ОҚУШЫ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУДАҒЫ КОМПЕНСАТОРЛЫҚ
СТРАТЕГИЯЛАРДЫҢ РӨЛІ
Аннотация:
мақалада
оқушы
белсенділігін
арттырудағы
компенсаторлық
стратегиялардың рөлі туралы айтылған. Стратегия ұғымына қатысты ғалымдардың
түсініктемелері, көзқарастары келтірілген. Коммуникативтік стратегиялар екінші тілдің
проблемаларын
шешуде
қолданатын
стратегиялар
ретінде
қарастырылған.
Компенсаторлық құзыреттілік коммуникация барысында туындайтын проблемаларды
шешудің жаңа нұсқаларын іздеуге, коммуникативтік жағдайға сәйкес өз мінез-құлқын
өзгертуге және барлық коммуникативтік актіні оңтайлы жоспарлауға мәжбүр ететініне
тоқталған. Оқушыларға алдын ала дайындалмаған тілдік жағдайлар мен жағдаяттарда
коммуникацияға кіруге мүмкіндік беретін жалпы дағдылар мен іскерліктер қалыптасуы
мақсатында тапсырмалар құрастырылған.
Тірек
сөздер:функционалдық
сауаттылық,
коммуникативтік
құзыреттілік
компенсаторлық стратегия, компенсаторлық білім, жетістік стратегиясы, ауытқу
стратегиясы, перефразалау стратегиясы, орын ауыстыру стратегиясы, қысқарту стратегиясы,
жоспарлау стратегиясы, болжау стратегиясы, паралингвистикалық стратегиялар.
Бүгінгі өзгермелі қоғам сұраныстарына жауап беретін тұлғаны білім нәрімен сусындату
және қалыптастыру үлкен жауапкершілікті талап ететін жұмыс. Қазіргі білім беру
жүйесіндегі оң өзгерістер мен тың идеялар көптеген міндеттерді шешуге өз ықпалын тигізіп
отыр. Осы ретте, «функционалдық сауаттылық», «коммуникативтік құзыреттілік»,
«компенсаторлық стратегия» ұғымдары тәжірибеге кеңінен енуде. Бұған білім алушының
функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мақсатындағы ізденістердің бірі –
компенсаторлық стратегиялардың тиімділігін тану дәлел болмақ. Компенсаторлық
стратегиялар оқушының коммуникацияға түсу кезіндегі қиындықтарды жою, кедергілердің
орнын толтыру мақсатында қолданылады. Көп жағдайда оқушы, тіпті кез келген адам
сөйлесу барысында ым-ишаратқа жүгінеді. Ол тілдік қарым-қатынас кезінде сөйлесушінің
тілдік амалдары мен құралдарының жетімсіздігін білдіреді. Әсіресе, басқа тілде сөйлесу
барысында сөздік қорының таяздығынан болып жатады. Сондықтан оқушыларға лексика
саласын меңгертуде басқа әдіс-тәсілдермен қатар, компенсаторлық стратегияларды қолдана
отырып сөздік қорын молайту бағытында жұмыстар жасаған жөн. Осы орайда,
компенсаторлық
стратегиялардың
анықтамаларын
саралау,
түрлерін
айқындау,
компенсаторлық стратегиялар арқылы дағды мен іскерлікті қалыптастыру керек. Ол үшін
төмендегідей нақты міндеттерді шешу қажет:
-
«Стратегия»
ұғымының
лингвопсихологиялық
және
лингводидактикалық
түсіндірмелеріне салыстырмалы талдау жүргізу;
-
«Коммуникативтік стратегия», «компенсаторлық стратегия» ұғымдарының
мазмұны туралы ғылыми түсініктердің генезисін қарастыру;
-
Лингводидактикалық
мақсаттарда
«компенсаторлық
стратегия»
және
«компенсаторлық іскерлікті» ұғымдарын ажырату және анықтау;
-
Компенсаторлық стратегиялардың анықтамаларын саралау, бұл ұғымға
лингводидактикалық анықтама беру;
-
Ғылыми-әдістемелік дереккөздерді талдау нәтижесінде компенсаторлық стратегия
түрлерін анықтау және оқушылардың аталған стратегияларды іске асыруын қамтамасыз
ететін оқу материалдары мен тапсырмаларының түрлерін дайындау.
Соңғы уақытта ғылымда стратегия түсінігі кеңінен қарала бастағаны баршаға аян. Осы
мәселеге байланысты ғалымдардың әр түрлі көзқарастары баршылық. Мәселен, «стратегия»
ұғымы грек тілінен аударғанда «қолды бастаймын» дегенді білдіреді. Сондай-ақ стратегия
жоспарлау, мақсатқа қарай жүру, кей еңбектерде бұл термин жоспар, қадам, мақсатқа қарай
307
саналы түрде жылжу, қабілет, дағды, оқу тәсілі мен амалдары мағыналарында қолданылады.
Р.Оксфорд тактика, техника, әлеуетті танымдық жоспарлар, ғылыми және функционалды
дағдылар, когнитивтік қабілеттер десе, Лукас стратегиялар – оқу әрекетінің стилі,
когнитивтік оқу әдістері, коммуниканттар мінез-құлқының типі деп пайымдайды 1,19.
Р.Элисс ШТ-де тілдік қарым-қатынасты жүзеге асыруда саналы қалыптасқан амал деп
таныса 2,101, бір топ зерттеушілер стратегия ақпаратты өңдеуде қатысады, яғни
имплицитті әрекет десе, енді бір тобы оны сырттан бақыланатын эксплицитті әрекет дейді.
А.А.Залевская стратегияны тілді үйренудегі когнитивтік процесттердің көрінісі деп ұғынады.
Оның пікірінше, «адамның танымдық қызметіндегі шешім қабылдау стратегия деп аталады»
3,382. Стратегияны С.Фэрх пен Д.Каспердің тұжырымдамаларына сәйкес туындаған
проблеманы шешудің саналы жоспары десек 4,26, жоспарды А.Залевскаяның
тұжырымдасамына сәйкес автоматтандырылған әрекеттер жиынтығы ретінде қарастыруға
болады. Осы айтылғандарды жалпылай келгенде, стратегия мақсат/міндеттер, құралдар
иерархиясының идеясы; яғни стратегияны үйренуге болады, сондықтан қандай да бір
стратегия бойынша оқыту тілді тиімді үйренуге септігін тигізеді. Бұдан стратегияның
линводидактикалық анықтамасы шығады. Стратегия – бұл басты мақсатқа жету жолындағы
қызмет тәсілі, саналы әрекеттер жоспары.
ХХ ғ. 80 жылдары ғалымдар коммуникативтік стратегияға ерекше назар аудара
бастады. Коммуникативтік стратегиялар екінші тілдің проблемаларын шешуде қолданатын
стратегиялар ретінде қарастырылды. Кордер «коммуникативтік стратегияларды тілдік
құралдар жетіспеген сәтте түсініспеушілікті жою мақсатындағы амалдар ретінде түсінеді.
Әрі коммуникативтік стратегияларды анықтап, жіктеудің үш тәсілін анықтады.
1-ші тәсіл И.Таронның еңбектерінде берілген 5. Автор стратегияның үш типін
көрсетеді: коммуникация, өнім, білім. Бұлардың ішіне аппроксимация, көпсөзділік секілді
стратегиялар енеді.
2-ші тәсіл. А.Залевскаяның пікірінше, стратегия проблеманы қарастырудың оңтайлы
тәсілі. Бұл тәсіл психолингвистикалық процестерді: екінші тілдің коммуникативтік және
психологиялық проблемаларының жеке шешу жолдарын қарастырады.
3-ші тәсіл. Бұл тәсіл «компенсаторлық» деген атқа ие болған стратегияларды
қолданады. Бұлар екінші тілді меңгерушілердің сөз жетіспеушілігін шешуге қабілетті. Бұл
тәсіл Келлерман, Полисс сынды батыс ғалымдарының еңбектерінде қарастырылған 6.
Компенсаторлық стратегия – бұл бастапқы мақсатқа жетуге апаратын қызмет тәсілдері,
саналы әрекеттер жоспары, үзілген коммуникация процесін компенсациялау. Стратегия
дағды да, білік те емес, ол саналы әрекеттер жоспары. Білік - сөйлеу (ауызша комуникацияны
жүзеге асырады), әрекет – осы қызметті жүзеге асырудағы дағды (фонетикалық,
грамматикалық, лексикалық), ал стратегия – осы қызмет пен жоспарланатын әрекеттердің
жоспары, оны орындау жолдары. Ал компенсаторлық білім – бұл өзге тілді тілдік/тілдік емес
құралдарды екінші тілді меңгеруде туындайтын қиындықтарды жеңу үшін қолдана білу.
Жоғарыда сөз болған ғылыми еңбектерді талдай келе, мынадай тұжырымдама жасауға
болады:
1. Стратегия ұғымына ғалымдар әрқалай анықтама бергенімен, одан негізгі
компоненттерді бөліп алуға болады: саналылық/танымдылық, жоспарлау, мақсатқа жету.
2. Стратегиялар әрекеттің саналы жоспары, оны орындау амалдары. Ол – актуалды
және әлеуетті қол жетімді құралдар жүйесі арқылы басқару тәсілі.
3. Стратегиялар тізімі соңына дейін анықталмаған болып қала береді. Бірқатар
ғалымдар коммуникативтік стратегияларды алға тартса, енді біреулері тек компенсаторлық
стратегияны ұсынады, ал үшінші тобы екеуін қатар қарастырады.
4. Жалпы лингводидактикада екі ұғым қалыптасқан: компенсаторлық стратегия және
компенсаторлық білім түсініктері. Компенсаторлық стратегия саналы әрекеттер жоспары
болса, компенсаторлық білім – коммуникация кезіндегі қиындықтарды компенсациялаушы
308
вербалды және бейвербалды амалдар. Олардың ортақ мақсаты – үзілген коммуникацияны
компенсациялауға көмектесу.
Ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді талдау нәтижесі көрсеткендей, лингводидактикадағы
оқу стратегиялары ақпаратты жинау және сақтау, оны есте сақтаудан және жинақталған
ақпаратты пайдалану процестерін оңтайландыру үшін білім алушылардың қолданған іс-
әрекеттері мен операциялары ретінде қарастырылады . Басқаша айтқанда, бұл оқу процесінің
нәтижелілігіне әсер ететін екінші тілдің ұтымды зерттелу тәсілдері, себебі олар оқу процесін
жеңілдетеді және қызықты етеді. Оқу стратегияларын меңгермей, білім алушының
автономиясын дамыту мүмкін емес деп есептеледі. Кейбір беделді шетелдік ғалымдар мен
әдіскерлер «стратегопедия» үшінші мыңжылдықтағы әдіснамалық ғылымды дамытудың
негізгі бағыттарының бірі болып қалады деп санайды. Когнитивтік-коммуникативтік
стратегия арқылы сөйлеушіге алдын-ала жоспарланған теориялық қадамдардың жиынтығы
коммуникативтік мақсатқа қол жеткізуге бағытталған коммуникативтік іс-әрекет кезінде
жүзеге асырылады. Бұл коммуникациялық стратегияны да қамтиды, оның ішінен
мәдениетаралық қарым-қатынастың компенсаторлық стратегиясы ретінде қарастырылатын
компенсаторлық стратегияларды бөліп көрсету керек дегенді білдіреді. Мәселен, шетел
әдебиеттерінде компенсаторлық стратегиялардың бірнеше жіктелуі ұсынылған. Маңызды
ретінде жетістік стратегиясы, ауытқу стратегиясы және паралингвистикалық
Достарыңызбен бөлісу: |