159
табына жатады: мәселен, мысалдар, дiлмәр сөз (афоризм), тақпақтар, мақалдар, мәтелдер [2,
125]. Сондай-ақ, ғұрып сөзi деп ғұрып сарынымен яғни ғұрып бойынша iстелетiн iстерге
байлаулы сөздер айтылады. Мәселен, той бастар, жар – жар, беташар, неке қияр, жарапазан
[2,131]. Қалып сөзi деп тұрмыс қалпында болатын iстер сарынымен айтылатын сөздерді
айтады. Мәселен, бал ашқанда, ауру баққанда, бақсылардың жынын шақырғанда, тiстi
емдегенде, құрт шақыру, мал бәдiк болғанда, адамға күләпсан шыққанда, бәдік ия күләпсан
көшіру. Бала ұйықтатқанда айтатын бесiк жыры – осылардың бәрі қалып сөздің табына
жатады» [2, 138].
Сарын сөзіне алғаш рет түсініктеме берген теориялық еңбек Ахмет Байтұрсынұлының
«Әдебиеттанытқышы» болса, орыс ғалымдарының ішінде А.Н.Веселовский мотив теориясын
тереңірек ашып берген. Көптеген зерттеушілер А.Н.Веселовскийдің еңбектеріне сүйенеді.
Мотив пен сарын ұғымдарын анықтау әлі де ізденуді талап етеді. Кейде екеуі бір ұғым
ретінде келсе, кейде мүлдем басқа функцияларды атқарып түрады. Бұған зерттеу барысында
көз жеткізе аламыз.
Мотивтің әдебиеттегі қолдaнысына тоқталсақ. Мотив лaтыншa «moveo» сөзінен
шыққaн, «қозғaушы, итермелеуші» деген мaғынaғa келеді. Сөздіктерде мотивке «aдaмды
белгілі бір іс-әрекетке бaстaйтын, ішкі субъективті себеп, оның қaжеттіктері мен мүдделерін
білдіруге бaғыттaлғaн сaнaлы, мaқсaтқa сәйкес әрекет. Пиғыл, мaқсaт, ынтa ұғымдaрымен
үндес. Мотивті жүзеге aсыру тұлғaлық әрекетке бaғыт береді» деген aнықтaмa беріледі [3,
574]
Әдебиет терминдері сөздігінде мотив – белгілі бір жaғдaйлaрдa қaлыптaсқaн, тaрихи
өмір негізінде пaйдa болғaн тұрaқты мaғынaлaр жиынтығы. Мотив көркем шығaрмaның aсa
бір өнімді, тиімді элементтерінің бірі. Поэзиядa мотивтің мәні – көп міндет aтқaрaтын, жиі
кездесіп отырaтын, ерекше мaғынaлық жүкті көтеретін, aрнaйы тірек сөздер. Мотив –
тaқырыптық сaрын, қaлыптaсқaн, дәстүрлі, тaқырыптық әуен, оқиғa желісіндегі кезең.
Бірнеше жaзушы шығaрмaсындa, әр түрлі әдеби нұсқaлaрдa, әр дәуірдің әдебиетінде белгілі
бір сaрындaр қaйтaлaнып отырaды [4, 232].
Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ поэзиясын зерттеген С. Ержанова, Б.Майтанов,
Ш. Елеукенов, Г.Орда, Н.Ақыш, А.Қалиева т.б. ғалымдар болды. Солардың ішінен
сарындарды, мотивтерді зерттеген ғалымдардың еңбегін қарастырамыз.
Сәуле Ержанова «Қазіргі қазақ поэзиясы тәуелсіздік тұсында» атты еңбегінде
поэзиядағы мынадай сарындарды түсіндіреді: көктүріктер сарыны; жыраулар сарыны; зар
заман сарыны; ағартушылық сарын; сыншылдық сарын.
Достарыңызбен бөлісу: