»,  «Қабылбек  каналы» 
т.с.с. 
Байұзақ датқа және  оның  ұрпақтары қаздырған каналдар күні бүгінге дейін 
бір қатар егін - жайларды суландыруда. 
         Байұзақ  датқа  әр  каналдың  басынан  су  диірмендер  тұрғызған, 
көпшілікке  арнап  мешіттер  салдырған.  Кейін  кеңестік  кезеңнің  белсенділері 
оларды  қиратып  тастаған,  бүгінде  олардың  орындары  мен  үйінділері  ғана 
сақталған. 
         Байұзақ батырдың батырлығы, даналығы елге жасаған шарапаты ақын, 
жыраулардың жырларына да арқау болған. Мысалы Майлықожа Байұзақ туралы 
былай термелейді: 
 
                                     Өз қарасын көбейткен Байзақты, 
                                     Әлімқұл ұстап оны қылды пенде. 
                                     Жазықсыз Байзақты өлтіргені 
                                     Қоқанның дәулетіне кесір келді. 
                                     Айқын болды қазаққа, 
                                     Батырбек, Байзақ сарын боп. 
                                     Сол қатарлы ерлердің, 
                                     Қара жер кетті-ау бәрін жеп. 
                                     Мәмбет бидің әулеті 
                                     Бес жүз үйлі ел болып, 
                                     Байзақ шықты бел болып, 
                                     Қызыл қанды уыстап, 
                                     Ақмолда шықты ер болып. 
                                     Екі наһан бұлқынып, 


 
103 
                                     Тоғысты Дулат сең болып, 
                                     Таразыға тең болып. 
                                     Үйін бүтін көшірмей 
                                     Ұйқыдан көзі тесілмей 
                                     Өртенген оты өшілмей, 
                                     Елу жыл күн-түн белінен, 
                                     Қылыш-қанжар шешлімей. 
 
Байзақ батыр өзінің Қоқан хандығына барар алдындағы біраз өмірін Жуалы 
жерінің  шығысындағы  Алатаудың  Қырғызстанмен  шектесер  тұсындағы  Көксай, 
ешкітау, Ақмолданың жуғысы, Маймақ Күркіресу маңында өткізген. Бүгінге дейін 
сақталып  қалған  жер-су,  канал  атаулары  сол  кісінің  өзінің,  ұрпақтарының 
есімдеріне  байланысты  қойылған.  Осы  өңірлерде  батырдың  Ахметтен,  Ысадан, 
Зәуірбектен  тараған  ұрпақтары  мекен  етеді.  Олар  өздерін  «атақты  Байзақ 
батырдың ұрпағымыз!» - деп мақтан тұтады. 
Қазақстанның  оңтүстік  өңірінде  Қоқан  хандығына  сол  сияқты  Ресей 
отаршыларына  қарсы  ұлт-азаттық  күрес  ұйымдастырушы,  Тараз,  Жуалы 
аймағында  елді  егіншілікке,  отырықшыландыруға  көп  еңбек  сіңірген  батыр, 
қайраткер Мәмбетұлы Байұзақтың есімі жас ұрпақтың есінде мәңгі қалуы тиіс. 
Ескерту:  Біз,  Байұзақ  батыр  туралы  материал  іздестіргенімізде  бірер 
кітаптарда ол кісіні «Байзақ» - деп жазған ал, бір-екі кітап пен Арыстан Өтеумен,  
Мұқамеджан Әлімбеков жазған қазақ шежірелерінде «Байұзақ» - деп көрсетілген. 
Сондықтан  біз  «Байұзақ»  сөзі  айтыла  келе  «Байзақ»  болып  өзгеріске  ұшыраған 
болуы  мүмкін  деп  топшылаймыз.  Сондықтан  екінші  нұсқаны  таңдап,  біз  де 
«Байұзақ»- деп көрсеттік.  
Бұрынғы  Свердлов  ауданына  Байұзақ  есімі  беріліп,  аудан  орталығы 
Сарыкемердің  кіре  берісіне  1998  жылы  еңселі  етіп  Байұзақ  батырға  ескерткіш 
орнатылды. Бүгінде Байұзақ батырдың ұрпақтары ұлан байтақ республикамыздың 
әр жерінде, атап айтқанда Тараз, Алматы, Сарыкемер, Меркі, Жуалы жерлерінде 
тұрады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет