мәстемір (қысқаш), бізің (біздің), сізің (сіздің), мызылу (сызылу),
қҧдағай (құдағи), атанақ (кедір –бұдыр), әше (ендеше), сҧңар
(сонар), еркею (еркіндеу), сандалау (сандалу), суама ( ҿсекші) т.
б. сҿздер кездеседі.
Академик В.В.Радлов қазақ тілінің, негізінен, біртұтас
екендігіне назар аударып, ондағы диалектілік ерекшеліктерге мҽн
бермеген. Ол былай деп жазды: «Ҽр түрлі қырғыз тайпаларының
тілінде елеулі айырмашылық жоқ. Қалай болғанда да сахараның
менің болуыма тура келген аймақтарында, яғни Ұлы жүз бен
Орта жүздегі Омск мен Семейдің арасында, Бұқтырмада, Алатау
округінде, Шу ҿзені бойында жҽне Ташкент маңында мен оларды
байқай алмадым... Дҽл сондай-ақ сахараның Орынборға жақын
батыс жағынан Ильминский мырза жинаған материалдар да
шығыстағы қырғыздардың тілімен мүлде ұқсас. Сол себепті мен
қырғыз ҽдебиетінің үлгілерін I, II томдардағыдай жер-жерге жҽне
диалектілік айырмашылықтарына қарап бастыруды қажет деп
таппай, материалдарымды мазмұнына қарай бҿлуді жҿн кҿрдім ».
Академик В.В.Радловтың пікіріне сүйеніп, профессор
А.М.Позднеев те қазақ тілінде диалектілік ерекшелік жоқ деп
есептеген: «Қырғыз сахарасының ұлан-байтақ кеңістігінде
қырғыз-қайсақтардың тілі диалектілерге бҿлінбейді»,- дейді.
Терентьев жазған грамматикада Қазақстанның кҿбінесе
оңтүстік аймағындағы халық тілін сипаттайтын материалдар
қамтылған. Еңбегінің алғы сҿзінде ҿзінің грамматикасына
Түркістан қазақтарының тілін негіз етіп алғандығын ескертеді.
А. Старчевскийдің 1878 жылы басылып шыққан кітабында
батыс говорларға тҽн тҿмендегідей сҿздер кездеседі: аду//ату
(мҽсі), ҽше (ендеше), бостан (бостандық), мҽстемір (қысқаш) т. б.
31
В. В. Катаринский грамматикасының қолжазбасын қарау
үстінде Н. Ф. Катанов Тарбағатай ауданында ч, дж аффрикаттары
айтылатынын
байқаған.
Тарбағатай
ауданында
болған
экспедицияның материалдары Н. Ф. Катановтың бұл айтқанын
растайды.
Профессор П. М. Мелиоранский алғашында қазақ тілінің
говорларға
бҿлінуін
жоққа
шығарғанмен,
кейін
В.
Катаринскийдің грамматикасына жазған сын мақаласында
бұрынғы Орынбор губерниясында қазақ, башқұрт, татар тілдері
араласуынан туған говорлар бар екендігін айтады. « Орынбор
губерниясы, -деп жазады П. М. Мелиоранский,- түрколог үшін
аса қызықты зерттеу орны болып табылады, ҿйткені оның татар,
башқұрт, қырғыз аралас отырған халқында осы үш наречиеден
басқа, арагідік ҽр түрлі ауыспалы говорлармен де танысуға
болады. Орынбор губерниясындағы қырғыздардың тілі, олардың
Батыс Сібір жерлеріндегі тумаластарының тіліне қарағанда, біраз
басқашарақ, міне сол себепті қаралып отырған грамматикаға не
Н. И. Ильминскийдің оның атақты « Материалдарында», не
менде (« Қазақ –қырғыз тілінің қысқаша грамматикасы»)
кҿрсетілмеген, екі –үш қызық форма еніп кеткен. Олар –
қырғыздарға татарлардың жазба тілінен енуі ықтимал кележақ,
бережақ сияқты «жекелеген» формалар.
П. М. Мелиоранский сҿз етіп отырған етістіктің –жақ
тұлғасы батыс аймақта осы күні де қолданылады.
В. Катаринский кейбір фонетикалық ерекшеліктерді
байқаған. Ол жуз деген сҿз кейде дуз болып, жүз кҿріс –дҥз кӛріс
болып айтылатынын сҿз етеді.
Тоқаш Бокиннің сҿздігінде оңтүстік говорларға тҽн тұма (
бұлақтың кҿзі, қайнар), тана ( тайынша), бұл (мата, товар), қамчы
( қамша), маңлай ( маңдай), сым ( матадан тігілген шалбар) т. б.
сҿздер кездеседі.
Сҿйтіп, революцияға дейінгі түркологтардың қазақ тіліндегі
диалектілік ерекшеліктер мен оның диалектідерге бҿліну -
бҿлінбеуі жайындағы пікірлерін екі топқа бҿлуге болады: а)
В. В. Радлов, П. М. Мелиоранский (ҽуелгі кезде), А. М. Позднеев қазақ
тілінің диалектілерге бҿлінуін жоққа шығарды; ҽ) Н. И. Ильминский,
Н. Ф. Катанов, П. М. Мелиоранский, М. Терентьев т.б. қазақ
тілінің барлық жерде біркелкі емес, ҿз ішінде диалектілік
ерекшеліктері бар екенін мойындайды.
32
Қазақ тіліндегі говорларды зерттеуге аса қажетті тілдік
материалдар революциядан бұрынғы басқа зерттеушілер
(А. В. Васильев, Н. Н. Пантусов, Ш Уҽлиханов, А. А. Диваев,
И. В. Аничков, И. Лаптев т. б.) еңбектерінде де кездеседі. Бірақ
бұл материалдар осы күнге дейін толық жинақталып қорытылған
жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: |