Аманжол Рысмендиев — Кәсіпкерлік құпиясы



Pdf көрінісі
бет22/40
Дата06.01.2022
өлшемі470,02 Kb.
#14860
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   40
Байланысты:
Кәсіпкерлік-құпиясы

Бұдан шығар қорытынды: өз-өзіңді жетілдіру, балтаны

қайрағанға ұқсайды. Өз-өзімізге уақыт бөліп, істің көзін табуымыз

керек. Кемшіліктеріміз болса толықтырып жетілдіре түсуіміз қажет. Бұл

рухани жан-дүниеміз бен ой-өрісіміздің кеңеюіне көп септігін тигізеді.



« Өмір сүрудің екі заңын білген адам бақытты болар. Бірі -


не болса соны жей бермей, азығына талғаммен қарайтын жан;

бірі - кім болса, сонымен дос болмай, айналысындағы достарын

жөнімен таңдай білетін адам».

Омар Хайям.

Жақсымен жолдас болсаң, жетерсің мұратқа!

Бүгінде барлығымыз белгілі бір ортада өмір сүріп жатырмыз.

Қалай болғанда да, қоғамсыз, əлеуметсіз Робинзон Крузодай дəл қазір

ешкім тіршілік ете алмас. Сол ортаның адамға əсері бар ма? «Жоқ,

барлығы адамның өзіне байланысты» деп шорт кесіп айта алмаймыз,

солай ғой?

Психология: Адамға ортаның əсері бар ма?

-- Қай жағынан алса да, ортаның адамға əсері бар. Мəселен,

экология деп қарайық. Экология ластанған сайын, адамның да қабілеті

азаяды. Адам -- Алланың табиғатқа лайықтап жасаған туындысы.

Сондықтан да, табиғат адамның көңіл-күйіне, денсаулығына, тіптен

өміріне де əсер етеді. Алматының асфальтында жүрген кездегі

аураңыз бен Медеудегі көңіл-күйіңіздің ұқсамайтыны да содан. Орта

дегеннің бірі -- адамның өзі. Сондықтан, адам адамға əсер етеді.

Мұсылманшылықта мұны «адам -- адамның айнасы» деп түсіндіреді.

Мəселен, сіздің досыңыз өте мейірімді, адал, əділетті, иманды жан

болса, сіздің де сол бағытта бой түзеуіңіз кəміл ғой. Сол сияқты,

ортаңыздағы достарыңыз жағымсыз мінез-құлыққа ие болса, жаман

əдеттерге үйірсек келсе, мұның ұшқыны да сіздің қораңызға тиетіні

анық. Сондықтан, екі жақта да ортаның адамға əсері бар. Ал сіз қандай




ортаны таңдайсыз, қалай өмір сүргіңіз келеді, ол сіздің еркіңіздегі

шаруа. Ортаның əсері бар, əрине, бірақ адамның таңдау еркі де бар

екенін ұмытпайық!

Сіз өзіңіздің кім екеніңізді араласатын достарыңызға қарап

білсеңіз болады. Өйткені бұл – өмірдің заңдылығы, адам араласатын

ортасына қарай бейімделгіш болады. Мəселен, Сіздің достарыңыздың

көбі темекіге əуес болса, күндердің күнінде Сіз де темекі тартып

кетесіз. Дəл сол сияқты, егер достарыңыздың көбі спортшы болса, бір

уақытта Сіздің де спортқа деген қызығушылығыңыз оянып, жаттығу

жасауға асығып тұратын боласыз.

Бұдан шығар қорытынды, белгілі бір дəрежеде Сіздің

құлдырауыңызға араласатын ортаңыз да кінəлі. Яғни оларда алға

қарай жылжу жоқ, айтатындары өсек-аяң. Ішіп-жегенін, киген киімін

айтқаннан əріге аса алмайды. Мұндай ортада өсу мүмкін емес.

Белгілі актер Досхан Жолжақсынов: «Бір қоянды он



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет