Нəтиже – əдетке, əдет – əрекетке, əрекет – ойға, ой – сұраққа
байланысты
Сіздің өміріңіздегі əрбір оқиға, мейлі жаман болсын, мейлі жақсы
болсын, ол – бір істің нəтижесі. Мəселен Сіз осыдан біраз уақыт бұрын:
«Өзгеруім керек. Өмірімді қалай жақсартсам екен?» деген ойда
болғансыз. Ойыңыз іске асу үшін бүгін міне, кітап оқып отырсыз. Яғни
бұл өмірде кедейсоқ ештеңе болмайды.
Адамдардың көбі нəтижені əрекеттен деп түсінеді, мен олай емес
деймін. Нəтиже – əдетке байланысты. Əдет – əрекетке, əрекет – ойға
байланысты. Ал адамның ойында көбіне сұрақ тұрады. Мəселен, Сізге
мен «Ертең не істейсіз?» деген сұрақ қойсам, сіздің ойыңыз автоматты
түрде: «Ертең мен не істеймін? Так, ертең мынаны істеймін. Оны
қанша уақытта бітіре аламын?» деген сұрақтарға жауап іздейді.
Мəселен, мен тəуекелшіл адаммын. Яғни тəуекел ету əдет болып
кеткен. Тез шешім қабылдаймын. «Ойланайын, көрейін, айналамдағы
адамдармен ақылдасып көрейін» деген сөз менің сөздік қорымда жоқ.
Тəуекел етіп аузым күйген жағдайлар көп болды, сондай-ақ тəуекел
жасап жетістікке жеткен кездерім одан да көп болды. Бұдан шығар
қорытынды, тəуекел еткен адам ойланып-толғанып екіұдай күйде
жүрген жандардан əлдеқайда көбірек табысты болады екен. «Тəуекел
түбі – жел қайық, өтесің де кетесің» деген сөздің мағынасы – осы.
Кейде адамдар бір істі ертеңге қалдыра салуы ықтимал. Онда
тұрған не бар деген ойда болады. Егер мұндай жағдай бірінші мəрте
орын алса – əрекет. Ал бірнеше мəрте қайталанса, ол əдетке айналды
деген сөз. Бітер істі ертеңге қалдырып жүре бересіз, жүре бересіз,
соңында нəтижесі «0»-ге тең болып қалады. Жəне өмір бойы «0»-ден
арыла алмайтын «ауруға» шалдығуыңыз мүмкін.
Тура осы сияқты, ақшаны жарата жүріп, оның неге жұмсалғанын
қағазға жазбау, «Содан не өзгерер дейсің? Қанша жұмсағанымды өзім
білем ғой» деп немқұрайдылық таныту, бірінші күні – əрекет. Ал екінші
жəне үшінші күні тағы қайталанса, ол – əдет.
Достарыңызбен бөлісу: |