А.Ә. Ниязғалиева, Г. Г. Тҧрғаналиева



Pdf көрінісі
бет92/200
Дата06.01.2022
өлшемі1,37 Mb.
#14641
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   200
Байланысты:
Ниязгалиева А., Турганалиева Г. Қазақ диалектологиясы

тын жұрнағы -тұғын қосымшасының ықшамдалған түрі. 
Біріккен  сӛздер.  Қазақ  говорларында    бір-  бірімен  бірігіп 
жасалған  сҿздер  кҿп.  Кейбір  біріккен  сҿздердің  жігі  айқын 
ажырап,  олардың  біріккендігі  бірден  кҿзге  түсіп  тұрса  (шаңтас, 
кемпірауыз, атауыз т.б.), енді бірқатар сҿздердің жігі ажырамай, 
бір-  бірімен  жымдасып  кеткен.  Олардың  бастапқы  түбірлері 
бірден    табыла  қоймайды.  Мысалы,  шалорақ  (Гур.,  Маң.)  сҿзі 
шалғы  жҽне  орақ  сҿздерінің  бірігуінен  жасалса,  шымшуыр 
мағынасындағы  мәстемір  (Орал,Чап.)  сҿзі  маса  жҽне  темір 
сҿздерінің бірігуінен жасалған. Ал алшалғы//\алчалғы, алжапқыш 
сҿздерінің  құрамындағы  алғашқы  ал  сыңарлары  алд,  алды  (бір 
нҽрсенің  алды)  мағынасындағы  сҿз  де,  қалған  компоненттері 


100 
 
ҽдеби  тілде  жеке  дара  қолданылатын  шалғы,  жапқыш  деген 
сҿздер.  
Құрамындағы  компоненттердің  мҽнсіз,  мҽнділігіне  қарай, 
ҽдеби  тілде  жеке  қолданылу,  қолданылмауына  қарай  біріккен 
сҿздер бірнеше топқа бҿлінеді.  
Аскәді-  асқабақ.  Бұл  сҿз  ас  жҽне  түркімен  тіліндегі  кәди 
(асқабақ) деген сҿздердің бірігуінен жасалған. Мысалы, Дүкенге 
барып, аскәді алып келу керек (Түрікм,. Таш.).  
Бесақа-  бестармақты  тырма.  Бұл  сҿз  бес  жҽне  ақа  (тырма) 
сҿздерінің бірігуінен жасалған. Үш тармақты болса ҥшақа дейді. 
Қазақстанның  бірқатар  жерінде  тырманы  аша  дейді  де,  үш 
тармақты тырма болса, ҥшаша деп атайды.  
Белкҥрек-  күрек.  Бұл  сҿз  парсы  тіліндегі  бел  (күрек)  жҽне 
тіліміздегі кҥрек сҿздерінің бірігуінен жасалған сҿз. 
Құрамындағы  компоненттері  ҽдеби  тілде  жеке  -дара 
қолданылатын  біріккен  сҿздер  тобына  тҿмендегі  сҿздерді  
жатқызуға болады. 
Аяққап. Бұл сҿз аяқ жҽне қап сҿздерінің бірігуінен жасалған. 
Дүкендерде аяққаптың кҿп түрлері бар (Түрікм., Краснов.). 
Екі сыңары ҽдеби тілде қолданылмайтын түсініксіз сҿздерден 
құралған біріккен сҿздер говорларда сирек кездеседі.  
Говорларда  сҿз  тұлғасымен  байланысты  тағы  бір  ерекшелік 
бар.  Ол  ҽдеби  тілде  айтылатын  кейбір  сҿздердің  говорларда 
қысқартылып, 
ықшамдалып 
айтылуы. 
Ондай 
сҿздердің 
ықшамдалып  айтылуы  бірде  қосымшаның  түсіріліп  айтылуымен 
байланысты  болса,  бірде  сҿз  құрамындағы  белгілі  бір  буынның 
түсырылып айтылуымен байланысты болады. Мысалы:  
Кіл//кілең.  Кіл  еңбекші  бас  қосқан,  бір-  біріне  сенімді  (Ақт., 
Темір).  Кіл  сырықтай-  сырықтай  сирағы  ұзын  немістер  екен                
(Ҽ. Нұрпейісов). 
Ерек//ерекше.  Түтіндемей  жанатын,  қасиетті  ерек  бір.  Адам 
тілін алатын, керемет бұл электр. 
Бір-жар.  Бірлі-жарым.  Бағып  отырған  бір-жар  малымыз  да 
бар (Гур., Маң.).  
Бұлардан  басқа  шабар  (шабарман),  бостан  (бостандық) 
сияқты сҿздер қосымшалы, қосымшасыз түрінде айтыла береді. 
Қос сӛздер. Қазақ говорларында қос сҿз тұлғасында айтылатын 
сҿздердің  саны  ҿте  кҿп.  Олардың  құрамында  қайталама  қос 
сҿздермен  бірге  құрамы  ҽр  түрлі,  компоненттері  бір-біріне 
ұқсамайтын  қос  сҿздер  жиі  ұшырайды.  Ондай  қос  сҿздердің 


101 
 
құрамындағы  сыңарларының  мағыналы,  мағынасыздығына  қарай 
бірнеше топқа бҿлуге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет