46
Осы Үркімбай, Қаумен, Қараша – үшеуіңнің ауылдарыңда сияз болады.
Шешелер, малшылар, балалар боп – баршасы телміре тыңдайтын. Құлақтағы
əшекей сырғасы, бастағы кəмшат бөркі, білек толған неше білезіктері –
баршасы да бұл өңірден Абайдың көрмеген бір сəні сияқты. Керуен көшетін
сауда жолдары, үлкен базарлар, атақты қалалар, су жолдары – барлығы да
бүгін айырықша керек болған.
«Қарасазым» сөйлейді қалай-дағы,
Сөйлейді тауы, тасы – бар аймағы.(М.М.)
2-Жаттығу. Жалпылауыш сөздің тиістісін жəне тыныс белгісін қойыңыздар.
Шапқылап бара жатқан баланың киім, тұрман сəні аса бір ардақты,
жалғыз қыз сəніндей. Намыс, ұят, жиреніш ... у толқынданып, саналы кеудеде
күз тұманындай шұбалады. Ұзарып сарғайған селеу мен бозғыл көде, жусан
... жел лебінен қалтырайды.
Қарт атадай ақ бас тау, жас анадай жасыл желек жамылған орман, сары бел,
салқын көл ... самаладай болып, бірінің соңынан бірі ұзап қалып
барады.(Ə.Н.) Еңбегің, ақыл-парасатың, жарқын мінезің, адамгершілігің
...сайма-сай келген қазақтың бір аяулы азаматы екенсің.(Ө.Қ.)
Достарыңызбен бөлісу: