А.Ә. Ниязғалиева, Г. Г. Тҧрғаналиева



Pdf көрінісі
бет157/200
Дата06.01.2022
өлшемі1,37 Mb.
#14641
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   200
Байланысты:
Ниязгалиева А., Турганалиева Г. Қазақ диалектологиясы

Фонетика  саласында.1)  Оңтүстік-шығыс  говорлардағы 
кейбір сҿздерде дауысты дыбыстардың ауысып отыруы: мҽзмұн-
мазмұн, кҽйтеді-қайтеді, кҽрия-қария т.б. 
2) 
Солтүстік-батыс 
говорларда 
еріндік 
дауыстылар 
айтылатын  жерде  оңтүстік-шығыста  езулік  дауыстылардың 
басым  айтылуы:  бықтыру-бұқтыру,  кебе-кҿбе,  інемі-үнемі, 
кеуірт-күкірт т.б. 
3) Солтүстік-батыс говорларда ш айтылатын жерде оңтүстік-
шығыста  ч  дыбысының  айтылуы:  чеше-шеше,  чал-шал,  чабын-
шабын, ҽнчі-ҽнші,малчы-малшы т.б. 
4)  Солтүстік-батыс  говорлардағы  д  айтылатын  сҿздерде 
оңтүстік-шығыс  говорларда  л  айтылуы:  таңлай-тандай,  тынлау-
тындау, тенлік-тендік т.б. 
5)  Солтүстік-батыс  говорларда  кейбір  сҿздерде  ы,  а 
дыбыстарының  алмасып  айтылуы:  сайаз-сайыз,  айқара-айқыра, 
арқалы-арқылы, айырмысы-айырмасы, ыпы-тыпы-апы-тапы т.б 
6)  Солтұстік-батыс  говорларда  ж  айтылатын  жерде  оңт-
шығыс  говорларда  дж  айтылуы:  джігіт-жігіт,  джоқ-жоқ,  джер-
жер, джайлау-жайлау т.б. 
7)  Солтұстік-батыс  говорларда  кҿбінесе  б  айтылатын  жерде 
оңүстік-шығыста п айтылуы: пейнет-бейнет. 
8)  Оңтұстік-шығыс  говорларда  н,  ң  сонорлардың  алмасып 
отыруы,солтүстік-батыс 
говорларда 
бұл 
құбылыстың 
байқалмауы: қалын-қалың, кҿбен-кҿбең, біздін-біздің, ҿлен-ҿлең. 
9)  Солтүстік-батыс  говорларға  қарағанда  оңтүстік-шығыс 
говорларда  с,  ш  дыбыстарының  жиі  алмасып  отыратыны: 
тұрмыш-тұрмыс, ешек-есек, тышқары-тысқары т.б. 
10)  Солтүстік-батыс  говорларда  кейбір  сҿздерде  ж,  ш 
дыбыстарының  алмасып  отыруы,  бұл  құбылыстың  оңтүстік-
шығыста байқалмауы: былшырақ-былжырақ. 


158 
 
11)  Солтүстік-батыс  облыстарда  кейбір  сҿздерде  д,  т 
алмасуы: деңіз-теңіз, дұз-тұз, дізгін-тізгін, диірмен-тиірмен. 
Бұдан  ҽрі  оңтүстік-шығыс  говорларда  ч,  дж  дыбыстарының 
қолданылуын, б-ның м-ға алмасуына (бұны-мұны,бұнша-мұнша), 
тіл арты ғ, қ дыбыстарының сақталып қалуына (ұрығ-ұру,шабық-
шабу,жамақ-жамау,сылақ-сылау,жоғырмақта-жуырмақта)қарап, 
оның солтүстік-батыс говорларға қарағанда кҿне тілдік белгілерді 
молырақ сақтап қалғаны ескертіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет