98
қысқартылмай, толық (жатырған) күйінде қолданылады: Кеше
Теке қаласына бара жатырған (Орал, Жҽн.).
2. Қазақ говорларында бұйрық рай тұлғаларының бірнеше
түрі кездеседі. Екінші жақ бұйрық райлы етістік ҿзбек,
қарақалпақ қазақтарының тілінде жҽне Маңғыстау говорында -
ың, -ің, -ң жұрнақтары арқылы жасалады. Мысалы: барың (бар),
келің (кел), айтың (айт) т. б. Домбыраны жақсы чалады екенсің,
енді бір ауыздап жіберің (Гур., Маң.). Кел, жастар, осындайда
оқып қалың, ғылымға неше түрлі кҿзің салың (Қарақалпақ қаз.).
Етістіктің бұл тұлғасы Маңғыстаумен шектес Ақтҿбе облысынан
шыққан Нұрпейіс ақынның шығармаларында да кездеседі.
Егіске кірісетін туды күнің,
Ҿнімді мол алудың жолын білің (Н. Байғанин).
Майдан үшін ҿсіріп,
Берің жүйрік арғымақ.
Ет, май, астық, овощқа
Молықтырың елінді (Н. Байғанин).
Бұл тұлғаның бірде халықтың ауызекі тілінде, бірде жазу
нұсқаларда кҿрініп қалуы кездейсоқ нҽрсе деп есептеуге
болмайды. Осы -ың, -ің, -ң бұйрық райлы етістіктің қазақ
говорларында сақталып қалуы, ҽдеби тіліміздегі
бар-ың-дар,
жҥр-ің-дер сияқты сҿздерде
барың, жҥрің деген түбірлердің
сақталып қалуы ерте кезде қазақ тілінде барың, жүрің
тұлғаларының ҿз алдына дербес қолданылғандығын дҽлелдейтін
сияқты «...-ңдар қосымшасының құрамындағы ҽдеби тілде қазір
тек кҿптік жалғауымен бірігіп, біртұтас морфологиялық
кҿрсеткіш ретінде ғана жұмсалатын -ң элементінің ҿз бетінше
жеке қосымша болғандығын аңғарамыз».
Бұйрық райдың бұл тұлғасы башқұрт, ҿзбек, ұйғыр,
түрікмен т. б. түркі тілдерінде бар. Оны біз түркі жазу
нұсқаларынан да кездестіреміз.
Достарыңызбен бөлісу: