82
Егер есімдік дауыстыға бітсе, ол дауысты дыбыс түсірілмей
ашық айтылады. Мысалы: Осы йерден сен қателестің ғой деймін.
Ана йақта ойнап жүрген болар (Қ.орда, Қарм.). Ат үстінде
аударылып, сілтейді ойақ-бұйағынан (А.Тоқмағамбетов). Бара
жатыр, келе жатыр сияқты күрделі етістіктер кейде бара йатыр,
келе йатыр түрінде айтылады немесе баратыр, келатыр болып,
екінші сыңарындағы ж дыбысы түсіп қалып айтылады. Ж-ның
түсіп қалуы тек –а, -е кҿсемшелі күрделі етістіктерге ғана тҽн
емес, -ып, -іп, -п кҿсемшелі тұлғалы етістіктермен тіркескенде де
түсіріліп айтылуы мүмкін. Мысалы: сатып атыр, салып атыр,
айтып атыр т.б. Бұл құбылысты ҿткен ғасырда Н.И.Ильминский
де байқаған болатын. Сҿз басындағы ж дыбысын аффрикат ж
(дж) дыбысына бейімдеп айту – шығыс говорларына тҽн.
Мысалы: жылқы – джылқы, жоқ – джоқ, жігіт – джігіт, жаман –
джаман, олжа – олджа.
Достарыңызбен бөлісу: