148
14-модуль
Танымдық блок
Қазақ диалектологиясының ғылым ретінде
қалыптасуындағы қазақ ғалымдарының рӛлі
С. Аманжоловтың қазақ диалектологиясы ғылымында
алатын орны
Профессор С. Аманжолов қазақ тіліндегі диалектілердің
пайда болуы мен қалыптасу тарихын қазақ жеріндегі бұрынғы
тайпалық одақтармен, жүздермен байланыстырып қарайды.
Маркс пен Энгельстің тайпалар одағы халыққа ең таяу басқыш
болып табылады деген белгілі қағидасына сүйене отырып, қазақ
жеріндегі үш жүз – үш тайпалық одақ ретінде қазақ біртұтас
халық болып құрылғанынан кҿп бұрын, 7 – 9 ғасырлардың
арасында қалыптасты деп қорытынды жасайды. Жүздердің
қалыптасуы негізінде рулардың тайпаларға, тайпалардың тайпа
одағына бірігуі жатыр. Қазақ жеріндегі тайпалардың қоныстанған
жері, шаруашылық ыңғайы, шығу тегінің жақындығына қарай
ерте замандардан-ақ ҿзара жіктеле бастағаны тарихтан белгілі.
Осылайша тайпалардың одағы болып табылатын жүздер келіп
шыққан. Мұның ҿзі тілге ҽсер етіп, ҽр жүздің ҿз ішінде тілдің де
бірыңғайлылығы қалыптаса бастаған. Сҿйтіп, үш жүздің
қалыптасуымен үш жергілікті диалект пайда болған. Бұл үш
тайпалық одақтың тілі даму барысында кейін бір – біріне
жақындап, біртұтас қазақ тілінің дамуына негіз, ұйтқы болды
деген тоқтамға келеді. Автор жергілікті халық ҿміріне тҽн
ҿзгерістер (шаруашылық, ҽдет – ғұрып, т.б.) мен кҿрші тілдердің
ҽсерінен де тіл ерекшеліктері туғанын ескертеді.
Қазақтың халық тілі мен ауыз ҽдебиеті үлгілерінен жиналған
материалдарды жҽне қазақ тілінің тарихын зерттеу нҽтижесінде
С. Аманжолов қазақ тілінде үш диалект бар деген қорытындыға
келді. Олар мыналар:
а) оңтүстік диалектісі – Алматы, Жамбыл, Оңтүстік
Қазақстан облыстарын жҽне Талдықорған мен Қызылорданың
кейбір оңтүстік
аудандарын қамтиды;
ҽ) батыс диалектісі – Батыс Қазақстан, Гурьев (Атырау),
Ақтҿбе облыстарын жҽне Қызылорданың солтүстік аудандарын,
Қостанайдың кейбір батыс аудандарын қамтиды;
б) солтүстік – шығыс диалектісі – Ақмола, Павлодар, Семей,
Шығыс Қазақстан, Кҿкшетау, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан
149
облыстарын жҽне Қостанай мен Талдықорған облыстарының
кейбір аудандарын қамтиды.
Автор Қазан революциясынан бұрын басылып шыққан
ҽдебиеттер тілінде кездесетін кітаби тіл элементтері мен
диалектизмдердің арасына белгілі дҽрежеде шек қойып
ажыратпағандақтан,
кейбір
кітаби
тіл
элементтері
диалектизмдердің
қатарына
қосылып
кеткен.
Мысалы:
Азаматларым менің мартларым, Бҿрі тоңлы қартларым (192 – бет);
айтасызлар ма (354 – бет); кҿзнің (144 – бет); елні (374 – бет);
жігітлік (380 – бет); андан (355 – бет) сияқты татар үлгісімен
жазылған сҿздер кездеседі [5].
Достарыңызбен бөлісу: