МАКИАВЕЛЛИ НИККОЛО (1469-1527 ж.ж.), италиялық ғалым
Қайта өрлеу дәуіріндегі әлеуметтік-саяси ғылымдардың негізін салушылардың
бірі. Макиавелли саяси білімдерді діни көзқарастан ажыратып ғылыми
тұрғыдан зерттеді. Оның саяси ғылымның негізін қалушы атануының себебі де
осы көрнекті еңбегінің бағасы. Бұл ғалым саясатқа прагматикалық тұрғыдан
қарады: саяси ғылым тек ғана ойдан, діни сенімнен шығарылмай, күнделікті
шынайы өмірге негізделуі және сол өмірді реттеуге арналуы тиіс деп есептеді.
Макиавелли орталықтандырылған тұрақты мемлекеттің жақтаушысы болып,
оны құрудың айқын жолын көрсетті.Ол мемлекетті құру мен сақтау ең басты
саяси мақсат деп есептеді, себебі мемлекет болмайынша бірде –бір адам өзіне
қорғаныс таба алмайды.Макиавелли мемлекеттің тұтастығын әлсіреткендердің
бәріне қарсы болды.
«Тит Ливийдің бірінші онкүндігі жөнінде ойлар»,«Флоренцияның
тарихы» деген еңбектерінде Макиавелли мемлекет басқару түрлері жөнінде
монархиядан республиканы жоғары қояды. «Ең тиімдісі республика - онда
билікке сайламалы мемлекет басшысы қойылады» деп көрсетеді.
Макиавелли биліктегі қаталдық пен жаза, бұқара халық пен меншік
иелерінің арақатынасы, мемлекеттік басқару түрлерінің алмасу заңдылықтары,
табиғат жағдайының адамдардың мінез-құлқына тигізер әсері туралы
мәселелерге өзінің жан –жақты теориясын ұсынды.