304
Шарты: Оқушыларға конверт ұсынылады. Оның ішінде сөздер берілген. Оқушылар
берілген сөздерді ретімен қою арқылы тірі постер жасады. Оны қорғады,
бір-біріне сұрақтар
қойып, жауап берді.
3) Қызығушылықты ояту мақсатында «Сөзді табу» ойыны ұйымдастырылды.
Ойынның шарты: Бір оқушыны ортаға шығарып, сыныпқа қаратып қою керек. Ал
мұғалім тақтаға бір сөз жазып қояды. Бүкіл сынып оны іштей оқиды
да оқушыға бағыттаушы
сұрақ қояды.
Мақсаты: сұқбатқа негіз болған сөзді табу.
Мысалы:
− Сен бос уақытыңда не істегенді ұнатасың?
− Қандай ойын ойнайсың?
− Қандай ойыншықты ұнатасың?
− Әңгіме не туралы деп ойлайсың?
− Дұрыс, ойыншық неден жасалады?
4) Берілген жауап негізінде анықталған сөздерді қағаздан қыйып жасау тапсырылды.
Мақсаты: мұғалімнің нұсқауын мұқият тыңдау әрі ілесе орындау.
Шарты: оқушыларға қағаз таратылады. Мұғалімнің нұсқауы бойынша қағаздан
қуыршақ, гитара, гүл жасады.
5) Сөздікпен жұмыс жасалды.
а) Сөздерді мәнерлеп оқыды.
ә) Кітаппен жұмыс жасады (19 бет).
б) Аудармасымен танысты.
в) «Дұрыс айт!» тапсырмасын орындады (хормен жұмыс)
6)Оқылым дағдысын қалыптастыру мақсатында оқулықтағы 2 -тапсырма орындалды.
а)
Мәтінді мәнерлеп оқиды;
ә) Мәтіндегі тірек сөздерді (опорные слова) анықтайды;
б) Сұрақтарға жауап береді;
в) Жинақы мәтін құрастырады (Сашаның іс-әрекетін (действие) жинақтау).
7) Жазылым дағдысын қалыптастыру мақсатында 3-тапсырма бойынша топтық
жұмыс жасалды.
8) Айтылым дағдысын шыңдау мақсатында 4-тапсырма бойынша диалогпен жұмыс
жасалды.
Оқушыны әңгімеге тартатын, оның сөйлеуіне түрткі болатын үнқатым (реплика) мен
оған жауап үнқатымын құрайтын диалогтық бірлестіктің қыр – сырын игерту жаттығулар
мен тапсырмалар нәтижесінде осылай іске асырудамыз. Оқушыларды сөйлеуге үйретуде
диалог құрудың маңызы зор. Өйткені диалогтың пайдалы жағы көп. Әрине, оқушыларға
сұрақ қойып жауап алу да жеңіл емес, бірақ осындай жаттығулармен жүйелі жұмыс жүргізу
оқушыларды өз ойын жеткізе білуге дағдыландырады.
Оқушылардың білетіндігін және білмейтіндігің анықтау үшін жақсы қарым-
қатынастық, тілдік дағдылар және түсіністікпен қарау қажет. Мұғалімдер қолданысындағы
оқушылар қысқа жауап беретін сұрақтармен салыстырғанда, диалогтық сұхбаттасу
мұғалімдер де, оқушылар да білім алуға қомақты үлес қосатын өзара іс-қимылдың шын
мәніндегі тиімді түрі болатынына көзіміз жетті.
Оқушыларға арналған диалог арқылы тіл меңгерту практикалық сабақтарда
оқушылардың пайымдауын жеңілдетеді. Тіл үйрету мен меңгеру ісінде – диалогпен жұмыс
ерекше мәнге ие болады. Диалог көркем, бейнелі, жеңіл болса –оқушының тіл меңгеруіне
көп көмек етеді. Диалогтың маңызы, мәні, белгілі бір тақырыпта құрылуы да тіл
үйренушілер үшін аса пайдалы болмақ. Тілді меңгертуде, сөйлеуде диалогтың алатын орны
ерекше. Диалог құрып, тілді жете меңгермесе, тілдік қатынас та жүзеге аспайды. Олай болса,
дұрыс сөйлеу әрекетіне көңіл аудару қажет.
305
Жалпы біз, «Ұстаз әр уақытта өз білімін жетілдіру керек, үнемі ізденіс үстінде болуы
керек» деген пікірді ұстанамыз. Келер ұрпақ білімінің сапалы болуы ұстаздардың қолында,
сондықтан диалогтық оқытудың берері мол.
Оқытудағы жалпы тәсілдердің барлығы бір-бірімен тығыз байланысты. Олар білім
алушыларды жас ерекшелігіне сай оқытуға, тұлғаның қалыптасуына, өз деңгейінде дамуына
ерекше әсер етеді. Сондықтан білім алушыларды жас ерекшеліктеріне қарай оқытуда осы
мәселелерді ескеруіміз қажет. Яғни, білім алушыларды жас ерекшелігіне байланысты оқыту
дегеннің өзі осы екенін ұмытпау керек. Білім алушылардың осы қабілеттері қай жаста қандай
деңгейде болатынын білу оқытушы үшін басты міндеттердің бірі болып табылады.
Әрбір оқытушы өз сабағының – көшбасшысы. Көшін қалай бастап алып жүрем десе өз
еркі. Ал көшті дұрыс бағыттай білуі мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Сондықтан
оқытушыда Шульман «мұғалімнің үш көмекшісі» деп атаған бас, қол, жүрек пен құзырлы
мұғалімге тән белгілер – кәсіби түсінік, оқытудағы тәжірибелік дағдылар мен кәсіби-өнегелік
тұтастық сынды қасиеттер болған жағдайда ғана оқыту табысты болмақ.
Тiршiлiктiң негiзi осындай қарым-қатынас пен диалогқа орнығады: басқаның ойымен,
пiкiрiмен, көзқарасымен санасу, бөтендi түсiне бiлу, өзiңдi оның орнына қоя бiлу – осы
қасиеттердiң бәрi де әлеумет ахуалын белгiлейтiндiгi даусыз тұжырым. Өмiрде ең керектi
бiлiм – қоғамда қарым-қатынас құра бiлу, басқа адамдармен тiл табысу.
Диалогтық оқыту кезінде мұғалімдердің оқушылардан жауап алуда мыналарға көңіл
аударғаны дұрыс:
✓ оқушыларға бірден бірнеше сұрақ қоймау;
✓ сұрақ қойып,
оған мұғалім өзі жауап бермеу;
✓ күрделі сұрақты тым ерте қоймау;
✓ бір үлгідегі
сұрақтарды жиі қоймау;
✓ түсінетіндігін тексеру үшін жауаптарды пайдалану;
✓ оқушыларға ойлануға уақыт беру;
✓ сұрақ жауаптарының салдарын көрсетіп отыру;
✓ жауаптарға негізделе отырып сабақты жалғастыруды назарға алу.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келсек, диалогтык оқыту білімгерлерді бір-
бірімен тығыз қатынас жасауға итермеледі, бір-бірін жақсы түсінеуге көмектесті, бір-бірімен
дос болуға алып келеді, пікір алмасты, топ ішінде ауызбіршілікке, ынтымақтастыққа жол
ашты. Сонымен бірге топ ішінде келісімге келуге, мәселені бірігіп талдауға, сұрақ қоюға өз
ойын ашық еркін білдіруге, өз ара ой бөлісуге, жаңа идеялардың тууына себепші болды.
Диалогты оқытудағы кедергілер де болды ол: уақыттың жетіспеуі, дағдының болмауы және
т.б.
Аудиториядағы әңгіме несімен қызықты? Диалог арқылы жаңа концепция үйренуге
болады. Диалогтың маңыздылығы екі адамның әңгімесі кезінде білім пайда болады. Осы
арқылы оқытушы мен студент арасында білім алушының білімі қалыптасады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1 Mercer, N. and Littleton, K., (2007). Dialogue and the development of thinking. A sociocultural approach.
[Диалог және ойлауды дамыту. Әлеуметтік мәдени тәсіл.] NY: Routledge.
2 Alexander, R., (2004). Towards dialogic teaching: rethinking classroom talk. [Диалогтік сөйлесуді оқыту:
сыныптағы әңгімелесулерді қайта түсіну.] Cambridge: Dialogos UK.
3 Техтмайер Б. Диалог:
проблемы анализа //Общение.Текст. Высказывание. – Москва, 1989. – С.71-
83.
4 Қадашева Қ. Қазақ тілін жаңаша жаңғыртып оқыту әдістемесі. – Алматы, 2001.-160 б.
5 Скалкин В.Л.«Обучение диалогической речи» на материале англииского языка, Киев, 1989 г., 6 б.
6
Оразбаева Ф.Ш. «Тілдік қатынас пен қатысым әдісінің ғылыми-теориялық негіздері», Алматы, 1996
ж., 75 б.
ӘОЖ 37.02
КУРМАНОВА АЙНАШ КУРМАНОВНА
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті