Атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет4/204
Дата06.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#14830
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   204
Байланысты:
{CF395923-CB60-413E-9F69-F9338E1D4631}

 
 
М. Сырлыбаев 
  
Ш.Уәлиханов атындағы  
Көкшетау мемлекеттік  университетінің ректоры                                                                
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 



 
 
ТАҒЫЛЫМҒА ТОЛЫ ЖЫЛДАР 
 
Отыз  жылдан  астам  әріптес  болып,  сыйлас  жанға  айналған  Сәбит  Нұрмұхамбетұлы 
бүгінде  алпыстың  асқарына  шығып  отыр.  Мен,  үшін  ол  –  «Ұлы  Сәбең»,  жан-жақты  
энциклопедиялық  білім  иесі,  әдебиеттанушы  ғалым,    қарымды  қаламгер,  көсемсөзші. 
Қазақтың  күмбірлеген  қара  домбырасымен  күй  шертетін  өнері  тағы  бар.  Ұлтымыздың 
ойшыл ақыны Абай: «Ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыт болады»,– деген еді. 
Осы тұрғыдан келгенде, Сәбең – мінезге бай, үлкенге құрметін, кішіге ізетін көрсете білетін 
парасатты жан. Сабырлы мінезімен, ойшыл көкірек көкжиегімен бір буын ұрпақты тек маман 
ғана  емес,  ел  азаматтары  етіп  тәрбиелеп  шығаруға  өз  үлесін  қосқан  ҰСТАЗ  екеніне 
республиканың түкпір-түкпірінде еңбек етіп жатқан шәкірттері куә. 
Сәбит Нұрмұхамбетұлы – қашанда терең ойдың құшағында жүретін, пәлсапалық ойдың 
шешуін  іздеп,  жаңа  ғылыми  бағыттардың  беталысын  бағамдайтын  сарабдал  ғалым.  Оның 
ғылыми  ізденісінің  ерекшелігі  –  тақырыпты  тұңғиықтан  тартып,    қопара  жазатындықтан 
зерттеудегі  қисындық,  қағидалық  тұғырнамасының  тамыры  тереңде  болып  келуі.  Ұлттық 
әдебиеттану  ғылымының  әлемдік  әдеби  үрдісті  игерудегі  бағыты  мен  беталысын  ғылыми 
еңбектеріне  арқау  ете  білген  ғалымның  талғамы  биік,  танымы  терең.  Оның    «Теориялық 
әдебиеттану»,  «Әдебиет  теориясы»  еңбектері  талай  жас  талаптың  ғылым  жолындағы 
адастырмас  темірқазығына  айналары  хақ.  Сәбең  –  әріптестері  мен  студенттерінің  арасында 
биік парасат пен жоғары мәдениеттіліктің иесі. 
Ұлтымыздың  рухани  құндылықтарын  зерттеу  мен  насихаттау  жолында  тер  төгіп 
жүрген  ұлтжанды  азамат  Сәбең  еңбегі  өлшеусіз.  Ол  өлкенің  тарихы  мен  әдебиетіне, 
мәдениетіне  қатысты  қаншама  ғылыми  мақалалардың  авторы,  қаншама  игілікті  істің  басы 
қасында жүріп көпке үлгі болып жүр. 
Тұңғыш  Президент  Н.Ә.Назарбаевтың  «Болашаққа  бағдар:  рухани  жаңғыру»  
мақаласына  орай    Көкше  өңірінен  шыққан  белгілі    тарихи  тұлғалар,  сал-серілер,  ақын-
жазушылылар мұраларын зерттеуге қосқан үлесі де зор.  
Елдігімізді  танытататын,  ұлттығымызды  ұлықтайтын  тұста  Сәбең  өзінің  азаматтығын 
танытып,  елжандығын  көрсетіп  жүрген  тұлға  екенін  көпшілік  біледі.    Ғалымның: 
«Жастарымыз,  болашақ  ұрпақ  өз  халқының    қайғы  –  мұңын,  оның  рухани  жан  әлемінің  
қатпар-қатпар  қуанышы  мен  ренішін,  қызығы  мен  шыжығын,  сүйініші  мен  күйінішін,  жан 
азабы  мен  ләззатын  түйіндей  айтқанда,  оның  ішкі  жан  дірілін,    шын  толғанысын  өз 
жүректерінің  толғақтары арқылы түсініп,  сезіне білсе, шіркін,  сонда ғана ұлттық рух пен 
болмыс бітімге, дін мен ділге берік боламыз, оған  уызынан  жаримыз. Әлемдік мәдениеттің 
алтын  тұғырына  ұмтыла  отырып,    сол  руханият  көгіне  қанат  қағамыз.  Біздің  көкейдегі 
мақсат-мұратымыз да әмәнда осыны діттейді»,  – деген пікірі өзінің ұлт мүддесі жолындағы 
мақсатын паш етіп тұрғаны анық. 
Ғылым мен ұстаздықты қашанда қатар ұстаған  Сәбит Нұрмұхамбетұлы қоғам өмірінен  
шет қалған емес. Ол қашанда ұлт руханиятының жанашыры, ұлтының асыл перзенті екенін 
ісімен дәлелдеп жүрген азамат. 
Құрметті  Сәбе!  Сізді    парасат  пен  пайымға  толы  сәні  мен  салтанаты  келіскен  60 
жылдық  мерейтойыңызбен  құттықтаймын.  Бойыңызға  қуат,  отбасыңызға  береке-бірлік, 
шығармашылық сергектік,  шалқар шабыт пен шаттыққа толы  көңіл тілеймін! 
 
ЖАХИНА БАРИЯ БАДЫҚҚЫЗЫ 
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің профессоры, педагогика 
ғылымдарының докторы 
 
 
 
 



 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет