Қазақстан тарихы



Pdf көрінісі
бет14/42
Дата06.01.2022
өлшемі1,85 Mb.
#14567
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   42
Байланысты:
Қазақстан тарихы

ұлысы (Алтын Орда) Ертiс пен Алтайдан бастап, Дунай өзеніне дейiнгi кең-байтақ 
қыпшақ  жерiн  алып  жатқан.  Оның  құрамына  қазақ  жерлерiнiң  солтүстiк  және 
солтүстiк-шығыс, батыс аудандағы жерлерi кiрдi. Ал, Шағатай ұлысына оңтүстiк 
және оңтүстiк-шығыс Қазақстанды жайлаған қыпшақ, қарахан түрiктерi, қарлықтар 
ендiЖетiсудың солтүстiк-шығыс бөлегi, шығыстан келген наймандар мен керейттер 
орналасқан жерлер мен оның тұрғындары Угэдей ұлысын құрады. 
 
Қазақ  жерiне  жаңа  этникалық  компонент  ретiнде  қоныс  тепкен  моңғолдардың 
жалайыр,  қоңырат,  маңғыт,  барлас,  байрин  тайпалары  болды.  Моңғолдардың 
басқыншылық  саясаты  нәтижесінде  жергiлiктi  халықтың  ата-тегiнен  қоныстанған 
шұрайлы  жерлерiн  тастап  көшiп  кетуiне  апарды.  Түрiк  тайпалары  бөлшектенiп, 
бытыраңқылығын  тездеткен  ел  iшiндегi  өзара  қырқыс  -  соғыстар  мен  бiтiспес 
алауыздық едi. Қазақ жерлерiн моңғолдар жаулап алуы жергiлiктi түркi ру-тайпалардың 
антропологиясында  /бет  пішімінде/  моңғолоидтық  келбетті  тереңдетедi,  уақыт  өткен 
сайын  басқыншы  моңғолдардың  азғана  шоғыры  халық  түрiк  арасына  сiңiп,  түрiктенiп 
кетедi. 
 
Түптеп келгенде, Қазақ хандығының ел болу жолы жанкештi күрес пен қайыспас 
ерлiкке  толы - тарих. Түрлi қилы оқиғаларға қарамастан Қазақ хандығы дәурен сүрген 
заманда қазақ халқы өзiнiң ұлттық төлтумалығын бiржолата орнықтырып үлгердi. Небiр 
шырғалаңды  бастан  кешiрген  қазақ  халқы  өз  хандығының  iргесiн  бекiтумен  ұлттық 
топтумалығын бiржолата орнықтырды. Соңғы екi ғасырдағы отаршылдық бұғауындағы 
ұлттың  жойылып  кетуiнен  сақтаған  тек  жеке  тұлғалардың  табанды  iс-әрекетiнiң 
нәтижесi  ғана  емес,  ең  басты  негiз  төлтума  ұлттық  мәдениетiмiздiң  өмiршеңдiгi  мен 
менталитетiмiздiң  мiнездiгiнде  жатыр.  ¤йткенi  қазақ  хандығы  кезiнде  қазақ халқы ұлт 
ретiнде  өзiнiң  моральдық-этикалық  қалыптарын  бiржолата  шегелеп  алған  едi. Дәл осы 
кезеңде  Тәңiрiнiң  өзi  тiлеулес  болғандай  арқалы  өнер  түрлерi  төлтума  болмысын 
қалыптастырды.  Бұл  орайда,  көшпелiлер  мәдениетiнiң  дара болмысына айғақ болатын 
сөз  өнерiн,  музыка  өнерiн  және  қолөнерiн  айрықша  атап  өткен  жөн.  Асан  Қайғыдан 


 
56 
бастап  Махамбетке  дейiнгi,  Жиреншеден  бастап  Сырымға  дейiнгi  тау  суындай 
тасқындап,  таңғы  шықтай  мөлдiреген  сөз  өнерiнiң,  арқалы  поэзияның  қадiр-қасиетi 
қазақ халқының рухани  игiлiгi  десек әсiре сөз емес. Қазақ хандығы тұсында бес мыңдай 
күй  (аспапты  музыка)  дүниеге  келiптi.  Күйдiң  тiлiн  түсiнiп,  аңызын  тыңдаған  жан 
ұлттың жүрек тебiренетер әуенiне айналған шежiрелi тарихына куә болар едi. Бұл кезде 
баяғы  Сақ,  Скиф,  ғұн  заманындағы  қолөнер  мұраттары қайта жаңғырып, алтын үзiктi, 
жез  құрсаулы  киiз  үйлер  жасала  бастады.  Әсiресе, сақтардың аңдық өрнегi (звериный 
стиль)  ғасырлар  тұңғиығынан  қайтып  оралғандай  болып,  көшпелi  қазақтардың 
күнделiктi  тұтынатын  заттарынан  бастап,  бейiттiк  құрылыстарға  дейiн  мүлде жаңаша 
сапасымен, төлтума қасиетiмен көрiне бастады. 
 
 Ең  кереметi  көшпелi  мәдениетi  алдымен  қоғамдық-әлеуметтiк өмiрдi реттеуге 
қызмет  еттi.  Материалдық  және  рухани  мәдениеттiң  қандай  түрi  болсын  тек  қана 
қоғамдық-әлеуметтiк  өмiрдiң  сұранымына  орай,  белгiлi  бiр  ситуацияға  байланысты 
дүниеге  келiп  отырды.  Асан  Қайғылар  айтар  сөзiн,  ағытар  жырын хан-қара, би-төреге 
арнап  айтты.  Ақан  серiлер  ең  бiр  жүрек  жарды  әнiн  Құлагерiнiң  басын  құшақтап 
отырып шығарды. Бармағы майысқан шебер ұсталардың қолынан шыққан қайталанбас 
өнер  туындылары  күнделiктi  тұтынатын  затқа  айналып  отырды.  Еуроцентристiк 
көзқарас аясына сыймайтын көшпелiлердiң айрықша бұл болмысына осы уақытқа дейiн 
сол  (орыстық)  “эстетиканың”  қалыбымен  қарап  келдiк. Ондай қалыптың үлгiсi белгiлi, 
көшпелiлер  феноменiн  айғақ болар рухани құбылысты, әрi кетсе “утилитарлы, алғашқы 
қауымдық өнер” деп бағалау орныққан. Ал, шын мәнiнде көшпелiлердi өнер деңгейiнде 
өмiр  сүрген  деп  ойлау  ешкiмнiң  де  қаперiне  келген  жоқ.  Салт  атты  көшпелiлер 
өркениетiнiң  дәл осы қасиетi мен мазмұны жалпы адамзаттық өркениет аясында ерекше 
құбылыс ретiнде зерттелiп, танылуға лайық. 
 
3.  Кеңес  мемлекетi  кезiнде  ғылымда  бағаланбай  тiптi,  бағалануға  тыйым 
салынған  қазақ  тарихының  мазмұнға  бай  және  маңызды  проблемаларының  бiрi 
жүздердiң  пайда  болу  тарихы.  Көшпелi  өмiр-салтындағы  ру-тайпалардың  ғасырлар 
бойғы  мол  тәжiрибесiнiң  нәтижесiндегi  көшi-қон  бағыттары  тұрақты  әрi  тиiмдiлiкке 
негiзделген.  Осындай  этникалық-саяси  және  экономикалық  ерекшелiктер  бiздiң 
өңiрiмiзде  iрi-iрi  үш  этникалық-территориялық  бiрлестiктердiң,яғни,  Ұлы,  Орта,  Кiшi 
жүздердiң  қалыптасуына  әкелдi.  Жүз-ру  тайпалық  бiрлестiктердiң  әлеуметтiк-
шаруашылық 
мүдделерiн 
қанағаттандырған 
қазақ 
халқының 
эволюциялық 
құбылысындағы  тарихи  үрдiстiң  бет-бейнесi.  Жүздердiң  құрылу  мезгiлi  және  оның 
жайы ғылымда бiр қалыпты емес, олардың пайда болуы туралы аңыздар қарама-қарсы, 
ал  деректемелердiң  мәлiметтерi  жанама  сипатта  және  бертiнгi  уақытқа қатысты. XIX 
ғасырдың  екiншi  жартысы  -  XX  ғасырдың  бiрiншi  жартысындағы  елiмiздiң  тарихын 
зерттушiлердiң пiкiрiнше  жүздер қазақ халқы құрылғаннан көп бұрын болған.  
 
Сонымен  жүздердiң  тарихи  тұрғыдан  қалыптасуы,  олардың  шығуы  бiр  сәтте 
немесе қысқа мерзiмде болған құбылыс емес. Яғни, Қазақстан өңiрiнде моңғол кезеңiне 
дейiн  түрлi  iрi-iрi  этникалық-саяси  мемлекеттiк  құрылымдардың,  моңғол  жаулап 
алғаннан  кейiн  оның  ұлыстарының,  ал  содан  кейiн  XIV-XV  ғғ.  Ақ  Орданың, 
Моғолстанның,  Әбiлқайыр  хандығы  мен  Ноғай  Ордасының  белгiлi  мерзiмде 
қалыптасып  дамуы  негiзi  болған.  Этникалық  құбылыстар  мен  тiлдiң  ортақтығының, 
негiзiнен  шаруашылықтың  бiртектiлiгiнiң  өзiнде  бытыраңқылық,  көшпелi  немесе 
жартылай  көшпелi  өмiр  салтының  ерекшелiгi,  тайпалар  мен  тайпалар  бiрлестiктерiнiң 
экономикалық  өзара  байланыстарын  белгiлi  дәрежеде  шектеп  отырған  ежелден 
қалыптасқан  көшiп-қону  бағыттарының  әсерi  Қазақстанның  кең  байтақ  өңiрiндегi 
этникалық құбылыстарға әсерiн тигiзген. 
 
Жүздердiң  орналасуы  мен  ру-тайпалық  құрамы.  Жүздерге  байланысты  ел 
аузында  сақталған  аңыз-әңгiмелер,  жорамал-өлшемдер  жеткiлiктi.  Осыларға 
салыстырмалы талдау жасағанда жүздердiң орналасқан өңiрi, ру-тайпалық құрамы, өмiр 
салт-дәсүрлерiндегi ерекшелiктер, ұраны мен таңбалары т.б. айқындала түседi. Ұлы жүз 
негiзiнен  Сырдариядан  Жетiсуды  қоса  алғанға  дейiнгi  өңiрдi,  Орта  жүз  -  Орталық 
Қазақстан  және  Солтүстiк-Шығыс  Қазақстанның  бiр  бөлегiн,  Кiшi  жүз  Сырдарияның 
төменгi  өңiрiн,  Арал  теңiзi  жағалауын,  Каспий  маңы  ойпатының  солтүстiгiн  алып 
жатты.  


 
57 
 
Ұлы  жүз  құрамына  ежелден  келе  жатқан  iрi  ру-тайпалар  - үйсiн, қаңлы, дулат, 
албан,  суан,  сiргелi,  ысты,  ошақты,  шапырашты,  жалайырлар  кiрген.  Орта  жүздеде 
ежелгi  тайпалар  баршылық,  бұлар  -  қыпшақ,  арғын,  найман,  қоңырат,  керей.  Ертiсте, 
бәсентиiн деген тайпасының iшiнде қоған-шүрек, бора, шуйе (чуйе), ақтелес руларының 
аттары,  яғни  Батыс  Түрiк  қағанатын  мекендеген  тайпалардың  ұрпақтары  кездеседi, 
осындай  тайпалардың бiрi - уақ руының құрамына кiрдi. Алтайда қарлұқ тайпаларынан 
(ақмарқа,  қарамарқа),  Зайсан  көлi  маңында  оғыз  тайпаларының  (жеменей  немесе 
жебеней болса керек) аттары сақталған.    
 
Халық  аңызына  сүйенсек  Кiшi  жүздiң  ертедегi  аты  Алшын  болған.  Кейiннен 
Кiшi жүз екi атаға - Әлiмұлы және байұлына бөлiне бастады, одан кейiн үшiншi буын - 
жетiру  бiрлестiгi  пайда болса керек. Әлiмұлына  - қарасақал, қаракесек, кете, шөмекей, 
шектi  мен  төртқара;  байұлына  -  адай,  алаша,  байбақты,  берiш,  ысық, жаппас, масқар, 
таз,  есентемiр, шеркеш, тана, қызылқұрт; жетiруға  - кердерi, жағалбайлы, табын, тама, 
рамадан (рамазан), керейiт, телеу тайпалары мен рулары енді. Жетіруға ноғайлы руында 
қосатын  нұсқа  кездеседі,  бірақ  ол  дәлелдеуді  қажет  етеді,  онда  жетірудың  саны 
өзгереді.Жалпы  жүздердiң  қалыптасып  болған  уақыты,  қалай  құрылғаны  туралы 
мәселелер  ғылыми  тұрғыдан  әлi  толық  зерттелмеген.  Деректердiң  денi  жүздердiң 
құрамындағы аталмыш iргелi тайпалардың Қазақстан территориясына қоныстануы мен 
соған сай ежелгi және ортағасырдағы тарихи оқиғаларды қамтыған. Жұтаң болса да хат-
қағаз бетiне түсiрiлген. 
 
Сөйтiп, XV-XVI ғасырлар шамасында негiзiнен жүздердiң қалыптасуы аяқталса 
да  iшiнара  қайта  құралу,  түрлi  өзгерiстер,  этникалық  аталасу  процесi  жүрiп  жатты. 
Ноғайлар  мен  моғолдар  басқа  да  түркi  тайпалардың  әр  мезгiлде  араласып,  қазақ 
халқының  саяси-этникалық  қауымдастық  тұғырын  бекiте  түстi.  Мысалы,  XIV-XV  ғғ. 
қазақ  өңiрiнде  көптеген  жұрттың  көшiп-қонуы  тарихи  деректерде  ерекше  аталған. 
(Темiр  әмiрлiгi  кезiнде  тұрғындар  Жетiсудан Орта Азияға қоныс аударады, Әбiлқайыр 
тұсында  оған  Моғолстаннан  екi  iрi  тайпасы  көшiп  келедi,  маңғыт-ноғайлар  батыстан 
Сырдария  бойына  көшедi  т.б.).  Тарихи  тәжiрибенi  сараласақ,  күнi  кешегiге  дейiн 
көшпелi өмiр-салты мен жетi-аталық үрдiске бейiмделген Үш жүздiк құрылым тек қана 
қазақ  халқының  этникалық  айырмашылығы  ғана  емес,  тамыры  тереңде  жатқан 
қоғамдық қатынастар формациясының өмiршең түрi болып табылады.  
 
Келесi  әрi  маңызды  объективтi  ғылыми  принциптiлiктi  қажет  ететiн  мәселе 
халықтың  этникалық  жағынан  бiр  мемлекетке  топтасып,  оның  шекараларының 
анықталуы  едi.  Қазақ  хандығы  өзiнiң  қалыптасуында  өңiрлес  басқа  мемлекеттерден 
этникалық  негiзi  жағынан  әртектi,  ауқымды  және  бiрыңғай  қоғамдық  талаптарға 
жұмылдырылғанымен  ерекшеленедi.  Моңғол  жорықтарынан  кейiн  тұңғыш рет Шығыс 
Дештi-Қыпшақтың, Түркiстан мен Жетiсудың түрiк ру-тайпа бiрлестiктерi түгелге жуық 
осы бiр мемлекетке бiрiктiрiлген болатын.  
 
Оны  байырғы  Тәңiрлiк  наным-сенiмнен  бастау  алған,  кейiн  сол  классикалық 
көшпелi  өмiр  салтын  қалыптастырған  көшпелiлер  қоғамының  табиғи-жағрафиялық, 
әкiмшiлiк-өңiрлiк  және  шаруашылық-мәдени  ерекшелiктерiне  орай  қалыптасқан 
құрылым деп бiлуiмiз керек. 
 
Үш жүздiк құрылымның тарихи қадiр-қасиетi бұл айтқандармен де шектелмейдi. 
Ең бастысы үш жүздiк құрылым саяси-әлеуметтiк тұтастықтың, мемлекеттiк бiрлiктiң, 
далалық  демократияның  үлгiсi  (моделi)  едi.  Бұл  орайда,  үш  жүздiк  құрылымға 
бағытталған көшпелi өмiр салт аясында тарих сахнасына шыққан мемлекеттердiң бiтiм-
болмысын  танып-түсiнуге,  төл  ерекшелiгiн  саралауға  мүмкiндiк  бередi.  Яғни,  осы 
уақытқа дейiн,  еуропалық үлгiдегi мемлекеттiк құрылымдарға ұқсамағандықтан Еуразия 
көшпелiлерiн  тек  қана  тайпалық  одақтар  бiрлестiгi  тұрғысынан  түйiндеген  ой-
тұжырымдар шын мәнiнде жұмсартып айтсақ, сыңаржақ методологиялық зерттеу екенiн 
аңғартады. 
 
4.  Бастапқы  кезден  мұнда  шаруашылық  саласы  ретiнде  ғасырлар  бойы 
қалыптасқан  көшпелi  және  жартылай  көшпелi  мал  шаруашылығы,  кейбiр  аймақтарда 
отырықшылық дамыды. Төрт түлiктен-қой, жылқы, түйе болды, ал iрi қара мал тек егiн 
шаруашылығы жетiлген аймақтарда өсiрiлдi. Осы кезде оннан жүзге дейiнгi ауылдардан 
құралған әрбiр ру белгiлi бiр жағрафиялық жер көлемiнде көшiп-қону дәстүрiн ұстанды. 
Жайылымдық  қоныстардың  ара  қашықтығы  оңтүстiкте  200-300  шақырымнан,  ал, 


 
58 
Жетiсудың  ендiк  бағытындағы  далалық  аудандарында  800-1000  шақырымға  дейiн 
созылды.  Қоныс орнын таңдау тек дәстүр мен шаруашылықтың талаптарға ғана емес, 
сонымен бiрге, хандықтағы саяси жағдайға да тәуелдi болды. 
 
¤мiрi  малдың  қоңдануына  бiрден-бiр  байланысты  қазақтың  ру-тайпаларының 
арасында  құнарлы  жайылымдық  жерлер  тапшылығынан  ел  iшiнде  дау-жанжалдар 
туғызып,  тiптi,  қан  төгiстi  қақтығыстарға дейiн апарған. Қыста мал тебiнiп жайылуына 
орай  жем-шөп  дайындауға  қажеттiлiк  болмады.  Қыс  сұрапыл  болған  жұт  жылдары 
малдың  жаппай  қырылып  қалуы  болып  тұрған,  мұндайда  көшпелi  малшылардың 
тақырлана  кедейленгендерi  отырықшы  шаруалардың  қатарын  толықтырған.  Мал 
шаруашылығын  жүргiзудiң  ғасырлар  бойы  қалыптасқан  дәстүрi  сақталып,  үнемi 
жетiлдiрiлiп  отырды.  Аталмыш  саланы  табысты  жүргiзудiң  әдiсi  мен  өнiмдiлiгiн 
арттыруда баяуда болса жаңашылдыққа бағыт алған. 
 
Қазақтардың  негiзгi  тұрағы  киiз  үй  болды,  сондай-ақ,  шаруашылық  құрал-
саймандары  көшпенділiк  өмiрге  жақсы  лайықталған.  Мал  шаруашылығы  көшпендiлер 
тiршiлiгiнiң  негiзгi  бiрден-бiр  көзi  болып  қала  бердi.  Бұл  саладан  қазақтар  өмiрге 
қажеттi  тамақ,  киiм-кешек  пен  аяқ-киiм  материалдарын,  үй  жабдықтары  мен 
жасауларын,  көшiп-қонуға  қажеттi  тасымал  құралдарын  алды.Әсiресе,  жылқы  малы 
ерекше  құрметтелiндi.  Жаугершiлiк  ұрыстары,  ел  iшiндегi  сауық-сайрандарда  т.б. 
қоғамдық қажеттiлiктердi қанағаттандыруда жылқының өтiмдiлiгi басым едi. 
 
Үй қажеттiлiгiнде халық мал өнiмiнiң шикiзаттарынан өздерiне қажеттi заттарды 
өндiрген.  Мысалы,  қой  жүнiнен  киiз  басты,  кiлемдер  тоқыды,  киiм  тiктi,  мал  терiсiнен 
аяқ  киiмдер,  ыдыстар,  ат  әбзелдерiн  т.б.  әзiрледi.  Қазақтардың  натуралды 
шаруашылығында  артық  өнiмнiң  қоры  да  жиналды,  оны  өздерi  мұқтаж  тауарларды 
(астық,  қолөнер  бұйымдарын,  т.б.)  өндiретiн  отырықшы  елдермен  айырбас  жасауда 
пайдаланды.  Бұндай  айырбастауда  орындары  ежелден  белгiлi  қалаларда  (Сығанақ, 
Сауран,  Сарайшық,  Ясы)  дамыды.  Қала  базарларына  көшпелi  малшылар  мал  айдап 
апаратын, терi, жүн, олардан жасалған бұйымдар, сондай-ақ қарулар, ағаштан, негiзiнен 
қайыңнан  жасалатын бұйымдар, арбалар, төсектер мен ыдыстар, аң терлерi, тон-iшiктер, 
тымақ-бөрiктердi өткiзетiн. 
 
Әсiресе,  бұндай  айырбас  сауданың  жедел  әрi  көлемдi  дамыған  орталығы 
Түркiстан  аймағындағы  қалаларда  болды.  Малшылар  өз  өнiмдерiне  айырбасқа  мақта 
маталар, балшықтан күйдiрiлiп және темiрден соғылып жасалатын бұйымдар, мата мен 
терiден  тiгiлген  дайын  киiм-кешектер,  шапандар,  орамалдар,  бас  киiмдер, аяқ киiмдер, 
ат  әбзелдерiнiң  бөлшектерiн,  сондай-ақ  әртүрлi  үй  аспаптарын,  қарулар,  қымбат 
металдардан  жасалатын  әшекей  заттар,  айналар  және  т.б.  сұраныстарын  алатын. 
Көбiнесе  сауданы  қазақтардың  өздерi  жүргiзген.  “Олардың  (қазақтардың)  барған 
елдерiндегi көпестерде өз кезегiнде ислам елдерiне үнемi қатынасып келдi және барып 
тұрады”- деп анықтайды бiр дерек. Малшылардың астық өнiмдерiне, егiншiлiк пен бау-
бақша әсiресе, маталарға деген сұранысы барынша берiк әрi тұрақты болды бұлардың 
жаппай,  дерлiк өтiмдiлiгiн  қамтамасыз еттi. 
 
Мал  шарушылығымен  қатар  оңтүстiк  және  оңтүстiк-шығыс  аймақтарда 
отырықшылықты  және  жартылай  отырықшылықты  егiншiлiк  пен  қала  мәдениетi 
бiршама  даму  жолына  түстi.  Дүниежүзiнiң  басқа  елдерiндегiдей  ауыл  мен  қала 
арасындағы  жан-жақты  байланыс  қоғамның  экономикалық  дамуының  негiзгi  кепiлi 
болған. Қазақстандағы отырықшылану құбылысы Сырдария алқаптары мен Жетiсудың 
батыс  бөлiгiнде  неғұрлым  шапшаң  жүрдi.  Бұл  жөнiнде  жазбаша  деректер  (XVI-
ғасырдағы  шағын  жазба-  құжаттардан)  молынан  сақталынған.  Осы  кезеңде  қала 
мәдениетi жанданып,  саны да өстi. Түпкi жазба материалдарда сондай жиырмадан астам 
қалаларды  баяндаған.  Ясы  (Түркiстан),  Отырар,  Сайрам,  Сауран,  Сығанақ,  Иқан,  сол 
жағалауындағы  –  Аркөк,  Үзген,  Аққорған,  Құтжан;  Қаратаудың  солтүстiк 
беткейлерiндегi - Созақ, Құмкент т.б. қалалар маңызды рөл атқарды.  
 
Сырдарияның  әрбiр  қаласының  аяғынан  ендi  қаз  тұрып  келе  жатқан  Қазақ 
Хандығы үшiн өзiндiк орны болды. Егерде, Сығанақ Шығыс Дештi-Қыпшақтағы бiрден-
бiр  сауда  орны  болса,  ал,  Ясы  (Түркiстан)  -  қазақ  билеушiлерiнiң  саяси  орталығы, 
белгiлi  сауда  орны  әрi  егiншiлiгi  жақсы  жетiлген  стратегиялық  жан-жақтылығымен 
танылды. XVI-XVII ғасырларда Ясы Қазақ елiнiң астанасына айналды, сондай-ақ бүкiл 
Түркiстан  және  оның  айналасындағы  халықтар  үшiн  негiзгi  дiни  орталық    болып 


 
59 
танылған.  Отырар  сауда  жолдарының  тоғысқан  торабында  орналасуымен  және  әсем 
қолөнер  бұйымдарын  шығарумен  ерекшелендi.  XI  ғ.  бастап  бұл  қала    Түркiстан 
уәлаятындағы шайбани уәлилерiнiң  тұратын орны болған. 
 
XVI  ғасырда  Сауран  қаласы өзiнiң жүйелi қорғаныстық құрылыстарымен әйгiлi 
болған.  Биiк  бекiнiс  қабырғалары,  қорған  дуалдары,  “өзенге  ұқсас”  терең  орлары 
қаланың  архитектуралық  келбетiнiң  жан-жақты  ойластырылғанын  көрсетедi.  Сайрам 
Мауараннахрдан  Түркiстан  мен  Жетiсуға  шығатын  сауда  және  әскери  жолдарының 
түйiскен  жерiндегi  жақсы  нығайтылған  бекiнiс,  Қазақстанның  оңтүстiгiндегi  iрi  сауда-
қолөнер  кәсiбiнiң  орталығы  болды;  сақталған  жазба  деректер  бойынша  Сайрам 
Түркiстан уәлаятымен бiрге аталатын өз алдына дербес уәлаяттың әкiмшiлiк орталығы 
едi.  Қазақ  хандарының  далалық  аймақтар  мен  Түркiстан  өңiрiндегi  қалаларға  билiк 
жүргiзуде және сыртқы жаулармен күресте басты таяныш болған. Қаратаудың солтүстiк 
беткейiндегi    Созақ  қаласының  алар  орны  айрықша.  Созақ  тек  сенiмдi  әрi  тұғырлы 
бекiнiс қана емес, сонымен қатар, кең жазықтыққа қарай көсiле орналасқан сауда және 
қолөнер  орталығы  болатын.  Оның  төңiрегiнде  Күлтөбе,  Ран,  Тастөбе,  Тасқорған, 
Көктөбе сияқты қалаларда бой көтерген. 
 
Шаруашылық  тұрғысынан алғанда да Түркiстан аймағының маңыздылығы зор. 
Ұсақ  қалалардың  тұрғындары  тiрлiгiнде  ауылдық  жер  еңбегiмен  айналысуға  баса ден 
қойды. Сол кездегi қалалардың айта қаларлықтай бiр ерекшелiгi, шаруашылық сипаты -  
жартылай  аграрлық  түрiнде  болған.  Егiспен, бау бақшалармен, жүзiмдiктермен, егiстiк 
және жайылымдармен қоршалып тұратын алыс-жақынды ауылдардың тұрғындары ғана 
емес, сондай-ақ қалалықтардың өздерi де егiншiлiкпен шұғылданданды. 
 
Осы  кезеңдегi  Қазақстан  өңiрiндегi қалалардың қай-қайсысы да тауарлы астық 
пен  ауылшаруашылық  өнiмдерiнiң  алуан  түрлiсiн  өндiретiн,  кең  көлемдi  суармалы 
егiншiлiк  жан-жақты  жетiлдi.  XV ғ. мен XVII ғ. бiрiншi жартысында қолдан суландыру 
iсi  бұрынғы  кезеңдермен  салыстырғанда  кең  көлемде  дами  түстi.  Бiр  жерлерде  ол 
Сырдариядан  тартылған  iрi  каналдарға, екiнiшi бiр жер  - Қаратаудан аққан өзендерiнен 
тартылған су арықтарына негiзделдi. Сонымен қатар, қазақ даласында ата-тектен келе 
жатқан  дәстүрлi  әдiс-  терең  шыңырау  құдықтардан  қауғамен  суару  да  маңызын 
жоғалтқан жоқ. 
 
Қалалар  тұрмыстық  кәсiпкерлердiң  қайнаған  ортасы  болды.  Көзелiк,  ұсталық, 
ағаш  өңдеушiлiк,  тоқымашылық,  былғары  жасаушылық,  зергерлiк,  құрылысшылық  бiр 
қаланың  iшiнде  тоғысып  жатты.  XV-XVI  ғғ.  Қазақстан  қалаларында  қорғаныс 
бекiнiстерiн салу жүйесi қалыптасқан. Әдетте, осы бекiнiстердiң жанында тұрғын үйлер, 
дiни  және қоғамдық ғимараттар - мешiттер, медреселер, мазарлар, моншалар, дүкендер, 
базарлар, керуен-сарайлар салынған.  
 
XVI-XVII  ғғ.  Оңтүстiк  Қазақстанның  өңiрлерiнде  қала  мен  ауыл,  көшпелi 
малшылар  мен  отырықшы  егiншiлер  және  қолөнершiлер  арасында  бiр-бiрiнiң 
өнiмдерiне  деген  сұраныс,  сауда-саттық  өзара  сабақтастық  пен  үйлесiмдiлiкке 
негiзделген.  Сауда-саттық  Түркiстан,  Сығанақ,  Сарайшық,  Сайрам  т.б.  қалалардың 
өркендеуiндегi  негiзгi  факторлардың  бiрi  болып,  олардың  тыныс-тiршiлiгiнде  ерекше 
рөл атқарды. Бұл қалаларда теңге ақшалар соғылды. 
 
Қаралып отырған кезеңдегi қазақ қоғамында патриархалдық-феодалдық қарым-
қатынастар  терең  орнаған.  Бұған  көшпелi  және  жартылай  көшпелi  мал 
шаруашылығының  мешеулiгi  ықпал  етпей  қоймады.  Әлеуметтiк-экономикалық 
құрылымында  ру-  тайпалық  қатынастар  терең  әрi  қатаң  түрде  сақталған.  Қазақ 
мемлекеттiлiгi  мен  қоғамы  көшпелi  шаруашылығымен  ру-тайпалық  құрылысқа  қарай 
тоғысуы тұрақтылық пен орнылықты бiрден-бiр қамтамасыз еттi. 
 
Кейiн  орнаған  моңғолдардың  үстемдiгi  қазақ  қоғамының  әлеуметтiк-
экономикалық  дамуына,  қала  мәдениетiне  керi  әсерiн  тигiзiп,  Оңтүстiк  Қазақстандағы 
егiншiлiктiң  дамуы  шектелiп,  ал,  шығыс  өңiрлерде  құлдыраудың  шегiне  жеткiздi. 
Осындай  экономикалық  негiз  бен  қоғамдық  қатынастардағы  өзгерiстер  тұтастай  
патриархалдық жаққа қарай ойысуына нақты әсер еттi. 
 
Қоғамда  жердi  пайдаланудың  қауымдық  түрi  үстем  болды.  Жайылымдарды 
пайдалану  құқына  көшпелi  рулар  мен  қауымдардың  барлық  мүшелерi  иелене  алды. 
Соның  өзiнде  қоғамның  рулық-тайпалық  ұйымдасуында  ру-тайпа  ақсүйектерi  мен 
қатардағы  көшпелiлер  арасында  жайылымды  жердi  пайдалану  iс  жүзiнде  тепе-теңдiк 


 
60 
сақталынбайтындығы  жасырылды.  Дала  ақсүйектерi  от-суы  мол  шұрайлы 
жайылымдарды  емін-еркiн  иемдендi.  Олар жақын-жұрағаттарына бөлiп беруге; сауық-
сайран  салып,  ақшылық  құруға  да; отар-отар қойларын, үйiр-үйiр жылқыларын, табын-
табын  түйелерiн  өрiстетуге  де  қолайлы  өңiрлердi  таңдап  ала  алатын  едi.  Мал  жеке 
адамның меншiгiнде болды. Мал саны көшпендiлер үшiн байлықтың, жақсы тұрмыстық 
жағдайдың басты өлшемi болды. 
 
Он  және  мың  жүздеп  саналатын  малы  бар  тұлғалар  қарамағында  құнарлы 
жайылымдарды иелену құқығы болған. Сол себептен кейде тұтас тайпалар да, рулар да 
жерді  пайдалануға  тең  құқығы  болмай,  олар  мүмкінішіліктеріне  қарай  жіктеліп  байлар 
мен кедейлер тобын құраған. Неғұрлым құдыреттi рулар мен тайпалар ежелден-ақ мал 
шаруашылығын  жүргізуге  ыңғайлы шұрайлы жайылымдар мен қыстақтарды жайлады. 
Бүкiл  жер  Шыңғыс  тегінің  атақты  ұрпақтарына  тиесiлi  едi.  Жердің  жоғарғы билеушісі 
(толық  құқығы  бар)  -  тек  хан  болды.  Көшпендiлердiң  малын  жайып  бағуға  берiлетiн 
жерлер  билеушi  әулеттiң  меншiгiнде  болып  қана  қойған  жоқ,  сонымен  бiрге  нақты  iс 
жүзiнде де олардың бұған құқығы дәстүр және әдет-ғұрыппен заңдастырылды. XV-XVII 
ғғ.  көшпелi  аудандарда  жердi  пайдаланудың  мұндай  өзгеше түрi ертеден қалыптасқан 
дәстүрлердi  жалғастырды,  оларды  қорғау  мен  орнықтыруға  билеушi  топтар  мүдделi 
болды. 
 
Жерді  иелену  мен  пайдалану  дәстүрі  Қазақстанның  оңтүстiк  аудандарында 
шартты  тұрақты  қалыптасты.  Бұның  өзi,  қазақ  қоғамында  феодалдандыру  процесінің 
өрістеуіне жол ашып, көшпендiлер неғұрлым күрделi қоғамдық қатынастарға тартылды. 
Жер иеленушiлiк пен оған меншiктiң сойырғал, ықта, мүлік, т.б. түрлерi дамыған. Темiр, 
Шайбани  әулеттерi  тұсында  қала  мен  оның  жер  өңдеушілік  аймақтары  жер  үлесiн 
басқарушысы-сойырғал  иесiнiң  билiгiне  бағынды,  ал  оған  бұл  жер  әскери  немесе 
азаматтық қызмет атқарғандықтан сыйға берiлдi.Қазақ хандығы қалыптасуынан бастап 
Сырдария  бойындағы  қалалары  мен  оңтүстiктегi егіншілер ханның жақын туыстарына, 
басқа  да  дала  билеушiлер  меншігіне  таратылып  берiлдi.  Оларға  жайылым  жерлер, 
қалалар  жанындағы  құнарлы  егiс  алқаптары,  оны  қоныстанушы  шаруалармен 
(райаттармен)  қоса  берiлген.  Хан  қолынан  тархан  атағын  алғандар  оларға  сыйланған 
жер  тұрғындары-егiншiлер,  қолөнершiлер,  саудагерлер  т.б.  түрлi  салықтар  жинау 
құқығы берілген.  
 
Қазақ  коғамының  саяси-әлеуметтiк  қатынастарында  дiннiң  рөлi  ерекше  едi. 
Сырдария жанындағы қалалар мен елді мекендерде ислам басылары садырлар, қазилер, 
шейхтар,  молдалар,  мутавалар  т.б.  қоғамдық  өмiрде белсендi рөл атқарған. Жергiлiктi 
билеушiлердi  қолдау  арқылы  олар,  салықтан  босатылу  немесе оны жеңiлдетуге, сыйға 
жер алуға, су көздерiн, суландыру құрылыстарын пайдалануға т.б. артықшылықтарға ие 
болған.  Экономикалық  мүмкiншiлiк  дiн  өкiлдерінің  саяси  өмiрге  тiкелей  араласуына, 
сондай-ақ,  қалың  бұқара  арасында  ислам  идеологиясының  қанат  жаюына жол ашады. 
Бұның өзi дала тұрғындарының сана-сезімінде ислам дiнiнiң  тереңдеуіне әкеледi. 
 
Елдің  әлеуметтiк  құрылымындағы  тағы  бiр  ерекшелiк  сословиелiк-таптық 
топтарға  жiктелу  процесi  олардың  байлығынан  гөрі  шығу  тегiне  қарай  негiзделдi. 
Қоғамның  билік  жүйесінің  биiгiнде  Шыңғыс  тектерi  (ақ  сүйектер):  хандар,  сұлтандар, 
оғландар немесе төрелер тұрды. Қожалар да ақ сүйек қатарында саналды. Олар қазақ 
жүздерi  мен  руларының  ешбiреуiне  кiрмедi,  билеуші  топқа  оқшауланып,  өзіндік  жабық 
әлеуметтiк  топты  құрады.  Оны  тарихи  деректердiң  мына  бiр  үзiндiсiнен  де  көремiз:” 
Шыңғысхан  ұрпақтарынан  шыққан  ұлы  және  даңқты  адамдардың  әрбiр  тұқымы 
сұлтандар деп аталды, ол солардың бәрiнен де әйгiлiсiн хан, яғни, бұл өздерi бағынатын 
тақсырлар мен басқарушылардың ең ұлысы деген сөз”. Әрбiр сұлтан хан тағына үмiткер 
бола  алды,  оған  жеке  басының  қадiр-қасиетiмен  қоса  билігіндегі  ұлыс,  тайпа 
бiрлестiктердiң күшiне, беделiне байланысты едi. Сұлтандар өз ұлыстарындағы барлық 
билiктi  толығынан  қолына  ұстады.  Оған  әкiмшiлiк  пен  сот  шешiмдерін  шығарып,  хан 
қазынасына тиесілі мiндет-борыштардан босатылды. 
 
Қоғамда  ақсүйек  өкiлдерiмен  қатар  жергiлiктi  бұқара  халықтан  шыққан 
қарасүйек өкiлдерi де жетекшi рөл атқарды. Солардың бiрi  - билер (мағынасы жағынан 
моңғолдың  ноян,  арабтардың  әмiр  дегенiне  тең,  түрiктердiң  бек  деген  ескi  терминiнен 
шыққан)  едi.  XVII  ғасырда  “жоғары  дәрежедегi  әмiрлер  сенiміне  ие  болып,  өздерінің 
даналығы мен ойын  анық айтушы адамдарды” би деп атаған. Кейiнiрек, би деп ғасырлар 


 
61 
бойы  қалыптасқан  қоғамдағы  адами  қатынастар  ережесiн  жете  меңгерген,  ақиқат 
жолымен ақыл берiп түсiнбестiк немесе даулы мәселелерге қара қылды қақ жара төрелiк 
жүргiзген бiлгiр әрi байыпты адамды атаған. Қоластындағы шыққан рулардың тегi мен 
жолына  қарай,  күшi  мен  санына  орай  билердiң  ықпалы мен орны айқындалды. Әскери 
жорықтар кезiнде билер екiнiң  бiрiнде  жасақтарды ұрысқа бастады және қарамағындағы 
рулардағы әкiмшiлiк  пен сот билiгiн  өз қолына ұстады. 
 
Тарихи  деректерге  сүйенсек  Қазақ  хандығында  мемлекеттiк  соттық  жүйе 
болмаған. Сондықтан қоғам мүшелерiнiң мiнез-құлық нормаларын кәдімгі құқық (әдет-
адат)  пен  шариат белгiлеп келген. Cот үкiмiн сұлтандар, билер, ақсақалдар белгілеген. 
Әдетте сот үкiмiн кесетiн билер iс жүзiнде заң ережелерiн қорғаушы немесе сақтаушы 
сипатын  сақтаған.  Оларға  істі  қарағаны  үшін  берілетін  төлемнің /мал-мүлiк/ бiр бөлегi 
билiк шығарғаны үшiн берiлген. Билер iшiнен ең беделдiлерi хандар жанындағы кеңеске 
мүше болып, мемлекеттiк тұрғыдағы дауларды шешуге қатысқан.    
 
XVI ғасырда қазақ қоғамында байлар да өзіндік бір төбеге ие болған. Бай ұғымы 
(“бай”  деген  түрiк  сын  есiмi  осы  мағынасында  ежелгi  түрiк  жазбаларының  өзiнде  де 
кездеседi) мал, мүлiк-қоры мол ауқатты адамдар осылай аталған. Көшпелi қоғамда олар 
байлығымен  ерекше  әлеуметтiк  топты  құрап  қоғамда  сүбелі  орын  алған.  Байлар 
хандықтың  саяси  өмiрiнде  аса  маңызды  рөл  атқарған,  өйткенi  байлық  пен  молшылық 
үкiмет билiгiнiң  ажырамас белгiлерi сипатын құраған.  
 
Әлеуметтiк жағдайы мен қоғамда саны жағынан басым болған райаттар елеулi 
орын алған. Бұл әлеуметтік топ құрамындағы шаруалар (көшпелi малшылар), егiншiлер 
мен  жатақтар,  қарапайым  қала  тұрғындары,  саудагерлер  мен  қолөнершiлер,  ауыл 
тұрғындары  хан  қазынасын  түрлi  салықтармен  толықтыруға  міндетті  болды. 
Малшылардан-зекет,  соғым,  сыбаға,  сый-құрмет;  егiншiлер  мен  қолөнершiлерден 
салықтың ұшыр, тағар, баж және хараж түрлері алынды. Әдетте, лауазымды тұлғалар 
қатардағы  көшпелiлерге  малын  күтімге  беріп  одан  сауын  салығын  алатын.  Әр  қазақ 
мемлекет әскер адамдарына қызметі бойынша сапарда болса оларға қоналғы, жамылғы 
сияқты  қызмет  көрсетуге  міндетті  болған.  Осы  заманда  қазақтар  түрлі  қоғамдық 
қызметтер, мысалы мәрдiкер атқаруға тиiстi болған. 
 
Қоғам  мүшелерiнің  ел  алдындағы  бір  маңызды  міндеті-ол  әскери  борышты 
атқаруы болған. Яғни, әрбiр көшпелi азамат сарбаз ретiнде кез-келген уақытта жорыққа 
аттануға  немесе  жау  шапқыншылығын  тойтару  үшiн  “көлігімен  және  қаруымен” 
билеушi  қарамағына  шұғыл  жетуге  мiндеттi  едi.  Жауынгерлiк  ерлiк-қазақтардың  ар-
намысының  аса  биiк  өлшемi  болды.  Содан  болу  керек  қазақ  қоғамының  әлеуметтiк 
құрылымында  батырлар  ерекше  орын  алған.  Түрiк-моңғол  тектес “бәhәдүр” (қазақша 
“батыр”)  деген  сөз  ұрыс  алдында  жауды  жекпе-жекке  шақырған  ердiң  ерi, қас батыр 
ұғымын бiлдiрген, сондай-ақ құрметтi атақ болып мәңгі қалған. Батырлар өзiнiң шыққан 
тегi мен мүлiктiк жағдайына қарай ауқатты көшпелi әскери ақсүйектер қатарына жатты. 
Ал  қатардағы  халық  арасынан  шыққан  батырлар  бай  болмаса  да,  егеменді-ерікті, 
қоғамның тәуелсiз мүшесi болып саналған.  
 
Қазақ  хандығы  саяси-әкiмшiлiк  құрылым  тұрғысынан  қарағанда  жүйелi  бір 
ортадан биленген мемлекет болып қалыптаса алмады. Хандық iрi ұлыстарға /әкiмшiлiк/  
бөлiнiп, әр-қайсысы хан тегінен шыққан сұлтандар билеген. Әдетте, ұлыс  - ел аузында 
жұрт  деп  де  аталған.  XVI  ғ.  басында  Қазақ  хандығы  құрамында  әр-қайсысы он мың 
отбасынан  тұратын  онға  жуық  ұлыстарды бiрiктiрген. Бiрнеше отбасы буынға (фирке) 
бiрiктi.  Буындар  белгiлi  бiр  саннан  ру,  бiрнеше  рулардан  тайпаны  құраған.  Мемлекет 
басындағы хан азаматтық, әкiмшiлiк және әскери билiктi өз қолына жинақтап, бүкіл елді 
сенімді өкіл-туыстары арқылы билеген. Iрi елдi мекендерде (қала) ақсүйектер қатарына 
жергiлiктi  әкiм-шенеунiктерi  –  уәзiрлер,  уәкiлдер,  әкiмдер,  даругтар,  мұтауфтар 
толықтырды.  Оларды  хандар  мен ұлыс билеушілері тағайындайтын болған. Неғұрлым 
төмен дәрежедегi қызметкерлер салық жинау, жер суландыру жүйелерiн ұйымдастырып 
бақылау  істерімен  айналысқан,  қаладағы  қоғамдық  тәртiп  сақтау  қызметiн  т.б. 
атқаратын. 
Жетiншi  дәрiс. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет