Батыр елдің сәулеті (өлкенің батырлары туралы)


Дәуітұлы Иса (т.ө. жылдары белгісіз)



Pdf көрінісі
бет30/43
Дата06.01.2022
өлшемі2,45 Mb.
#14421
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   43
Байланысты:
Baidalieva batir eldin sauleti.pdf

Дәуітұлы Иса (т.ө. жылдары белгісіз) 
 
Күллі қазақ бір ту астына біріксе, 
Руын қойып, ағайын боп кіріксе. 
Ұлы жорыққа бастаймыз, 
Туған жерден жауды түріп тастаймыз. 
 
 Төле би 
 
Иса  Дәуітұлы  Жуалы  ауданымыздың  қазіргі  Қосбөлтек  аталатын  ауылдың 
маңында  дүниеге  келген.  Оның  шыққан  тегі  Қаңлы  руынан  тарайтын  «майда 
қаңлы» аталатын атадан. Өмір сүрген кезеңі XVII ғасырдың орта шамасы. 
Сонау бағзы заманада Мыңбұлақ, Құланды, Жуалы атауларынан бұрын бұл 
өлке Қос бөлтек аталады екен. Оның себебі: шығысындаҮлкен Қаратаудың Күйік 
асулары,  батысында  Кіші  Қаратаудың  Құлан,  Шақпақ  белдері  көлденең 
жатқандықтан «Қос бел», «Қос буылтық» атаған «Қос буылтық» сөзі айтыла келе 
Қос бөлтек болып қалыптасқан. 
Осы  екі  белдің  ортасындағы  көк  майсалы  майдам  жазықты  Алатауды 
бөктерлей Күйік асуынан батысқа қарай майда қаңлы, итбас қаңлы, садық қаңлы, 
бақа  қаңлылардаң  ұрпақтары  қатар  жайлайды  екен.  Иса  батырдың ауылы  майда 
садықтар  Қос  бөлтек  ауылының  жоғарғы  жағындағы  «Қалабай  шартақ»    -  деп 
аталатын төбенің маңында тұрған. Осы жерде Иса дүниеге келеді. Бұрынырақ бұл 
жер  «Белгі  төбе»  -  аталыпты.  Оған  себеп  осы  төбеден  Күйік  асуындағы  белгі 
төбеге от жағып белгі беріп отырған. 
Исаның бала кезден дене бітімі бөлек, өзі құралпы балалардан ерекшеленіп 
тұратын  болыпты.  Жеті  –  сегіз  жасында-ақ  өзінен  едәуір  үлкен  бозбалалармен 
белдесуге шығып, жыға беретін көрінеді.  
Он  екі  жас  шамасында  бала  Иса  шешесі  екеуі  Аса  жақтағы  қара  манастық 
нағашыларына барады. Нағашы атасы қуанып қарсы  алады. Жиенім келді, - деп 
мал  сойып  көрші-қолаңды  шақырады.  Кешке  ет  желініп  болған  кезде  Иса 
дастарханда жатқан тоқпан жілікті жұдырығымен ұрып сындырады.  
Нағашы атасы жиені ауылға қайтар кезде қолына құрық ұстатып. 
-Ал, балам! Үйірдегі қалаған жылқыңды ұстап ал, мінгізгенім болсын,- дейді 
Исаны  сынамақ  болып.  Иса  атасы  берген  құрықты  алмай  жүген  ұстап  жылқыға 
барады.  Үйірде  жүрген  бір  күрең  айғырды  жалынан  тырп  еткізбей  ұстап,  жүген 
салып, мініп алады. Жиенінің ептілігі мен білектілігіне разы болған нағашы атасы 
жиені Исаға сол күрең айғырды үйірімен беріпті. 
Иса  он  алты  жасқа  келгенде  әлгі  күрең  айғырдың  үйірі  көбейіп  бір  табын 
жылқыға  айналады.  Жылқылар  Қос  бөлтектің  сазында  емін-еркін  жайылып 
жатады.  Мұны  байқаған  қырғыздардың  барымташылары:  бағып  жүрген  жас 
баладан  басқа  ешкім  жоқ,    айдап  алайық,  -  деп  бес-алты  адам  болып  жылқыға 
тиеді.  Мұны  көріп  қалған  Иса  шетте  жайылып  жүрген  бір  құнанды  ұстап  алып 
барымташылардың соңынан қуып береді. Иса қуып жеткенін ұрмай-соқпай аттан 
аударып  тастап  кете  береді.  Жас  баладан  осылай  масқара  болған  әлгі 
барымташылар  келесі  жолы  он  бес  шақты  адам  болып  қаруланып  келеді.  Иса 
қайтадан  сол  құнанға  міне  салып  барымташылардың  соңына  түседі.  Қуып 
жеткенін жеткендей құрықпен ұрып баудай түсіреді. Күркіресудың асуына жетпей 
Иса  бар  жылқыны  оған  қоса  барымташылардың  аттарын  ауылға  айдап  қайтады. 
Сол оқиғадан соң Исаны қырғыздар «Құнан мінген батыр»,  «Құнан батыр» атап 


 
91 
кетеді. 
Майда  қаңлылардың  бір  топ  жасақтарын  Иса  батыр  Күйік  асуындағы  белгі 
төбеге қарауылдыққа қояды. Жау көрінген жағдайда олар Белгі төбеден от жағып 
Қалабай шартақтағы Иса батырдың жасағына белгі беретін болған. 
Әсіресе  Қос  бөлтек  аймағына  шабатын  жау  шығыс  жақтан  келетін 
болғандықтан  Иса  батыр  осылай  жасаған.  Әрі  сол  кезде  «Қиын  асу»  аталатын 
Күйіктен  жолаушылардың  ары-бері  өткен  керуендердің  қарақшы,  ұрылардан 
аман-есен өтуін қаматамасыз етіп отырған. Сол кезде ел аузында: «Майда барсаң 
Иса бар, қаңлының қолын сол бастар» - деген сөз қалған. 
Шежірешіл  қариялар  Майда  қаңлыны  былай  тарқататын:  Шобаннан 
тарайтын  Итбас  баламыз  дәулетті  батыр  кісі  болған.  Дене  бітімі  төртбақ  келген 
басы дәу кісі екен. Содан Итбас атаныпты. Бабамыздың төрт әйелі болған олардан 
тараған ұрпақ қызыл қаңлы аталады. Ал, төртінші әйелі байсалды, салиқалы майда 
тілді  кісі  екен.  Ол  кісіден  тараған  ұрпақ  Майда  қаңлы  атаныпты.  Майда  қаңлы 
қаңлының ұшы, әрі қарай қаңлы жоқ –деп айтылады. 
Майданың  үш  баласы  болған.  Байқара,  Тайқара,  Тоңаша  (Тоңашаны 
Тайынша деп те атаған). 
Байқара  қырғыз  қолымен  бірге  жоңғарларға  қарсы  соғысқан  айтулы 
батырлардың  бірі  болыпты.  Ол  кісі  Қырғыз  жерінде  бір  таудың  етегінде 
жараланып,  қаза  болады.  Інісі  Тайқара  оны  сондағы  бұлақ  басына жерлеп,  белгі 
қояды.  
Ал кішісі Тоңаша жоңғар соғысында мерт болады. Сүйегі кіші жүз жерінде 
жатыр-делінеді. 
Тайқарадан Дәуіт, Дәуіттен Иса батыр туылған Исаның кіндігінен ұрпақ жоқ. 
Сол жаугершілік заманда: «Осы Әулиеатадан бергі аймақта атақты үш батыр 
болған.  Оның  бірі  қызыл  қаңлыдан  шыққан  Қойгелді  батыр,  (бұл  шымыр 
Қойгелді  Сартұлы  емес)  екіншісі  Итбас  қаңлыдан  шыққан  Сыдық  батыр,  одан 
кейін  майда  қаңлының  қолын  бастайтын  Иса  батыр.  Бұл  үшеуінен  өткен  бұл 
төңіректе  ержүрек  батыр  болған  емес»  -  деп  әңгімелейтін  қара  манас 
Құттымбетқызы Түрлікүл деген кісі.  
Иса  батыр  туралы  Әбдіғаппар  қожа  айтты  деген  бір  ауыз  өлең  сақталып 
қалған. Ол төмендегідей: 
 
Астында теңбіл көгі ойқастаған, 
Майда барсаң Иса бар қол бастаған. 
 Туған елдің сақтаған тыныштығын, 
 Туған жерін қызғыштай қорғаштаған... 
 Күзетіп қасқа жолды қас қақпаған, 
 Күйіктен  жауын  бері  аттатпаған...  (Бұл  өлең  жолдары  Парманқұлұлы 
Ерболдың аузынан жазып алынды). 
Сол  заманда  Күйік  асуынан  ары-бері  өту  әсіресе  бағалы  заттары  бар 
керуендерге, жолаушыларға мұң болады. Сондықтан олар бұл жерді «қиын асу»  - 
деп  атап  кетеді.  Осы  асудың  жықпыл-жықпылын  ұры-қары,  қарақшылар 
торуылдап  керуендерді  тонап  отырған.  Мұндай  қарақшылықты  тыю  үшін  Иса 
батыр  асудың  қатерлі  деген  жерлеріне  күзет  қояды.  Қайыңсай,  Ұрысай  деген 
шатқалдардағы қарақшылар ұясына тұтқиылдан шабуылдап оларды түгел жойып 
жібереді. Сөйтіп Қиынасудан жүргіншілердің алаңсыз өтуіне жол ашылады. Және 
асудағы тыныштық көп уақытқа дейін сақталып қалады. 
Иса  батырдың  және  бір  ел  аузында  айтылатын  ерен  ерлігі  Маймақта 


 
92 
қырғыздармен болған ұрыста көрініс табады. Ол көк теңбіл арғымағымен жаудың 
қолын  қақ  жарып  өтіп,  артындағы  жасағына  жол  ашып  береді  де,  ту  сыртынан 
келіп  ұрыс  салады.  Екіге  бөлініп  қалып  қатты  сасқан  жаудың  бір  бөлегі  қырға 
қарай, екінші бөлегі ойдағы күркіреген өзенге қарай қашады. Исаның жасақтары 
жаудың  қырға  қарай  қашқандарын  тау  асыра  қуалап,  ойға  қашқандарын  суға 
тоғытып  қырғын  салады.  Қолға  түскен  қырғыздардың  батырын  биік  дөңнің 
үстіндегі  бағанаға  байлатады  да  түбіне  биік  етіп  тас  үйгізеді.  Жау  батырының 
басын үстіндегі тастан қылтитып шығарып қояды. Сөйтіп Иса қырғыз батырына: 
-Мына  жер  екі  елдің  шекарасы  болады.  Екі  елге  тағы  да  іріткі  салып  осы 
жерден  бір  қадам  біздің  бейбіт  елге  қарай  аттасаң  басың  кетеді.  Жасақтарыңа 
осыны  айт!  Енді  шекара  бұзатын  болсаңдар  үйілген  тас  орнына  сендердің 
бастарың тұрады, - деп қатаң ескертеді. 
 Иса батырдың қатыс болуы жөнінде екі нұсқадағы болжам айтылады. Оның 
біріншісі:  Арқа  өңірінде  жоңғарлармен  болған  соғыстың  бірінде  қатты 
жараланып,  жат  жерде  қалып  қояды.  Әкесі    Дәуіт  келіні  мен  інісін    Исаның 
артынан  жібереді.  Олар  Исаға  жолығып  алмас  қылышын  жасырып  елге  алып 
келеді.  Батырдың  бұдан  арғы  тағдыры  бізге  беймәлім.  Арқа  жақта  ол  алған 
жарақаттан дүниеден өтіпті,- деп баяндалады. 
Иса батырдың қайтыс болуы туралы әңгіменің екінші нұсқасы батыр қырғыз 
манаптарының  қолынан  қаза  тапқан  делінеді.  Оқиға  шамамен  былай  болған 
деседі:  Ыстық  көлдің  жағасында  болған  соғысқа  Иса  батыр  екі  мың  жасақпен 
барады. Қырғыздардың құрған жоспары Иса батырды осы соғыста қалайда көзін 
жою  болады.  Манас  шоқысының  етегінде  бес  жүздей  жасақты  жасырын  қояды. 
Иса батыр Ыстық көлге басқа жолмен өтіп  жеңіспен  елге  оралады. Елге  жеткен 
соң жасақтарын таратып небәрі отыз шақты нөкерімен аулына түседі. Осы кезде 
Шақпақ жолына қойылған қырғыздар келіп ауылды қоршап алады. Олар: 
-Құнан  батырды  ұстап  берсеңдер  ешкімге  тимейміз,-  дейді.  Тең  емес  күшке 
төтеп  беру  мүмкін  емес  екенін  сезіп  Иса  батыр  қырғыздарға  беріледі.  Алмас 
қылышын,  сауыт-сайманын  теңбіл  көк  арғымағын  ағайындарға  тапсырып  жау 
тұтқыныда  кете  барады.  Иса  батыр  елге  қайтып  оралмайды.  Оқиғаның  қалай 
аяқталғаны ешкімге белгісіз күйде қалады. 
Исаның  алмас  қылышы  бабалардан  жалғасып  батырдың  қазіргі  ұрпағы 
Парманқұлдың  (Помаш)  қолына  тиеді.  Қылыштың  бұдан  кейінгі  тарихын 
Помашұлы Ербол былай баяндайды: 
-Әкем  Парманқұл  қылышты  кеңестік  белсенділердің  қуғын-сүргінінен 
қорқып  көз  көрмеске  жасыруды  ойлайды.  Жасырар  алдында  тот  басқан  темірді 
қылышпен ұрып көреді. Темір екіге бөлінеді де қылыштың жүзі майырылмастан 
сол  күйінде  қалады.  Парманқұл  қылышты  жалпақ  қайыппен  ықтияттап  орап 
сыртын терімен бүркеп жасыруға алып кетеді. Мұның бәрін апам есік жәрегінен 
сығалап  көріп  тұрады.  Содан  алмас  қылыш  қайда  жасырылғаны  белгісіз  күйде 
қалады.  Апай  айтады:  -  Құдай  біледі  қылышты  Иса  батырдың  бастауының 
төңірегінен іздеу керек» - деп. 
Иса  батырдың  алмас  қылыштан  бөлек  бір  сандық  көне  кітаптары  болған. 
1936 жылы Парманқұл жаңа заманның бет алысынан сескеніп Әбдіғаппар қожаға 
барып ақылдасады. Сандықтағы кітаптардың ішінде өте сирек кездесетін бағалы 
Әль-Фарабидің  кітаптары,  арапша  жазылған  тарихи  кітаптар,  шежірелер,  құран 
кітаптар  болған  екен.  Осы  кітаптардың  барлығын  Әбдіғаппар  қожа  буып-түйіп 
қоржынға, қапқа салып есекке артып, бір түнде белгісіз бағытқа жүріп кетеді. Үш-
төрт  ай  өткенде  жаяулатып  қайта  оралған  Әбдіғаппар  кітаптарды  Өзбекстанға 


 
93 
жеткізіп, сенімді кісіге апарып тапсырғанын айтады... 
Сонымен  Иса  батырдан  қалған  баға  жетпес  екі  жәдігер  де  осы  күнге  дейін 
беймәлім күйде қалып қояды. 
Иса  батырдың  көзі  тірісінде  отырған  соңғы  қонысы  қазіргі  Қос  бөлтек 
ауылының  батыс  жағындағы  сайдың  сол  жақ  қабағында  болған  екен.  Қазір  сол 
сайдың жағасында нешеме жылдардың көзін көрген көне қара талдар тұр. Соның 
жанында Иса батырдың бастауы аталатын бастау бар. 
Бастаудың  суын  кезінде  ел  қасиетті  санаған  көрінеді.  Жорыққа  аттанғанда 
жауынгерлер осы бастаудан торсықтарына су алып аттанады екен. 1905 жылдары 
бұл  жерге  орыс  переселендері  келеді.  Кейін  батыр  ұрпағы  Қызыл  ту  колхозы 
болып ұжымдасып темір жолдың үстіне қарай көшеді.  
Иса  батыр  бастауының  маңынан  Парманқұл  үй  салып,  канал  қазып  етек 
жаққа  қауын-қарбыз  еккен.  Орыстармен  етене  араласып  бірге  тұрған 
Парманқұлды олар «Помаш» (помощь) атап кенткен. 
Иса  батырдың  ұрпақтары  сол  Қосбөлтек,  Көктөбе  ауылдарында,  Тараз, 
Алматы қалаларында тұрады. 
Біздің Иса батырды қайта тірілткендей осы мақаланы жазуымызға Қосбөлтек 
ауылының  тұрғыны  Иса  батырдың  ұрпағы  Ербол  Помашев  деген  азамат  көп 
көмек  жасады.  Иса  батырдың  табаны  тиген  Шойбек  төбе,  Қарауыл  төбе, 
Қалабайдың шартағы, Исаның бастауы деген жерлерге апарып көрсетті. 
Ел аузында ерлігі аңызға айналған Иса Дәуітұлы өмір сүрген кезеңі жоңғар 
шапқыншылығы  тұсында  он  сегізінші  ғасырдың  шамасы  деп  білеміз.  Ауызекі 
айтылған аңыз, әңгімелердің бәрі де соған саяды, Иса батыр қатысқан шайқастар 
қырғыздармен жоңғар басқыншыларымен болғандығы баяндалады. 
Иса  Дәуітұлы  –  ел  тыныштығын  жоңғарлардан  қорғап  барымташылық, 
қарақшылық сияқты ел ішінде іріткі салатын әрекеттермен аяусыз күресіп, туған 
жердің шекарасын қызғыштай қорғап өткен Жуалы топырағының елжанды, батыр 
ұлдарының бірі. 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет