Қазақ атауының шығу негізі /төркiнi/. Аталмыш түсінік қай кезде, қалай пайда
болғаны туралы ғасырлар бойы сан алуан пiкiрлер айтылып, ғылыми еңбектерде терең
талданып келедi. Елiмiздiң бүгiнгi күнi зерттеушiлерiнiң бұл жөнiндегi негiзгi болжам-
пiкiрлерiн сараптай келе, томендегiдей үш бағытқа бөлуге болады:
1.“Қазақ” деген атау XV ғасырда жарыққа шыққан, яғни, тұңғыш қазақ
мемлекеттiлiгiмен тікелей байланысты. Жәнiбек пен Керей бастаған көшпендi тайпалар
Әбiлқайыр ханның үстемдiк саясатына батыл қарсылық бiлдiрiп, Шығыс Дештi
Қыпшақтан батыс Жетiсудағы Шу мен Талас өзендерi бойларына көшіп барып қоныс
тепкен. Алғаш рет осы тайпалар “қазақ“ деп аталған. Мұның негiзгi мағынасы: “¤з
ұлысынан бөлiнiп шыққан, қашақтар“ деген сөз болу керек деп тұжырымдайды Шығыс
зерртеушiлерi. Ал кейiн қазақ атауына айналған деседi.
2. Ежелгi Қытай жылнамалырындағы “үйсiн“, “усын”, яки “асу” деген ұлыс
аттары “қазақ“ атауының дыбыстық баламасы дейдi. Бұндай тұжырымдарды Жақ
Шимақ, Хи Шиутау сияқты белгiлi зерттеушiлер қуаттайды.
3. “Қазақ“ атауы “Таң патшалығы тарихында”( 7 - 8 ғасырларда) “каса”, “хаса”
түрiнде жазылған. Бұл атаудың тарихи деректемелерде жарыққа шығуы тым ерте
кезеңге жатқызылады.
“Қазақ“ атауы ерте кезде қазақтармен қарым-қатынас жасаған, жазу-сызу
мәдениетi дамыған, атап айтқанда ханзу, парсы, византия, орыс, моңғол және түркi
тiлдерiндегi жазбаларда кездеседi. Бұл елдердiң тiл диалектикалық ерекшелiгi мен жазу-
сызудағы дағды-дәстүрлерiне сай, “қазақ “ атауы әр-алуан түрде - аса, каса, хаса, хайсак,
касак, көсек, гүсуг, гасаг, хасык, т.б. болып жазылып келген. Осылардың iшiнде
мазмұны терең кейбiр деректерге ғана тоқтайық.
Араб саяхатшысы және жазушысы Мухаммед Әл-Ауфи 1228-жылы Индияда
“Таңдаулы әңгiмелер мен аңыздар жинағы” атты кiтабында: ”Алтайды мекендеген
қарлықтар... тоғыз ұлысқа бөлiнген, бұлардың iшiнде үш тайпа шығыл, үш ұлыс қазақ
бар “ деп көрсетеді. Ал, қарлықтардың Жетiсудағы өкiмет билiгiн қолына алып, барлық
қағандығын құруы 766 - жылдағы оқиға болатын.
982- жылы парсы тiлiнде жазылған “ Худуд әл-ғалам“ (әлем шекаралары ) атты
кiтапта Алан мемлекетi және оның қалалары жайында жазылып: “ Алан елiнде қасақ
деген ұлыс бар“ деген дерек келтіріледi. Шығыс ғалымдарының әйгiлi тұлғаларының
бiрi - Әбiлқасым Фирдоуси ( 940-1020) өзiнiң “ Шахнама” атты еңбегiнде: “Қазақ”, “
“Қазақ хандығы” деген ел көк теңiздiң ( Арал теңiзi) солтүстiгiн мекендеген күштi және
көп санды ел” деумен қатар, Тұранның жауы Иранды “қорқытпақ болған деп жазады.
Оныншы ғасырда араб авторы Мәсгудидiң шығармасында “касак” деген халық аты
49
аталады. Ал, Туркия ғалымы З.У. Тоған тоғызыншы ғасырда араб авторы Әдhам әл-
Купидiң шығармасында “қазақ” деген сөздiң бар екенiн атап айтады.
Византияның императоры Константин Порифордни (905 - 959 жж.) өз
жазбаларында Кубаннан шығысқа қарай мекендеген елдi “Қазақия“ деп атаған. Ол кезде
(Х ғасырда) Кубанның шығыс жағында қазақ халқы құрамында ең зор, саны мол
тайпалардың бiрi қыпшақ елi тұрғандығы тарихта белгiлi. Егер, қыпшақтар өздерiн
“қазақ“ деп атамаса Константин Порифордни оны қайдан ойлап тапсын. Ал,
шатастыратындай ол кезде орыс пен украин казачествосы аты тіпті ғылым мен
әдебиетте жоқ едi.
Бұл мәселе туралы бұрынғы кеңес мемлекетi орталығы - Ресейде сақталған
оныншы ғасырдан басталған жылнамаларында қазақтар туралы бiрсыпыра деректер
сақталған. Әйгiлi тарихи жазба ескерткiштiң өзiнде (“Повесть временных лет”) орыс
князы Святославтың Кубань өзенiнiң оңтүстiгiндегi қасақтарға әскери жорық жасап,
оларды жеңгендiгi баяндалған, ал 1066 жылы Тмутаракан князы Ростислав қасақтардан
түрлi төлемдер алып тұрғаны осы тұжырымымызды күмәнсiз анықтайды. Тағы бiр
нақтылы деректi орыс шежiресi Никонның мәлiметiнен оқуға болады. Ондағы бiздi
ойландыратын мәлiмет - Шыңғыс әскерлерiнiң оңтүстiк Ресей мен Кавказға жорығы
алдында қазақтармен шайқастың жазылуы.
“Моңғолдардың құпия шежiресiндегi” мына мәлiметтер де зерттеушiлердi елең
еткiзедi. Онда: ”Солтүстiк жақтағы қаңлыларға, қыпшақтарға, асаларға, сасаларға,
байжiгiттерге, орыстарға, мажарларға, шеркештерге, бұлғарларға жорыққа аттанып,
Едiл мен Жайық өзенiнен өтiп, Киев қаласына шабуыл жасау жөнiнде Сүбiтай батырға
бұйрық берiлдi “, делiнген. Зерттеушiлердiң басым көпшiлiгi шежiрешi Никоннiң өзi
“қазақтар“ деп осы жолғы шабуылға тап болған қаңлы, қыпшақ, байжiгiт, аса, т.б.
ұлыстарды айтқан болу керек. Осы тұжырымдарды айқындайтын деректер шоғырын
әмiр Темiр жылнамасынан (хиджраның 737 жылы б.ж.с. 1356 жылы ), зерттеушi П.
Путковтың “ қазақ атауы туралы “ деген мақаласынан; белгiлi орыс тарихшысы
Карамзиннiң еңбектерiнде де жиi-жиi кездестiруге болады.
XIX-шы ғасырдың аяғында жарық көрген әйгiлi тарихшы, этнограф, тiл
зерттеушiсi А. Вамбери “ Түрiк халықтарының этнологиясы мен этнографиясы “ атты
еңбегiнде көптеген жазбалы деректер келтiрiп, қазақ деген түсiнiктiң 9 - 10 ғасырларда
ел таныған, әлемге әйгiлi халықтың аты болғандығын анықтайды, сонымен бiрге қазақ
атты халықтың сол уақытта болғандығын дәлелдейдi. Ол-олма, аталған халықтың
антропологиялық типтiк ерекшелiктерiнен кескін-келбеттерi жөнiнде мәлiметтер
жинап, қазақ халқының оныншы ғасырдан iлгерi қалыптасқан антропологиялық
айырмашылықтарын көрсеткен батыл тұжырымдарға қадам жасағанды.
Бұрын ғылымда кең тарамаған Моңғол Халық Республикасы ҒА да бұл
iзденiсiмiз туралы нақтылы деректер сақталған. Соның iшiнде зерттеушi Іcләм
Қабышұлының “хасаг“ деген сөздiң моңғол әдебиетiнде оныншы ғасырдың өзiнде терең
әрi аумақты орын алып, бұл елмен аралас-құралас мемлекеттерде де белгiлi болғанын
айқындайды. Аталмыш деректерi бойынша “хасаг (қазақ)“ деген сөздiң моңғолдардың
“Батырлар жыры“, ”Бабалар шежiресiнде” кездесiп отыратынын атап көрсетедi.
Автордың тұжырымы бойынша, ежелгi заманда моңғолдар көшпендiлердi “ қасақтар “
деп атаған.
Бұл проблема әр кезеңде жазушылар мен публицистер назарында болып біршама
баяндалған. Мысалы, Т. Жанұзақов:“ Қазақ атауы Кавказдағы түркi тайпалары
құрамында алтыншы ғасырдан бастап жалпы атау және этнотермин ретiнде кездескен...
кейiн X-XI ғасырларда осы қазақ атауы түркi тайпалары арасында кең тараған. Мәселен,
қыпшақтар мен ноғайлар iшiнде де қазақтар болған” деп көрсетеді.
Сайып келгенде, жоғарыдағы деректер мен дәлелдердi көптеген зерттеулер мен
оқулықтарда орын алған “қазақ“ атауы XV-шi ғасырда ғана жарыққа шыққан деген пiкiр
енді күдік туғызып келеді. Ежелгi “усин”, “үйсiн”, ”асо” деген атаулар “қазақ сөзiнiң
баламасы” жөнiндегi пiкiр де ақиқатты анықтамайды. Егерде үйсiн мен қазақ бiр мағына
беретiн болса, онда ол екеуiнiң бүгiнгi бiрдей сақталуының өзi күрделi проблема болар
едi. Бiздiң ойымызша, қазақ-жалпы халықтың аты, ал үйсiн - қазақ құрамындағы ұлы
жүз ұлысының тайпа атауы. Бүгiнгi ғылымдағы сан-қилы пікірлер тұрғысынан
талдайтын болсақ, аталған еңбектерде кездесетiн “қаса”, “хаса”,”аса” атауларын бiздiң
50
өңiрде жиi кездесетiн тайпа аттарымен байланыстыра зерттеуге болады. Аса елiнiң тағы
бiр аты - Алан деген сөзбен жазылады. Қытай деректерiне сүйенсек, “аса” мен “алан”
бiрге жасаған заманы тұстас екi тайпа аты болған, асалар үстем болып бұл екi тайпа
күштiсiнiң бiр атымен жүрген. Ал, аландар үстемдiгi орнаған кезеңде олар “алан
бiрлестiгi” деп аталған. Соңғы кездегi ғылыми тұжырымдарда қазақтың кiшi жүзiндегi
алшын, алаша деген рулар ауызша айтылу тұрғысынан қарағанда алан атауымен
түбiрлес деген пiкiр көп орын алады.
Бұл тұжырымды да дәлелдейтiн нақтылы тарихи оқиғалар мол. Алан (аса)
тайпалары б. з. д. үшiншi ғасыр шамасында казiргi Қызылорда облысының солтүстiгi
мен Батыс Қазақстан аймағында мекендеген. Х-шы ғасырда парсы тiлiндегi “Хүдуд әл-
ғалам” шығармасында да: “ Аландар елiнде қасақ (қазақ) ұлысы бар” деп көрсетiлген.
Тiптi, бiр топ Қытай ғалымдары еңбектерiнде “алан” мен “аса” деген атаулар қосарлана
қолданылуы қазақтың шежiрелерi мен тарихи аңыздарында “қазақ” пен “алаш” атауы
қосарлана қолданылуын ойға түсiредi деген де тұжырым кездеседі.
Аталмыш деректердi тұжырымдайтын болсақ “ қазақ” атауы тарихи
деректемелерде жарыққа шығуының өзi ерте кезеңде жүргендiгiн анық көремiз. Алайда,
“қазақ“ атауы деректемелерде жарыққа шығуымен халық атына айналған емес, ол
әркелкi кезде ру немесе тайпа атын көрсеткен, ал, содан соң тайпалар атына айналған
болу керек. Бұл көзқарасымызды дәлелдейтiн бүгiнгi қазақ жүздерi мен ру немесе ата-
шежiре сипаттамасынан келтiретiн мысалдар мол. Уақыт өткен сайын “қазақ“ атауы
халық, ұлт атына айналған.
Келесi қазақ, Қазақстан тарихы ғылымында объективтi тұжырымдалмай жүрген
проблемаланың бiрi “қазақ“ атауының мән-мағынасы туралы. Жазылып-айтылып
жүрген (оқулық пен зерттеу еңбектерiндегi) пiкiрлердiң бiрсыпырасы жалпы халық
арасында сақталған аңыздар мен шежiре, ауызша шығармаларды сабақтаудан
туындаған. Олардың басым көпшiлiгi: “қазақ“, “алаш” және “жүз” деген түсiнiктердiң
пайда болуын бiр-бiрiмен байланыстыра баяндайды. Қазақ арасында кең тараған тарихи
аңыздың бiрiнде: ерте заманда ауыр жараланған Қалша Қадыр деген қолбасшы батыр
өлiм хакiнде жанталасып жатқанда аспаннан бiр ақ қаз (аққу) ұшып келiп аузына су
тамызып, оны шөлден құтқарып алады да, айдын шалқар көл жағасына бастап барады.
Бұл қаз, аққу болып келген перизат - ақ қыз екен, Қалша Қадыр осы қызға үйленедi,
бұдан туған ұл “қазақ“ атанады.
Бұл аңыздағы оқиғаларға мазмұндас мәлiметтер Қытай елiнiң жазба
деректерiнде кездеседi. Онда: ”Түрiктердiң арғы тегi Шу елiнен шыққан, ғұндардың
солтүстiгiнде тұратын, олардың тайпа бастығының аты Апаң ағайынды он жетi ұлдың
бiрi болған. Осылардың бiрiнiң төрт баласының бiреуi ақ қазға “аққуға” айналып кетiптi,
ендi бiр баласы Абақан өзенi мен Кен өзенiнiң арасын мекендеп, кигу (қырғыз)
атаныпты” делiнген. Заманымыздың екiншi ғасырымен өлшенетiн үйсiндер туралы
аңызда да олардың дамуындағы құстардың орнына ерекше мән берiлген.
Қазақ арасына кең жайылған аңыздардың бiрi “қазақ“, “алаш” және “үш жүз”
деген сөздердiң шығу төркiнiне арналған. “Алаш”, “ Алаш хан”, ”Алаш мыңы”, “Алтын
сан Алаш” деген сөздер туралы қазақ арасында көптеген аңыздар болған. Тұңғыш рет
бұл аңыздарды Қ.. Жалаири XVI ғасырда жүйелеп кiтапқа түсiрген (Қазақ
жылнамалары ) болса, кейiн алаш туралы деректердi Рашиди мен Әбiлғазы да
жинақтаған. Аталған тарихшылардың деректерiнде Алаша (аланша) хан елi Ұлытау мен
Кiшiтау, Сырдария бойы, Қарақұм мен Борсық құмында болған. Күнi бүгiн Ұлытаудан
ағатын Жаңқабыл өзенiнiң жағасында “ Алаш хан ордасы“ деп аталатын үлкен сарайдың
тамтығы бар, осы аймақтағы Қаракеңгiр өзенiнiң оң жағында “Алаш хан күмбезi“ деп
аталатын ескерткiш сақталған. Осы деректi, яғни “ қаған алты бөрiк алаш” деген
түсiнiктi 1963 жылы Қарқаралы маңынан табылған орхон руна жазуымен жазылған
“сынатаста” анықтайды. Жалпы, аңыз оқиғасы VI - XII ғғ. тайпалардың күнделiктi
қоғамдық өмiрiн баяндайды. Қазақ арасында кең тараған негiзгi түсiнiк “алты алаш” деп
аталатын ежелгi тайпалардың құдырет-тiлігiмен суреттеледi. Ендi бiр дерек бойынша:
ол атақты батыр болған, VIII - IX ғасырдың мұрасы “Тасақырды“ салуға қатысқан.
Сайып келгенде, “алаш”, “алаш мыңы” - ертедегi қазақ жерiндегi алғашқы қоғамға
бiрiккен адамдар легi ғасырлар бойы дамып келе жатқан елдiң жалпы атауы.
51
Ғалымдардың бiр тобы “қазақ” сөзiнiң төркiнiн халықтық этимологиядан
iздейдi. Оның да нұсқалары әр түрлi. Соңғы аңызды арқау еткен бiр желiсi мынаған
саяды. “Тiзбектелген түйелi көшi қайтқан қазға ұқсап тiзiлiп бара жатқан жұртты көрiп,
көршiлерi: “ Мыналар қалай қаздай тiзiледi, қазақ екен”,- деп таңданысыпты-мыс.
Сөйтiп, талдап-талқылаған деректердi, ел аузындағы аңыз-шежiрелердi,
зерттеулердегi болжамдар мен тұжырымдарды жүйелеп, бiрнеше топтама-салаға бөлуге
болады:
- ерте заманнан қазақ халқы арасында тараған тарихи аңыздың жүйесiмен
“қазақ“ деген сөздiң төркiнi кәдiмгi жыл құсы қаз-аққудың “қаз“ деген ұғымынан
шыққан, яғни осыдан өзгерiске түскен немесе қазға теңеу арқылы пайда болған деп
есептейдi.
- “Қазақ” деген сөздiң көне түркi тiлiндегi мағынасы яки қолданылу дағдысы “өз
елiнен бөлiнiп шығып, еркiн жүрушiлер “, “ еркiн адамдар “, “көтерiлiс жасап, өз
еркiмен кетушiлер”, “ер жүрек ерiктiлер” деген мағынаны бiлдiредi. Демек, “қазақ”
атауының арғы тегi “ерiктiлер “ дегеннен шыққан дейдi.
- “Қазақ“ атауының арғы тегi, ежелгi заманда қазақ даласын мекендеп, қазақ
халқының құрамына енген тайпалар мен халықтардың аттарынан: сақ, каспи, қазар, аз
дегендерден қалыптасқан, яки осы негiзде өзгере тарихи тiлдiк диалектикалық
айналымға енген.
Ендi осы аталған тұжырымдардың өзiн талдап көрелiк. Әлемге аты әйгiлi Абай
өзiнiң “ Қазақтың түбi қайдан шыққаны туралы“ қара сөзiнде арабтардың көшпелi
халықтарды “хибаии“, “хұзағи“ (киiз шатырда жүрушi) деп атайтынын жазады. Ал,
фольклор зерттеушiсi Ә. Дибайұлы бұл жөнiнде екi түрлi пiкiр бiлдiредi: бiрiншi - қазақ
деген сөздiң “қаз “ және “ұзақ“ деген екi құстың атынан қалыптасқан дейдi; екiншi -
“қазақ“ деген сөз “ еркiн жүрген адам” деген ұғымынан алынған. Оны халық аузындағы
аңыздардан анықтауға болады деп түсiндiредi. Жазушы Р. Тоқтаров та осы пiкiрдi
жақтайды.
Аталмыш мәселе туралы ғылыми байламы байыпты, терең мағыналы
тұжырымдарды нақты деректемелiк зерттеулерден алуға болады. М. Х. Дулати өз
тұжырымын былай жазады: ”Әбiлқайыр хан өлгеннен кейiн Өзбек ұлысында ырың-
жырың туып, дала мекендеушiсi өзiнiң қауiпсiздiгiмен өз басының қамына бола Керей
мен Жәнiбек хандардан пана сұрады. Сөйтiп, бұлар күшейiп алды. Алғашында әлгi
қашқындар, ал кейiннен басқа да көп жұрттар қашып ( өз ұлысынан) бөлiнiп кетiп, бiраз
уақыт мал-мүлiксiз, қаңғып жүрген адам болғандықтан, оларды жұрт қазақтар деп атап
кеткен. Сөйтiп, оларға тағылған осы ат бекiп қалды”.Түркия тарихшылары “қазақ” есiмi
алғашында сұлтандарға ғана берiлiп, кейiн бүкiл тайпалардың, содан соң мемлекеттiң
атына айналған деген пiкiрдi ұсынады.“Қазақ” атауының мағынасын анықтауда
Ш.Уәлиханов, Ш. Құдайбердұлы, В.В. Радлов, А.Н. Самойлович т.б. белгiлi
зерттеушiлер “ержүрек, батыл” еркiн адам, өз алдына ел болған“ деген пiкiрдi
жақтайды. Келтiрiлген ой -тұжырымдардың барлығы да Кеңес мемлекетiнiң тарих
ғылымы жүйесiнен бұрын, XX-шы ғасырға дейiнгi зерттеу қорытындылары екенi айғақ.
Демек, бiз қозғап отырған проблеманың күрделiлігi, қарама-қайшылығын шешу
мәселесiнiң өзi тамыры тереңде екендiгi айқындалады.
“Қазақ” проблемасы жаңа заман тарихы кезеңiндегi әлемдiк тарихты
зерттеушiлердiң, әдебиетшi-публицистердiң назарынан тыс қалмай зерттеу объектiнiң
бiр бөлiгi болып келедi. Олардың басым көпшiлiгi ( Ә. Қайдаров, Ә. Құрышжанов, А.
Абдрахманов, ¤. Қойшыбаев, А. Ақынжанов, А. Н. Бернштам, Б.Қ. Албани, Т.Ақселеу
т.б.) қазақ деген атауды ежелгi заманда Туран даласын мекендеп, қазақ халқының
құрамына қосылған рулардың тайпа аттарымен байланыстыра зерттеп, тiл, тарих,
этнография т.б. ғылымдар негiзiнде тұжырымдайды. Солардың iшiнде тарихшы М.
Ақынжанов пен жазушы С. Мұқановтың пiкiрлерi құлаққа жағымды ұялайды. Олардың
ойынша “қазақ“ деген сөз “қас“ және “сақ“ деп аталатын екi сөзден құралған. Қас “шын,
нағыз“ деген мағынада, сақ деген - Орта Азиядағы көшпендiлер. Егерде олай болса
қазақ сөзiнiң мағынасы “нағыз сақтар“, “шын сақтар“ деген ұғымға келедi.
Академиктер Ә. Марғұлан, Н.Я. Марр және Грозныйдың пайымдауынша “
қазақтар арабтар келмей тұрып, Арал, Каспий теңiзiнiң төңiрегiнде хазарлармен
байланысты болған. Хазарлар арасында “ қазар ұғ“, “бершiлiк“ деген екi қауым бар.
52
Әйгiлi ғалым А.Н. Бернштам қазақ сөзi жөнiндегi жоғарыда келтiрiлген пiкiр -
болжамдарды талдай келiп, бұл сөздiң шығу төркiнi мен казiргi мағынасын екi дәуiрге
бөле қарайды. Сақ одағы құрылғаннан кейiн олар едәуiр кейiнгi жаңа бiрлестiктiң
құрамына енсе де олардың “қас” тайпа атауы жаңа этнонимде сақталып қалды, яғни,
этнонимдiк түбiрiн жойған жоқ. Сөйтiп, “қазақ“ тайпа терминiнiң сыңарынан бiз бұл
күнде Каспий теңiзi атында сақталып қалған ең алғашқы “қас“ тайпа атауының iзiн
көремiз. Ал, тайпа атауының екiншi сыңарынан Орта Азиядағы көшпендiлердiң бiр
кездегi ең iрi бiрлестiгiн құрған “сақ” атауын бiлемiз. Бұл қосарланған тайпа атауы
қассақ сөзiндегi екi “с” дыбысының бiреуi өзара ықпал ету әсерiмен түсiрiлiп, казiргi
“қазақ” этнонимi шыққан. Қорытып айтсақ, қазақ сөзiнiң мағынасы осы өңiрдегi
барынша дамыған эволюциялық құбылыстардың жемiсi.
“Қазақ” сөзiнiң бiрiншi сыңары “қаз” дегеннiң кәдiмгi құс атынан басқа да
мағыналары бар. Қазақтың тұрмыстық және әдеби тiлiнде сәби баланың ешқандай
сүйемелсiз немесе демеусiз өз еркiмен аяғын тiк басып тұруын “қаз тұру” дейдi, немесе
“қаз басу”, “қаз-қаз басу” делiнедi. Ат үстiнде тiк тұруды яки төбе басында қарауыл
қарап жалғыз тұруды “қаздию” деген де бар.
“Қазақ” деген атаудың шығу төркiнi жөнiнде бiз қозғап өткен алғашқы және
соңғы айтылған мағыналары жайында сан-алуан пiкiрлер бар. Бiрақ тағылымдағы
негiзгi түйiн - “қазақ” атауы бiрден халық немесе ұлт атына айналған емес, алғашында
ру-тайпа аты, тайпалық одақ аты немесе әлеуметтiк-саяси, әскери термин ретiнде
жарыққа шығып, бiрте-бiрте жетiлiп, халық атына айналған десек ғылыми
қонымдылығы басым түседi. Сөз жоқ, қандай құбылыс болмасын ол алғашқы
мағынасын жоймайды. Бұл мағынаның түп тамырын ең алдымен қазақтың төл тiлiнен,
қазақтармен аралас-құралас туыстас халықардың тiлiнен, сондай-ақ тарихи-тiлдiк
лексикамыздың көне куәлiктерi iспеттес жазба деректерден iздеу қажет.
Қорыта келгенде мынадай мәселердi ойда сақтаған жөн. “Қазақ” этнонимiнiң
шығу туралы мәселеге орай ғылымда әлiде дәл, тоқетер жауап жоқ. Қазақ халқы құрылу
тарихы мен уақытын деректемелерде этнонимнiң пайда болуынан ажырата бiлу керек.
Мұның маңызды болатын тағы бiр себебi, XIV - XV ғасырларды сипаттайтын
деректемелерде Қазақстан өңiрiндегi көшпендi тайпаларға қатысты “қазақ” атауымен
бiр мезгiлде “өзбек”, “өзбек-қазақ”, “моғол”деген басқа да ұғымдар қолданылды.
Мемлекет атауы ретiнде де қолданылған “Моғолстан” тарихи-жағрафиялық
терминi “моғол” ұғымымен байланысты. Қазақстан мен Орта Азия өңiрiнде “монғол”
сөзi қалай айтылса, иран және түрiк тiлiндегi деректемелерде солай жазылған. XIV
ғасырда мұнда көшiп келген монғол топтарының жергiлiктi түрiк халқымен
ассимиляцияға түсу құбылысы аяқталды, бiрақ халық пен мемлекетке қатысты “моғол”
және “Моғолстан” ұғымдары әлi де сақталып қала бердi. Моғолстан мемлекетiнiң
құрылуы қарсаңына қарай халықтың араласу процесiнiң нәтижесiнде жаңа этникалық-
саяси бiрлестiк - түркi тiлдi моғолдардың қауымдастығы пайда болды, оның денi қазақ
халқының құрамына ендi.
Шамамен алғанда XIV ғасырдың 50 - 60-шы жылдарынан бастап Ақ Орданы
мекендеген тайпалар деректемелерде дәстүрлi “қыпшақ” атының орнына өзбектер деп
жиi атала бастады. XVI ғасырдың естiген-бiлгенi көп авторы Ибн-Рузбихан Исфахани
өзбектерге “үш халықты”, анығын айтқанда саяси бағдарларына қарай бөлiнген
тайпалардың үш тобын жатқызады: шайбанилықтар, қазақтар, маңғыттар.
Деректемелерден көрiнiп отырғандай, осы тайпалардың үш тобы арқылы қазақтардың
құрамына енген этникалық-саяси бiрлестiктер, сондай-ақ Шығыс Дештi Қыпшақтың
тайпалары мен руларының XV ғасырдың соңы - XVI ғасырдың басында
Шайбанилықтармен бiрге Мауараннахрларға кетiп қалған бiр бөлегi туралы айтылады.
XIV және XV ғасырдың екiншi жартысының хронистерi Едiлден шығысқа қарай
және Арал теңiзiнен солтүстiкке қарай жатқан даланы өзбек ұлысы деп атады. Бұдан
бұрынғы деректемелерде “өзбек” атауы кездеспейдi. XVI ғасырдың араб авторлары
(Насыр ад-дин ибн эл -Фурат, эл-Асади, эл-Айни т.б.) Алтын Орданы билеген
билеушiлердi “Дештi патшалары”, ”Қыпшақ патшалары” деп атады. Тек Низам ад-дин
Шами мен Муәин ад-дин Натанзи ғана XV ғасырдың 60-шы жылдарындағы Ақ Орда
жерлерiн “өзбектер елi” (дийар-и узбек) “өзбек даласы” (сахра-йи узбек), ал Ұрұс-ханды
- “өзбек патшасы” (падшах-и узбек) деп атай бастады.
53
Қазақ халқының қалыптасуымен ортақ этникалық-саяси “өзбек” ұғымы өзгердi.
Қалыптаса бастаған халықты деректемелерде “өзбек-қазақ”, кейiн “қазақ” деп атай
бастады. “Қазақ” ұғымы елiмiздiң барлық өңiрiне орналасқан халықтық атаудың
этнонимi болды, “өзбек” ұғымы Мухаммед Шайбанидiң бастауымен Орта Азия өңiрiне
ауысқан тайпалар бiрлестiктерiнiң атауына айналды.
XV-шы ғасырдың ортасы - XVI-шы ғасырдың бас шенiндегi оқиғаларды
баяндайтын Масуд ибн Усман Кухистанидiң, Камал ад-дин Бинаидiң, Молда Шадидiң,
Мырза Мұхаммед Хайдардың, Махмуд ибн Уәлидiң және басқа да орта ғасырлық
авторлардың шығармалары түрлi әулеттер хандарының билiк үшiн күрес фактiлерiне
толы, бiрақ олардың бiрде-бiрi iлгерiде айтылған Мұхаммед Шайбанидiң қоластындағы
тайпалардың Орта Азияға қоныс аударғанын қоспай-ақ, тiптi Қазақстан өңiрiндегi
халықтың құрамындағы елеулi өзгерiстер сол күйiнде қала берді.
Сондықтан, егер Шығыс Дештi Қыпшақтағы XV ғасырдың екiншi
жартысындағы және одан бұрынғы уақыттағы оқиғалар туралы хабарлайтын XVI
ғасырдың басындағы деректемелер “өзбек-қазақ” ұғымдары мен қатар “қазақ”
этнонимiн жиi әрi айқын қолдана бастаса, мұның өзi қазақ халқын өмiршең этнос
ретiнде қалыптасты деуге негiз бар, өйткенi, әдетте этнонимдер хроникаға бiрден
енбейдi.
Моғолстан мен Ноғай Ордасы ыдырағаннан кейiн “қазақ” этнонимiнiң Жетiсу
мен Шығыс Дештi Қыпшақтың батыс бөлiгiне таралуы табиғи -тарихи қажеттiлiктiң
нәтижесi едi. “Қазақ” этнонимi халықтың төл атау ретiнде, ал, “Қазақстан” ұғымы оның
мекендеген өңiрiне тарихи негiзбен бекiдi. Бұл халықтың этникалық бiртұтастығын
ұғынатын эпикалық шығармаларында айшықталды.
Халықтың этнос ретiнде қалыптасу тарихы - ұзақ әрi күрделi процесс. Оның
түпкiлiктi қатаң белгiленген уақыт кезеңiне келуі қиын. Дегенмен, тарихи,
археологиялық- этнографиялық, антропологиялық және лингвистикалық деректер
жиынтығының түйiндiсi қазақ халқының XIV-XV ғасырларда аяқталды деп тиянақтап,
негiздеп айтуға мүмкiндiк бередi.
Қазақ елi тарихында талданып отырған кезең айрықша орын алады: бұл кезде әр
алуан түрiк тiлдi және моңғол тiлдi этникалық топтар арасынан қазақ халқының
қалыптасу процесi аяқталып, оның мемлекеттiгi жергiлiктi этникалық негiзде қалпына
келтiрiледi. Моңғол ұлыстары құрамына күш қысымы арқылы енгiзген халықтар мен
елдердiң, өңiрлердiң егеменділікке ұмтылысы, iшкi қарама-қайшылық, Алтын Орда мен
Шағатай мемлекеттерінің ыдырауын тездеттi. Осы заманда Қазақстан территориясында
әлеуметтiк-экономикалық жағдай қайта түзелiп, оңтүстiк аймақтарда егiншiлiк кәсiбi,
қала өмiрi, қолөнер өндiрiсi жанданып, оңтүстiк-шығыста отырықшылық өркендеп, мал
шаруашылығы да аяғынан тік тұрып біршама ілгері басты. Жетiсу мен Орталық
Қазақстан және Оңтүстiк Қазақстан мен Орта Азия оазистiк аймақтарымен сауда-саттық
қарым-қатынас қайтадан қанат жайды. Осы жаңалықтар қоғамдық өмiрге игі бастаулар
әкелді.
2. Моңғол шапқыншылығы Қазақ жерiндегі жергiлiктi тұрғындардың бiртұтас ел
болып қалыптасуына ұзақ уақыт бойы кедергi болған. XIV-XV ғғ. феодалдық
қатынастардың нығаюы негiзiнде Моғолстан, Ақ Орда, Әбiлқайыр хандығы, Ноғай
Ордасындағы билеушi топтар арасында болған толассыз өзара алауыздыққа қарамастан,
халықтар арасында бір ортаға жиналу, қарым-қатынас процесi уақыт өткен сайын қанат
жайып, тереңдей түседi. Қазақстан территориясын ерте заманнан мекендеген тайпалар
табиғи-жағрафиялық, экономикалық және саяси (түрлi тайпа одақтары мен ерте
феодалдық мемлекеттерге жинақталуы) ерекшелiктерiне орай этникалық бүтiндiктi
сақтап Үш Жүзге бөлiндi. Ең бастысы шаруашылық және жағрафиялық факторлар
негiзiндегi қоғам дамуының тарихи-табиғи жағдайында қалыптасты. Жүз құрылымы
Ұлы, Орта және Кiшi жүз деп аталғаны белгiлi.
Олардың әрқайсысы территориялық, шаруашылық, рухани мәдениетi
өмiршеңдiгi тіпті біздің заманға дейiн мызғымай сақталған қоныстары Оңтүстiк,
Орталық-Шығыс және Батыс Қазақстанда болған, ал онда тұратын тайпалар құрамы
ежелгi заманнан бiрыңғай болмағанын ерекше айта кету керек. Жүздердiң пайда
болуына ертедегi ел билеудiң әскери тәртiпке негiзделуiнiң өзiндiк орны бар. Қазақтың
үш жүзi ешқашан бiр-бiрiмен ауқымды көлемде жауласып, өзара алауыздыққа бармаған.
54
Керiсiнше, олар ел басына қауiп төнгенде, халықтың тағдыры шешiлер сәтте хандары
мен қарашасы бар, батырлары мен билерi болсын бәрiде бiр жерден табылып отырған.
Қазақтар бүкiл тарихында үш жүздiң бiрлiгiн қадiрлеп, қастерлей бiлген этнос. Қазақ
аузындағы “Жүзге бөлiнгеннiң жүзi күйсiн” деген ойының ұлағаттылығын төл тарих
айқындайды.
Қазақ халқының этногенезi ежелгi заманның тұңғиығынан бастау алады. Ол
негiзiнен Қазақстанның ұлаңғайыр өңiрiн ежелден мекендеген автохтонды (жергiлiктi)
тайпалар және оның бiрлестiктерiнен құралған. Халықтың қалыптасуы ежелгi және ерте
орта ғасырлардағы iрi-iрi этникалық-саяси оқиғалардың жүруiмен, шаруашылық
түрлерiнің эволюциялық құбылыстары және қоғамдық қатынастардағы прогрестi
iлгерiлеумен, әлеуметтiк құрылымның (феодалдық) қалыптасып, нығаюымен біртұтас
болды. Тарих ғылымындағы тiлi, шаруашылығы, материалдық-тұрмыстық және рухани
мәдениетi ортақ, этникалық бiртұтас мақсат тұтқан және сырт елдерге өзiндiк
этникалық ерекшелiгiмен көзге түсетiн қауымдастыққа халық деген ұғым берген.
Халықтың бұл белгiлерi дәстүр, әдет-ғұрыптары мен салттарынан көрiнедi. Бұл
жағдайда өзiндiк этникалық мақсат-мүдделерiн қорғау үшiн әлеуметтiк-экономикалық
потенциалды ұлғайтуды көздейтiн мемлекет деңгейіне жету ұмтылысы айқын
байқалады.
Қазақ даласындағы этногенетикалық процестердiң түп тамыры негізін қола
дәуiрiнен алады. Антропология ғылымы пайымдауынша біздің аймақты мекендеген
қола дәуiр тайпалары нәсiлдiк түрі жөнiнен европеоидтер, андроновтық европеоидтық
топқа жатқан.
Археология деректері қола дәуiрiнде Қазақстан өңiрiнiң ежелгi тұрғындарында
мал шаруашылығы, егiншiлiк, патриархалды отбасы үстем болғанын танытады, мүлiк
теңсiздiгiнiң қалыптасып орнағанын дәлелдейдi. Бұл бағыттағы ғылыми тұжырымдар
көпшiлiгi қола дәуiрiнде Қазақстанды мекендеген үндi-иран тайпалары болуы керек
деген де тұжырым кездеседі
Ежелгi темiр дәуiрiнде (ол туралы жазба деректер бар) қазақ даласын сақ
тайпалары - массагет, даи, исседон және басқа да тайпалар мекендеген. “Есiк” обасынан
табылған, жазуы бар күмiс тостаған сақтардың, тiптi, бүкіл Жетiсу тайпалары
ерекшелiгi туралы пікірталасты жаңа сатыға көтеріп, қазақ даласындағы қола және
ежелгi темiр дәуiріндегi халықтардың бiр-бiрiмен тығыз байланыста дамығанын
дәлелдейдi. Бiздiң жыл санауымызға дейiнгi III - бiздiң заманымыздың V ғасырларын да
Қазақстан оңтүстiгi мен оңтүстiк-шығысында мекендеген қаңлылар мен үйсiндер де
негiзiнен европеоидтер болған, дегенмен олардың бет пiшiнiнде монголоидтық
көріністер де бiршама баршылық, мұны зерттеушiлердiң бiразы ғұндар соғыс
жорықтарымен байланысты деген пiкiрге тоқтайды. Ал, бұл мәселеге тiл тұрғысынан
талдау жасайтын болсақ ғылымда екi түрлi тұжырым бар - олардың иран немесе түрiк
тiлдес болғаны туралы. Соңғы жылдардағы Қазақстан зерттеушiлерi көзқарасы түркi
тiлдес деген тұжырымға тоқтайды.
Бiздiң заманымыздың бiрiншi мыңжылдығы ортасында Солтүстiк Монголиядан
Әмударияның төменгi ағысына дейiнгi кеңiстiкте ортақ теле атымен белгілі түрiк
тайпалары орналасты. Бұл тұрғыда тарихи деректерде бұғу, байырқу, беклi, қыбыр,
түргеш, бұлақ, қарлық, торғай, едiз және басқа тайпалар ерекше аталған. Көшпелi және
отырықшылар арасында, тегi жағынан әр түрлi этникалық топтар арасында өмiрдiң
барлық салаларындағы байланыстар кеңейе түстi. Түрiктер қырда ғана емес, қалалар
мен елдi мекендерге де орналасқан. Сақтар, үйсiндер, каңлы ұрпақтарының түрiктермен
араласуы күшейдi. Түрiк тiлi басым бола түстi.
Ежелгi Түрiк бірлестік-мемлекеттері қалыптасуы мен жаңа әлеуметтiк
қатынастардың жетiлуi этникалық жетілу процесін шапшаңдатты. Мәселен, оғыз
конфедерациясы өз қатарына кангюйлердiң, қанғар-печенегтер тайпалары, әсiресе,
оғыздармен бiрге Сырдарияға қоныс аударған астар мен аландар, қарлықтар тобы
сондай-ақ, Сыр, Арал, Солтүстiк Каспий жанындағы кеңістіктегі т.б. көптеген тайпа
бiрлестiктерді тартты. Бұған қоса VIII ғ. Шу мен Таласты қоныстанған халаждар,
жағралар (шағыралар) енген болатын. Олар қазақ халқының этникалық келбетінде терең
iз қалдырып, этникалық атаулары (тайпа, ру аттары) біздің заманға дейін сақталған.
Сондай-ақ, елдiң оңтүстiгi мен оңтүстiк-шығысындағы этногенетикалық процестерде
55
қарлық бiрлестiктерiнiң өзiндiк алар орны бар. Әсiресе, бiрлестiк құрамындағы көшпелi
және жартылай көшпелi түрiк тiлдес тайпалар-тұхсил, шығыл, дәлу, түргеш, жалаж,
арғу, шарғє және т.б. ғылыми деректер ерекше атайды.
Оңтүстiк және оңтүстiк шығыстағы ру-тайпалардың шаруашылық пен мәдени
ұқсастығы мен этникалық-саяси жағынан бiрлігі нығайып, халықтарымен өзара
байланысы орнауына олардың Қарахандар мемлекетi құрамында ұзақ уақыт болуы
шешушi рөл атқарған.
XI-XII ғғ. қазақ жерiн жайлаған қыпшақтардың мемлекеттiк бiрлестiгi түрiк
тайпаларының өзара саяси, әлеуметтiк-экономикалық және мәдени дамуына қолайлы
жағдай туғызады. Бұл мемлекет құрамында кимектер (йимақтар), баяндұрлар, баяқты,
қаңлы, ұрған, югур, токсоба, елбiрлiк (ильбари), йета, бүржоғлы, анжоглы, дүрүт ж.б.
тайпалар болған. Бір ортаға жинақталу дәуiрiн өткерiп жатқан бұл этникалық топтар
тарихта “қыпшақ” деген атаумен қалды.
XIII ғ. басында Шыңғысхан жойқын жорықтары қысымымен Моңғолдар жері
мен Алтайдан көшкен наймандар мен керейттер Қазақстанның оңтүстiгi және
шығысындағы этникалық процестерге белсене араласады. Кейбiр ғалымдар оларды
түркi тiлдес тайпа құрамына жатқызса, ендi бiреулерi моңғол тiлдес тайпа деп
тұжырымдайды. Бүгiнгi ғылымның пайымдауынша XIII ғ. бас кезiнде түрлi өмiр салтын
ұстанған және саяси-әлеуметтiк, шаруашылық қатынастар дамыған қазақтың кең
аймағындағы халықтардың тiл және мәдени-тұрмыстық қауымдастығының ұйымдасу
нәтижесінде халық этногенезi, негiзгi тораптары анықталады. Сөйтiп, екi халықтың
қалыптасуына жағдай туады-Дештi-Қыпшақ өңiрiндегi - қыпшақ-оғыз этникалық тобы,
Жетiсуда-қарлұқ тобы негiзiнде.
Этникалық қатынастардың дамуын тежеген кереғар факторларда аз емес. Тарихи
деректер солардың iшiнен моңғолдар үстемдiгi нәтижесінде пайда болған себептердi
ерекше атайды. Бұл кезде халықтың денi құлдыққа түсiп, жойылу шегiне жеттi. Осы
шамада аталған факторлар әсерімен тұтас этнос бөлшектенiп, Шыңғыс хан
ұрпақтарының еншiсiне өтіп қатыгездiк пен қанаудың торына iлiктi. Жаугершілік
жорықтарына тартылып немесе жер аударылып, ал үлкен тобы жаңа саяси құрылымдар
арасына - Жошы, Шағатай, Угедей ұлыстарына бытырап кеттi. Оның iшiндегi Жошы
Достарыңызбен бөлісу: |