Студенттің ӛзіндік жҧмысы:
1) Диалектілерден тҧратын «Нақыл сӛз – ақыл сӛз»
кітапшасын (А6 форматта) қҧрастыру
2) Тіл тазалығы туралы бір ӛлең жаттау
49
4-модуль
Танымдық блок
Диалектілік сипаттағы лексика
Омонимдер диалектілерге жҽне ҽдеби тілге қатысына қарай
құрамы жағынан ҽр түрлі болады.Бір ұядағы омонимдердің бҽрі
де ҽдеби сҿздерден құралуы мүмкін.
Мысалы:
Долы .І. Ҽдеби сҿз. Ашулы, ызақор. Сырыңды жаңа білдім,
долы қатын,Түріктің шығармақсың жаман атын. Ғұсманды
масқаралап бермекшісің ( Малдыбаев).
ІІ. Ауысп. Жауын-шашынды,борасынды. Сорып тартып,
ышқынып, Аш бҿрідей соқты ұлып, Долы дүлей ақ боран
(Ғ.Орманов).
Долы.ІІ. Диалектілік сҿз. Бұршақ. Кейде жаңбырдан кейін
долы жауады ( Шымк.,Сар ).
Сым.І. Ҽдеби сҿз. Телефон, радио бағаналарына тартылатын
жіңішке, ұзын металл.Ҽр бағанаға тартқан сым домбыраның
ішегіндей (Т.Жароков).
Сым .ІІ. Диалектілік сҿз.Матадан тігілген шалбар. Бір күні
қызы ҽкесіне кҿйлек, сым ҽкеліп берді (Алм.,Шел.).
Тҽртіп .І. Ҽдеби сҿз. Белгілі бір қоғам мен ұйым мүшелеріне
берілген ереже. Бауыржан камандирлерді жинап алып, маршта
тҽртіп сақтау жағын батыл ескертті. ( М.Ғабдуллин). Қызмет
тҽртібін қатты ұстайтын Рахмет қажетті жұмысы бар адамды
болмаса, жай келгендерді қабылдамайды ( С.Мұқанов).
Тҽртіп .ІІ. Диалектілік сҿз. Бұйрық, нұсқау. Басқарма
колхозшыларға тҽртіп беріп келді (Орал, Жҽн.). Мен керенау
ҽйелдерге жұмысқа шық деп тҽртіп беріп отырмын (Ж.Тілеков).
Кейде омонимдес сҿздердің бір сыңары ҽдеби тіл сҿзі болып,
қалған сыңарлары не диалектік, не кҽсіби сҿздер болуы мүмкін.
Құлақ .І. Ҽдеби сҿз. 1. Есіту мүшесі: 2. Бас киімнің екі
жағындағы құлақты жауып тұратын бҿлігі; 3. Музыка аспабының
шекті тартып тұратын тетігі; 4. Кейбір заттардың не ұстау үшін,
не іліп қою үшін жасалған тұтқасы; 5.Мылтықтың шүріппесі
(шаппасы); 6. Ауысп. Мола т.б. нарсенің биікше етіп сорайта
салынған бұрышы. 7. Ауысп. Ҿсімдіктің жаңа шығып келе
жатқан жапырақшалары немесе жаңа кҿктеп келе жатқан ҿсімдік.
(ҚТТС. ІІ том).
50
Құлақ. ІІ. Арықтың кішкене жырасы. Ол арықтың құлағын
ашып, су жіберді (Шымк., Сайр.). Кейбір атыздардың су жүретін
құлағына қазықтар қағып, талдырғылап тастайды («Ленин
жолы», 26.59).
Құлақ ІІІ. Мақта қауашағының жеке бҿлігі, мақта
қауашағының құлағы. Құлақта мақта қалмасын ( Шымк., Шар.).
Құлақ. Қайық рулінің сабын бекітетін кіндік ағаш. Қайықшы
рульдің сабындағы имек темірді құлаққа ҿткізді (Гур., Теңіз).
Қазақ говорларында кӛп мағыналық (полисемиялық)
құбылыстар ҿте жиі кездеседі. Бір говорда бір мағынада
қолданылатын сҿз екінші говорда басқа мағынада қолданылуы
мүмкін. Немесе сҿз говорда ҽдеби тілдегі мағынасын сақтай
отырып, қосымша диалектілік мағынада қолданылуы мүмкін.
Қазақ говорларындағы кҿп мағыналықты сҿз еткенде, мынандай
бір жайды ескерген жҿн. Кейбір сҿздердің ҽр түрлі
мағыналарының бҽрі бірдей бір говордың ішінен табылуы
мүмкін. Мысалы: Қуыр. 1. Құбыр. Ҿндірісте су жіберетін қуыр
бар. 2. Пештің түтін шығатын трубасы. Пештің қуыры кең, түтін
қайтпайды.
Кейде
керісінше,
кейбір
сҿздердің
кҿп
мағыналарының бҽрі бір говордан табылмай, батыста бір
мағынада, шығыста екінші түрлі мағынада жұмсалуы мүмкін.
Мысалы, ләгӛн (леген) сҿзі Қазақстанның ҽр жерінде ҽр түрлі
мағынада жұмсалады.
Орталық солтүстік жҽне батыс
аймақтарында леген деп қол жуатын шылапшынды атаса,
оңтүстік облыстарда еттің нанын салатын табақты айтады. Ал
Жайықтың ар жағындағы Жҽнібек, Орда қазақтары ләгӛн // леген
деп самауыр подносын айтады. Мысалы: Қаңылтыр шҽйнекті
алды да, босағадағы ләгӛнге қолын тосқан Асқарға су құйды
(С. Мұқанов). Бұл мысалда ләгӛн сҿзі қол жуатын шылапшын
мағынасында қолданылған.
Араб-иран тілдерінде кесе, бокал мағынасында жұмсалатын
пияла сҿзі қаззақ тілі говорларында ҽр түрлі мағынада жұмсалып
жүр. Бұл сҿз орталық-солтүстік говорларда шамның шынысын
атау үшін қолданылса, оңтүстік говорларда шай ішетін кесені
атау үшін қолданылады. Мысалы: Шамның пияласы кеше сынып
қалып еді (Орал, Чап.). Ҿзі терезе алдынан шамды алып,
пияласын тазарта бастады. Бір пияла шай құйып берші. (Шымк.
Лен.).
51
Сарымсақ сҿзі ҽдеби тілде чеснок мағынасында жұмсалса,
орталық-солтүстік қазақтарының тілінде пияз мағынасында
жұмсалады. Кейде ҽдеби тілдегі сҿз говорда ҽдеби мағынасын
сақтап қалумен бірге, ҿзіне диалектілік мағына қосып алады.
Мысалы, әке сҿзі Жетісу қазақтарының тілінде ҽдеби тілдегі
мағынасын сақтай отырып, оның үстіне шырағым, қарағым
сияқты қаратпа мағынасында жұмсалады. Мысалы, Бері кел,
әкем, қымыз іш (Алм., Нар.). Ҽй, әкем-ай, қамықпашы жоққа, түк
те пҽле болмайды («Жаңа ҿмір», 25.VI. 64.).
Тігу етістігі ҽдеби тілдегі мағынасын сақтай отырып, ағаш
отырғызу, ағаш егу дегендегі отырғызу, егу мағыналарын қосып
алған. Мысалы: Бізге 20 түп ағаш тігу керек (Алм.,Нар.).
Үйлерінің маңына тал тігуде жабыла. (Ш. Самақанұлы).
Тас сҿзі ҽдеби тілдегі мағынасын сақтай отырып, кірпіш
мағынасында да жұмсалады. Мысалы: биыл 20 000 тас соғып,
тұрғын үй салу ойымызда бар (Орал, Жҽн. ).
Кейде ҽдеби тілдегі сҿз мүлдем басқа диалектілік мағынада
қолданылады. Мысалы, әжептәуір деген сҿз ҽдеби тілде жақсы,
тҽуір деген мағынада жұмсалса, Орда қазақтарының тілінде
жағымсыз мағынада жұмсалады. Ерсі сҿзі ҽдеби тілде жағымсыз
мағынада жұмсалса, Шығыс Қазақстанда, семей облысының
кейбір аудандарында жақсы, керемет мағынасында қолданылады.
Там сҿзі тілімізде екі түрлі мағынада айтылады. Оңтүстік-
шығыс қазақтарының тілінде бұл сҿз үй мағынасында
жұмсалады. Тозған елді там жияр (мақал). Тауық құсқа ұшу жоқ,
там үйлерге кҿшу жоқ (мақал). Ал, солтүстік-батыс
аймақтарында бұл сҿз мола, моланың күмбезі мағынасында
айтылады.
Кейде ҽдеби тілде бір-ақ мағынада жұмсалатын сҿздің
говорларда мағынасы кеңейе түседі. Мысалы, пәс сҿзі ҽдеби тілде
пәс адам түрінде тек адамның мінезімен байланысты қолданылса,
Шымкент, Жамбыл облысының кейбір аудандарында ҽдеби
тілдегі мағынасын сақтай отырып, оның үстіне пәс стол, пәс
орындық, пәс ағаш дегендей, аласа мағынасында да айтылады.
Мысалы: Мына ағаш пәс екен (Шымк., Сайр.).
Қазақ тілінде сҿздердің метафоралы қолданылуын зерттеп
жүрген Б. Хасанов диалектілік лексиканың қалыптасуында
метафоралық құбылыстың ерекше мҽні бар екеніне кҿңіл
аударады. Мысалы, Батыс Қазақстан облысында қандаланы
52
сасық, жҧмсақ, қызыл деп, ҽр түрлі атайтын болса, бұл атаулар
қандаланың иісіне , қалпына, түсіне байланысты бұрыннан
белгілі сҿздердің ауыс мағынада қолданылуынан туып отыр. Бұл
арада ҽрбір сҿз жалпыхалықтық мағынасымен қатар жергілікті
жерге ғана тҽн басқа мағынаға ие болып тұр. Осылайша
метафоралық құбылыс арқылы кҿп мағыналы диалектілік сҿздер
туады. Жергілікті халық тіліндегі жалт (найзағай), тостақан
бақа (тасбақа), қозықҧйрық (саңырауқұлақ), жатыс кҥн (демалыс
күн) т.б. сҿздердің пайда болуы осы сияқты.
Достарыңызбен бөлісу: |