диалектология жҽне тарихи диалектология болып бҿлінеді.
Тарихи диалектологияның міндеті – жазба ескерткіштердегі
жҽне этнография, т.б. тарихи мҽліметтерге сүйене отырып,
диалектілердің даму сипатын, қалыптасу тарихын ашу.
Сипаттама диалектологияның міндеті – диалектілер мен
сҿйленістердегі ерекшеліктердің қазіргі жайы мен таралған
кҿлемін сипаттап түсіндіру, ҽдеби тілден қандай ерекшеліктері
бар екенін анықтау.
Диалектологияға қажетті материал экспедициялық жолмен ел
арасынан жинау нҽтижесінде жҽне лингвистикалық география
ҽдістерін қолдану арқылы жасалады. Зерттеушілер бұл екі ҽдісті
кҿбіне бірлікте, бір-бірімен сабақтастыра алып қарайды. Қазақ
диалектологиясы жҿніндегі алғашқы талпыныс 1937 жылы
Нарынқол, Кеген, Мақтарал, Нұра аудандары қазақтарының
тілінен дерек жинаудан басталды. 1944 жылы Ж.Досқараевтың
қорғаған кандидаттық (Оңтүстік диалектісінің кейбір мҽселелері),
1948
жылы
С.Аманжоловтың
докторлық
(Қазақ
диалектологиясының негізгі проблемалары) диссертациясы қазақ
5
диалектологиясының ғылым ретінде дүниеге келуінің басы
болды. Қазір қазақ диалектологиясы тіл білімінің дербес
саласына айналды.
Диалектілік ерекшеліктер түрлі тілдерде бірінде аз, бірінде
кҿп мҿлшерде сақталған. Қазіргі диалектілер алғашқы қауымдық
құрылыс кезінде тайпаның сҿйлеу тілі болған. Демек, диалект
дегеніміз - жалпыхалықтық тілдің бір тарауы, одан тыс құбылыс
емес.
Диалектология ғылымының теориялық негізі марксизм-
ленинизм классиктерінің еңбектерінде берілген. К.Маркс пен
Ф.Энгельс диалектінің алғашқы қауым кезінде ру, тайпа тілі
ретінде, одан кейінгі қоғамдарда халық, ұлт тілдерінің бір бҿлігі
ретінде адамдар коллективіне қызмет еткенін кҿрсетті. Алғашқы
қоғамда ҽрбір тайпаның ҿзінің тілі болған. Ф.Энгельс тайпа мен
диалект жҿнінде: «Тайпаның ҿзіне ғана тҽн ерекше диалектісі
болды. Шындығында, тайпа мен диалект бір-біріне сай келеді», -
дейді. Тайпа ҿз ішіндегі адамдардың кҿбеюіне байланысты
бҿлшектеніп, одан енді бірнеше жаңа тайпа бҿлініп шығады.
Бҿлініп шыққан туыс тайпалар бірінен-бірі территория жағынан
қашықтап, олардың ҽрқайсысының тұрмысында, сондай-ақ
тілінде ҿзіндік ерекшелік пайда болады. Осылайша бастапқы
біртұтас тайпа тілінен туыстас бірнеше тайпа тілі жасалды.
Ал халық, ұлт тілдерінің құрамындағы диалектілерге келсек,
олар басқаша қоғамдық құрылыс жағдайында қалыптасқан. Енді
адамдар бірте-бірте бұрынғыдай ру-тайпасына қарай емес,
тұрғын жерлеріне, қоныстанған территориясына қарап жіктелетін
болған. Сол себептен де диалектілер жергілікті сипат ала
бастаған. Халық, ұлт тілдерінің, жергілікті диалектілердің пайда
болуынан тайпалық тіл белгілері тіпті де із-түзсіз жоғалып
кетпейді. Халықтардың қоғамдық, тарихи жағдайы біркелкі
еместігін жҽне тіл құрылысының негізінен тұрақты сипаты барын
еске алсақ, қазіргі кезде де кҿне дҽуірде пайда болған тайпалық
тілдерге тҽн кейбір сҿздер, тұлғалар сақталып қалған.
Жергілікті диалектілердің қалыптасуы, дамуы белгілі тарихи
жағдайларға,
қоғамдық-экономикалық
формациялардың
ауысуына байланысты. Кейбір тарихи жағдайлар, қоғамдық-
экономикалық формациялар жергілікті диалектілердің дамуына,
тілдегі диалектілік ерекшеліктердің молаюына қолайлы болды.
Кей тарихи жағдайлар, керісінше, диалектілердің дамуына бҿгет
6
жасады,
олардың
бірте-бірте
жойылуына
ҽкеп
соқты.
Диалектілердің дамуына неғұрлым қолайлы жағдай феодализм
дҽуірінде туды, себебі натуралды шаруашылықтың басым болуы,
ел ішінде тығыз экономикалық байланыстың болмауы халықты
саяси, экономикалық жағынан бҿлінушілікке ҽкеп соғады, осыдан
барып бірыңғай тілдік байланыс бұзылады. Елдің экономикалық
жағынан тұйықталған жеке аудандарында жергілікті диалектілер
қалыптаса бастайды. Феодалдық дҽуірдегі бҿлінушілік неғұрлым
күшті болса, соғұрлым диалектілердің дамуына қолайлы жағдай
туады. Тілдегі жалпыхалықтық емес жеке эементтер феодализм
дҽуірінде бұрынғысынан да молая түседі. Сол себепті де
феодализм дҽуірінде тілде жергілікті диалектілер ҿте кҿп болды.
Бірақ рулық бытыранқылықтың жойылып, ірі феодалдық
мемлекеттердің құрылуынан, капитализмнің дамып, ұлттардың,
ұлт тілдерінің пайда болуынан диалектілер бірден жойылып
кетеді деп ойлауға болмайды. Ұлт тілдерінің қалыптасуы кезінде
жаңа диалектілік ерекшеліктер бұрынғыдай дами алмайды., бірақ
бұрыннан қалған диалектілік ерекшеліктер ұзақ уақыт сақталады.
Дегенмен, капитализм дҽуірінде ҿндірістің капиталистік тҽсілінің
дамуымен, ұлттың жҽне ұлт тілдерінің қалыптасуымен
байланысты жергілікті диалектілер бұрын болмаған ҿзгеріске
ұшыраған.
Жергілікті диалектілердің жойлуына ҿте-мҿте қолайлы
жағдай социализм дҽуірінде туып отыр. Ҽдеби тілдің ҽсері бұл
кезде мейлінше күшейді. Халық ағарту ісінің, мҽдениеттің алға
басуы, баспасҿздің, радионың кең тарауы т.б. жергілікті
диалектілерге ҽдеби тілдің ҽсерін арттыратын факторлар болып
табылады.
Халық я ұлт тілдерінде кездесетін ерекшеліктер ешуақытта
бірыңғай сипатта болған емес. Олар пайда болу жағынан да,
жалпыхалықтық ҽдеби тілге қатысы жағынан да ҽр түрлі болып
келеді. Бұлар тіл білімінде жергілікті жҽне ҽлеуметтік диалектілер
немесе говорлар болып екіге бҿлініп жүр. Жергілікті диалектілер
дегеніміз – белгілі бір жердің, аймақтың халқына қызмет ететін,
дыбыстық, грамматикалық жҽне лексикалық жағынан ҿзіне тҽн
ерекшелігі бар жалпыхалықтық тілдің бҿлігі, тармағы. Ал
ҽлеуметтік диалект деп белгілі бір топтағы адамдардың я арнаулы
кҽсіппен шұғылданушылардың тіліндегі ерекшеліктерді айтамыз.
Бұлардың қай-қайсысы болсын халықтық тілдің тармақтары болып
7
табылады. Дегенмен, тілдік ерекшеліктерінің қалыптасуы, тіл
тарихында алатын орны, ұлттық ҽдеби тілге қатысы тұрғысынан
алғанда, олардың біраз айырмашылықтары бар.
Біріншіден, белгілі бір тілдегі диалектілер мен говорлар сол
тілге тҽн жалпы белгілерді сақтай отырып, бір-бірінен
фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік жҽне лексикалық
жағынан түрліше ерекшеліктерге ие болады. Ал ҽлеуметтік
диалектілер, негізінен алғанда, ҽдеби тілдегі немесе жергілікті
халық тіліндегі жалпыға бірдей дыбыстық, грамматикалық
құрылысты жҽне сҿздік құрамды пайдаланады. Олардың
ерекшелігі тек арнаулы сҿздер мен терминдерді, ерекше
фразеологиялық тіркестерді жҽне кейбір синтаксистік тҽсілдерді
жиі қолдануынан кҿрінеді.
Екіншіден, жергілікті диалектілер мен говорлардың
территориясын, таралған кҿлемі мен шегін белгілеуге ҽбден
болады. Ал ҽлеуметтік диалектілердің қамтитын ондай нақты
тұрақты территориясы жоқ. Себебі бір жердің ҿзінде ҽр түрлі
кҽсіп адамдары, ҽлеуметтік топтар болуы мүмкін.
Үшіншіден, тіл тарихын жасауда жергілікті диалектілер мен
говорлардың алатын орны зор. Шын мҽнінде жергілікті
диалектілер мен говорларды зерттемейінше халықтық, ұлттық
тілдер мен ҽдеби тілдің қалыптасу тарихын толық білу мүмкін
емес. Ұлттық тіл де, кейде ҽдеби тіл де жергілікті диалектінің,
говорлардың негізінде дамиды. Мысалы, орыстық ұлттық ҽдеби
тілі Москва говорының, ағылшынның ұлттық ҽдеби тілі Лондон
диалектісінің,
Италияның
ұлттық
ҽдеби
тілі
Тоскан
говорларының негізінде жасалғаны белгілі.
Ал ҽлеуметтік диалектілердің тіл тарихында алатын мҽні
шамалы. Олардың ішінен тек жергілікті кҽсіптік мҽні бар сҿздер
ұлттық ҽдеби тілдің лексикасын байытуда, жетілдіруде белгілі
мҿлшерде үлес қосады. Бұл айтылғандардан жергілікті
диалектілер мен говорлардың тіл тарихында алатын орны ерекше
екенін аңғаруға болады. Сол себепті диалектология ғылымының
зерттейтін негізгі объектісі жергілікті диалектілер болып
табылады.
Қазіргі қазақ тілі бүкіл қазақ халқына ортақ біртұтас қарым-
қатынас құралы болып табылады. Бұл ортақтық, біртұтастық
сҿздік
құрам
мен
грамматикалық
құрылыстың
негізі
жалпыхалықтық, барлық қазақ тілінде сҿйлеушілер үшін ортақ
8
екендігіне байланысты. Бірақ тілдің біртұтастығы деген ұғым
қашанда оның барлық элементтері сол тілде сҿйлейтін жердің
бҽрінде бірдей деген ұғымды бермейді. Тілдегі заңдылықтардың
бҽрі бірдей емес, олардың ішінде тілдің бірлігі үшін
маңыздылары, негізгілері бар да, сондай-ақ маңызды еместері де
бар. Аса маңыздылары бүкіл тілді қамтиды, олардан тілдің
біртұтстығы кҿрінеді. Ал онша маңызды еместері де бар, олар
тілдің белгілі бір тармағын, азғана бҿлігін қамтиды. Мҽселен, аса
қажетті заттық, қимылдық, сапалық т.б. ұғымдары білдіретін
сҿздер, негізгі грамматикалық байланыстар мен сҿздердің ҿзгеру
тҽсілдері, сол сияқты дыбыстық құрылыстың негізгі заңдары
қазақ тілінің барлық жергілікті диалектілеріне де, жалпыға бірдей
ҽдеби тілге де ортақ, негізі бір. Сол себепті оларды жалпыға
бірдей ортақ элементтер дейміз. Ал тек диалектілерде кездесетін
жергілікті
ерекшеліктер
тілдің
неғұрлым
маңызы
аз
элементтерінен құралады жҽне олар барлық аймақтарға тарамай,
шағын территорияда ғана қоланылады. Сол себепті оларды бүкіл
халыққа ортақ емес, жеке элементтер дейміз. Жалпыға бірдей
ортақ
элементтер
басым
жҽне
тілдің
негізін
қамти
алмайтындықтан, керісінше, ортақ емес, жеке элементтер одан аз
жҽне тілдің негізін қамти алмайтындықтан, ҽр аймақтың
тұрғындары бір-бірімен еркін түсініседі. Мҽселен, Ақтҿбе мен
Шығыс Қазақстан облыстарының тұрғындары ҽрқайсысы ҿз
говорымен сҿйлесе де, бір-бірімен оңай ұғыныса алады. Мұның
ҿзі қаншама дыбыстық, грамматикалық ерекшеліктер барлығына,
ҽсіресе, лексикалық ҿзгешіліктердің молдығына қарамастан,
қазақ тіліндегі диалектілер мен говорлардың ҿзара жақын
екендігін байқатады. Кҿптеген шетел тілдерінде (неміс, ағылшын,
итальян, қытай), сондай-ақ біздің еліміздегі этнос тілдерінің
бірсыпырасында диалектілік айырмашылық ҽлдеқайда басым.
Қытай, Үнді халықтарының тілдерінде диалектілердің бір-бірінен
алшақтығы сонша, тіпті ҽр жердегі тұрғындардың ҿзара
түсінісуіне қиындық келтіреді.
Қазақ тілінің диалектілері мен говорларындағы ерекшеліктер
құрамы, сипаты жағынан біркелкі емес. Олардың ішінде кҿне
замандардан қалған тілдік белгілер де, жергілікті тіл дамуынан
туған құбылыстар да, басқа тілдердің (кҿбінесе кҿрші түркі
тілдерінің) ҽсерімен пайда болған ерекшеліктер де кездеседі. Бұл
жағдай осы күнгі ҽдеби тіл тұрғысынан қарағанда жергілікті
9
ерекшелік болып кҿрінетін сҿздер мен тұлғалардың, дыбыстық
құбылыстардың қазіргі дҽуірге дейін ҿте күрделі процестерді
басынан ҿткізіп, бірнеше ғасыр бойы қалыптасқанын аңғартады.
Жалпы алғанда, қазақ говорлары тҿмендегідей қарым-қатынасқа
түскені байқалады: а) говорлардың туыс тілдермен (ҿзбек, татар,
қырғыз) т.б. б) қарым-қатынасы; ҽ) говорлардың туыс емес,
жүйесі бҿлек тілдермен (орыс, араб, парсы) қарым-қатынасы;
в) говорлардың ҽдеби тілмен қарым-қатынасы; г) говорлардың
ҿзара қарым-қатынасы.
Қазақ тіліндегі диалектілік ерекшеліктердің қолданылу ҿрісі,
таралу шегі де бірдей емес. Бірқатар ерекшеліктердің таралу
аймағы бір-екі аудан немесе бір облыс кҿлеміндей шағын
территорияны қамтыса, енді бірқатар ерекшеліктердің таралу
аймағы – изоглостық шектері – одан ҽлдеқайда кең. Мысалы,
солтүстік
батыста
Достарыңызбен бөлісу: |