169
туралы жан-жақты зерттелген тұжырымдамалары осы оқу құралының ҮІІІ
тарауында толық келтірілген.
Мемлекеттің пайда болуын түсіндіруде Локк «табиғи құқық» ілімін
қолданады. Мемлекет пен билікті орнатудағы адамдардың жоғарғы мақсаты
ежелгі табиғи жағдайда қамтамасыз етілмеген жеке меншікті қорғау болып
табылады. Мемлекет орнату туралы келісімге келе
отырып адамдар көпшіліктің
шешіміне бағынуға міндеттенеді, өздерінің жеке басын және байлығын
қаншалықты қорғау керек болса, соншалықты өздерінің табиғи құқықтарын
қорғауды мемлекетке тапсырады.
Локк конституциялық монархия идеясын қолдады, бірақ ол билік
етушілерге, атап айтқанда, монархқа қарсылық көрсетуге (қажет болған
жағдайда) болатындығы туралы мәселе қойды.
Достарыңызбен бөлісу: