А.Ә. Ниязғалиева, Г. Г. Тҧрғаналиева



Pdf көрінісі
бет67/200
Дата06.01.2022
өлшемі1,37 Mb.
#14641
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   200
Байланысты:
Ниязгалиева А., Турганалиева Г. Қазақ диалектологиясы

ҥ– ҧ/ ы – і: бызау – бұзау, қыбыла – құбыла, тымақ – тұмақ, 
тыман  –  тұман,  былақ  –  бұлақ,  пышық  –  пұшық,  бҧлғары  – 
былғары, шыбыр – шұбар, індемеу – үндемеу т.б.  
а/е: кемпір – сампыр – кемпір - семпірлапырып ( сҿйлеу) – 
лепіріп  ( сҿйлеу ), бабау қағу – бебеу қағу т.б. 
ы/а: айқыра құшақтау – айқара құшақтау, арқалы – арқылы, 
қажарлы – қажырлы, топшалады – топшылады т.б. 
е/і:  кесертке  –  кесіртке,  ерегісу  –  ерегесу,  керпіш  –  кірпіш, 
елеген – ілеген т.б. 
е/ә: кесіп – кҽсіп, кеп//кәп – гҽп, бекі – бҽкі, кәсе – кесе, ләгӛн – 
леген, терте – тҽрте, зәмбәл – зембіл.    
Дауыссыз дыбыстардың алмасуы. 
Д  /  л.  Д  мен  л  дыбыстарының  алмасуы  –  оңтүстік  жҽне 
шығыс  говорларына  тҽн  құбылыс.  Бұл  алмасу  тҿмендегі 
жағдайларда кездеседі.  
С/ш.  Мышық  –  мысық,  машқара  –    масқара,  сайқымазақ  – 
шайқымазақ, тұрмыш – тұрмыс, ешек – есек, мұрса – мұрша, сама – 
шама, қышқаш – қысқаш, қауысу – қауышу т. б. Мысалдар: Біздің 
үйде  екі  мышық  бар  (Шымк.,  Сар.).  Біз  кейде  есек,  кейде  ешек 
дейміз  (Шымк.,  Ленг.).  Біз  онымен  жолда  қауыстық.  Ҽйтеуір, 
ҿлмей  аман  қауысқаның  жақсы  болыпты.  Оңтүстік  жҽне  батыс 
сҿйленістеріне тҽн. Тұрмыш-тұрмыс, мүшҽпір-мүсҽпір, тышқары-
тысқары,  беш-бес,  машқара-масқара,  ауышқан-ауысқан,  шҽрт-
серт. Қырманы бірдің шамалы бір. 
Д/т. Тоғару – доғару, тиірмен – диірмен, томалау//тұмалау – 
домалау, ҽтейі - ҽдейі, тоға – доға, дізгін – тізгін, тілмар – ділмар, 
дізе  –  тізе,  томалақ-домалақ,  тушар-душар,  дым-тым,  дұрбат-
тұрпат, дермен-тиірмен, даярланбау-таярланбау (Орынбор обл.) 


80 
 
Мысалдар:  Ұйымдастыру  жұмысының  дұрыстығын  20 
шілдеге  дейін  тергеп  шығу,  кемшіліктерді  орнында  дүзеу  ЖШС 
директорына  міндет  етілсін.  Жаңа  дүние  жасалды,  Тұрмысын 
халық  дүзетіп  (Н.  Байғанин).  Арқабаев  Сұлтан  екеуміз  Саға 
ауылында тушар болдық (Орын., Ад.).  
П  /  м.  Мейіл  –  пейіл//бейіл,    мұрсат  –  пұрсат,  меш  –  пеш, 
сақманшы  –  сақпаншы,  пақта-мақта,  пашақ-масақ,  панай-манай. 
Жаптың  панайы  қалың  тоғай.  Бес  сақманшы  тҿлдің  есебін 
жүргізді  (Алм.,  Алак.).  Мал  тҿлдету  кезінде  маған  2  сақпаншы 
бҿліп  берді  (Орал,  Чап.).  Шопандарға  қой  қоздату  науқаны 
кезінде кҿмекке сақманшылар бҿлінді.  
Б / п. Беш – пеш, балау – палау, бапа – папа, бұт – пұт, бейіл – 
пейіл,  пияз  –  бияз,  пейнет  –  бейнет,  пітіру  –  бітіру,  пал  –  бал, 
пида – бұйда, кепе – кебе, полат – болат, пұл – бұл, байда – пайда, 
бұтақ  –  пұтақ.  Сҿз  басындағы  б  дыбысын  п  дыбысымен  айту  - 
ҽсіресе  оңтүстік  говорлар  тобына  тҽн.  Батыс  ҿлкесінің 
тұрғындары  жоғарыдағы  сҿздерді  б-мен  айтып  дағдыланған. 
Оңтүстік-шығыста 
Палуаншолақ 
десе, 
солтүстік-батыста   
Балуаншолақ  дейді.  Мысалы,  Біржан  сал,  Ақан,  Ҽсет, 
Палуаншолақ,  солардың  жолын  қудың  ҽнін  салып  (Шашубай 
ақын). Қонаққа балау жасап берші (Орал. Чап.). Тапамызды кеше 
балалар  алып  кеткен  еді  (Алм.,  Шел.).  Сенің  қанша  пұлың  бар? 
(Шымк,. Сар.). Оның істеп жүргені бендешілік қой (Орын,. Ад.). 
Ҽне бапаң келе жатыр (Орал. Чап.).  
К / г.  Бҿтеге – бҿтеке, теңке – теңге, нҿгер – нҿкер, гіл - кіл, 
шҿңге  –шҿңке,  гүлҽбі  –  күлҽбі,  гіналау  –  кіналау.  Мысалдар: 
Есберген, Жылыбай мен Қалабайдың, білемін кҿрмегенмен оның 
жайын. Қаладан бір теңкеге сатып алса, таратат үш теңкеге шекер – 
шайын  (Орын.,  Ад.).  Қырық  күндей  той  қылып,  дҽурен  етті, 
қырық  қара  нар  арттырып  қыз  жҿнелтті.  Шырағым,  жұрттан 
жалғыз  шықпасын  деп,  Қырық  нҿгерді  баланың  қасына  ертті 
(«Қозы Кҿрпеш – Баян сұлу»).  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет