Атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет166/204
Дата06.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#14830
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   204
Байланысты:
{CF395923-CB60-413E-9F69-F9338E1D4631}

ТҰЛҒАНЫҢ БІЛІМ ДЕҢГЕЙІН  
КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУДЫҢ ЖОЛДАРЫ 
 
Аңдатпа:  Мақалада  тұлғаның  білім  деңгейін  критериалды  бағалаудың  жолдары 
туралы 
мәселе 
қарастырылған.Оқу 
үдерісінде 
қолданылатын 
критериалды 
бағалаудыңтүрлеріне  тоқталған  Атап  айтсақ,  «Семантикалық  карта»,  «Үздік  ойлар», 
«Интервью»,  «Қай  топ  жылдам»,    «Детальдарын  қосу»,  «Бір  айналым  сөйлесім»  және 


290 
 
тағы  басқалар.    Аталған  тәсілдерге  негізделген    тапсырмаларды  орындау  арқылы 
бағалаудың тиімділігін, нәтижесін көрсеткен. 
Кілт сөздер: критериалды бағалау, тұлға, әдіс, тәсіл, функционалды сауаттылық. 
 
«Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет» − 
деп  ұлы  данамыз  Шоқан  Уалиханов  бекер  айтпаған.  Еліміздің  болашағы  көркейіп, 
өркениетті  елдер  қатарына  қосылуы,  бүгінгі  ұрпақ  бейнесімен  көрінеді.  Осы  жолда  білім 
нәрімен  сусындатып  жүрген  ұстаздардың  еңбегі  зор.  «Келер  ұрпақ  алдында  зор 
жауапкершілік  жүгін  арқалап  келеміз»,  −  деген  Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың  сөзі  ұстаздар 
қауымына  үлкен  міндет  жүктеді.  Ол  еліміздің  білім  жүйеcінің  тың  идеялaрға  негізделген 
жаңа мaзмұнын қамтамаcыз ету міндеті.  
Бағалаудың  әр  түрлі  тәсілдерін,  әдістері  мен  техникасын  оқушылардың  өтілген 
тақырыпты  түсіну  дағдыларын  қалыптастыру  дәрежесін  анықтау  мақсатында  мәліметтер 
жинау  үшін  ұтымды  қолдану  мұғалімге  оқытуды  жүйелеуге  мүмкіндік  береді,  яғни  әр 
оқушының  талабы  мен  мүмкіндігі  ескеріледі,  ал  оқушы  білім  алуына  және  алдағы  өміріне 
қажетті  өзінің  білімін,  жоғары  құзіреттілігін  қалыптастыруын  бақылайды.  Ол  критериалды 
бағалау негізінде жүзеге асады.  
Критериалды  бағалау  –  бұл  білімнің  мақсаты  мен  мазмұнына  сәйкес  келетін, 
оқушылардың  оқу-танымдық  біліктілігін  қалыптастыруға  себепші  болатын,  айқын 
анықталған,  ұжыммен  шығарылған,  білім  процесінің  барлық  қатысушыларына  алдын  ала 
белгілі  критериялармен  оқушылардың  оқу  жетістіктерін  салыстыруға  негізделген  процесс. 
Критериалды бағалаудың негізгі мақсаты – функцоналдық сауаттылықты арттыру.  
Осыған  орай,  қазіргі  әлемде  жәй  ғана  жаппай  сауаттылық  жеткіліксіз  дей  келе, 
Елбасымыз  «функционалды  сауаттылықты  арттыруды»  негізгі  тапсырма  етіп  жүктейді. 
Аталған тапсырманы орындау  үшін оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға 
бағытталған  бес  жылға  арналған  Ұлттық  әрекет  жоспары  құрылды.  Оның  мақсаты  – 
оқушылардың салалық сауаттылығын дамыту арқылы, тиімді қызмет түрлеріне бейімдеу [2]. 
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту  Қазақстанның әлемдегі бәсекеге 
қабілетті  50  елдің  қатарына  кіруі  процесінде  маңызды  рөл  атқарады.  Еліміз  үшін  маңызды 
болып  табылатын  аталған  стратегиялық  міндетті  шешу  жағдайында  тұлғаның  ең  басты 
функциялық сапалары белсенділік, шығармашылық тұрғыда ойлауға және шешім қабылдай 
алуға,  кәсіби  жолын  таңдай  алуға  қабілеттілік,  өмір  бойы  білім  алуға  дайын  тұруы  болып 
табылады. Бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады.  
Біз, оқыту үдерісі − мұғалім мен оқушының бірлескен іс-әрекеті екенін жақсы білеміз. 
Осы  бірлескен  іс-әрекетті  жүзеге  асыруда  түрлі  әдіс-тәсілдерді  қолдандық.  Атап  айтсақ, 
«Семантикалық  карта»,  «Үздік  ойлар»,  «Интервью»,  «Қай  топ  жылдам»,  «Детальдарын 
қосу»,  «Бір  айналым  сөйлесім»  және  тағы  басқалар.    Ендігі  кезекте  аталған  әдістерге 
тоқталып, оның тиімділігімен қол жеткен нәтижені танытуды мақсат еттік. Мысалы,  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет