81
шал, чапан – шапан, чақыру – шақыру, чегара – шекара, чатақ –
шатақ. Кейде -шы, -ші, -ыншы, -інші, -ша, -ше жұрнақтарының
құрамындағы ш дыбысы сонор дыбысқа аяқталған түбірлерге
жалғанғанда, ч дыбысына аяқталады. Мысалы: бойынча –
бойынша, бірінчі – бірінші, малчы – малшы, сауынчы – сауыншы
т.б. Ш жҽне ч дыбыстарының алмасуы моңғол халық
республикасында тұратын қазақтардың тілінде де кездеседі.
Мысалы: чатақ – шатақ, чҿп – шҿп, чикі – шикі т.б.
Ҽдетте оңтүстік шығыс сҿйленістеріне тҽн. Чатақ-шатақ,
чапқы-шапқы, малчы-малшы, мұнча-мұнша, екінчі-екінші, чикі-
шикі. Дҿң басында чалдар ҽңгімелесіп отыр.
Ж / д. Ұлы дүз – ұлы жүз, дүз сом – жүз сом, дүзік – жүзік,
жұмалау – домалау, суда дүзу – суда жүзу. Мысалы: Бұлар Ұлы
дүздің адамдары ғой (Орал. Жымп.). Бір тапалтақ, мұртты
капитан жұмаланып жетіп келді (Ҽ.Нұрпейісов.). Ҿзің жоқ жерде
үйіңді бар жанымен ҿртеп жіберуге бұлардың дүзі жанбайды
(Х.Есенжанов).
Достарыңызбен бөлісу: