1-жаттығу. Сызықшаның қойылу себебін түсіндіріңіздер.
Арттағылар – Байтас пен жорға Жұмабай. Сөзі ақылдасу емес – байлау.
Атағаны – кесіп-пішіп қойған əмір мен бұйрық. Ол – көп елдің қалың
даугерлері орнайды деген сөз. Қыз-келіншек тербетіп тұрғанда, жігіттің
қарызы – əн салу. Бұлар – қазір төрдің тап ортасында, жағалай көрпе үстінде,
үлкен ақ жастықты шынтақтаған сал-серілер. Бұл күнге шейінгі өмір –
екеуінің үлеспеген еншісіндей ортақ өмір. Бұның əніндегі ең əсерлі жаңалық
– сөзі. Олар – Асан мен Үсен. Елді, жұртты қорғау – ердің ісі. Музей апа –
сылқым, кербез кемпір.(Б.М.) Біреуі – Уəли молда, екіншісі –жиен ағам
Самат. Қожекеңнің келген мақсаты – сəбиді алып кету. Пара алу– қылмыс.
Мынау тұрған жердің асты – тұнған байлық.(Т.Ə.) Біздің қыздар –дүниедегі
ең бақытты қыздар. (С.Е.) Өмірдің алды – ыстық, арты – суық, алды – ойын,
артқы жағы – мұңға жуық (Абай). Ойсыз, кітап оқусыз, ақыл-ой еңбегінсіз
өткен күн – босқа өткен күн (В.А.Сухомлинский). Кітап – ғасырларға сапар
шеккен ақыл ескерткіші (Дэвенант). Кітап – ортақ мүлік, халық қазынасы,
сарқылмас білім бұлағы (Ө.Тұрманжанов). Ғұламалық – ащы тамырдың тəтті
жемісі (Катон).
Достарыңызбен бөлісу: |