Байланысты: Ниязгалиева А., Турганалиева Г. Қазақ диалектологиясы
қитақ (атыздың іші), жадау (үлкен арық) т.б. сҿздерді ҽркім біле
бермейді. Ҽрине, белгілі кҽсіп, шаруашылықпен байланысты
сҿздердің бҽрін де халыққа түсініксіз деп қарамау керек.
Олардың ішінде ежелден жалпы халықтық болып, тіпті негізгі
сҿздік қорға еніп кеткендері де аз емес. Мысалы, шортан, қармақ, алабҧға, жайын сҿздері ешкімге де жат емес.
Ҽлеуметтік диалектілердің анықтамасы, түрлері жайында ҽр
түрлі пікір бар. А.С. Чикобава ҽлеуметтік диалектілерге белгілі
мамандықтағы жұмысшылардың (тоқымашы, етікші, балташы,
қалаушы т.б.), ой еңбегі адамдарының (дҽрігер, агроном,
математик, филолог) арнаулы сҿздерін жҽне буржуазия мен
16
дворяндық
аристократияның
―таптық‖
диалектілерін
(жаргондарын) жатқызады, ал Л.А.Булаховский ҽлеуметтік
диалектілер деп ―таптық‖ диалектілерді, жаргондар мен салондық
тілдерді ғана есептейді.