Саясаттану


 Қазіргі кезеңдегі мемлекет: құрылымы және қызметі



Pdf көрінісі
бет38/131
Дата06.01.2022
өлшемі15,5 Mb.
#15124
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   131
Байланысты:
otemisov karabala saisat

2. Қазіргі кезеңдегі мемлекет: құрылымы және қызметі
Қазіргі  кезеңде  мемлекет  ел  басқару  міндетін  атққаратын  қоғамның 
негізгі  саяси  ұйымы  ретінде  танылады.  Қандай  да  болмасын  мемлекеттің  үш 
құрамды элементтері болады: ел территориясы, халқы және саяси билігі.
Мемлекеттің  негізгі  белгісі  – егемендік.  Мемлекеттің  егемендігін, 
тәуелсіздігін басқа мемлекеттер де ресми түрде мойындауға тиісті. 
Мемлекеттің негізгі ұстанымдары:
1. Заңдар мен нұсқаулар қабылдау құқығының болуы. 
2.  Мемлекеттің  өз  азаматтарын  қорғауы  үшін  ашық  және  бірден-бір  күш 
қолдану  құқығының  болуы.  Себебі  қоғамда  күш  қолдануға  мемлекеттің  ғана 
құқығы  бар.  Мысалы,  қылмыс  жасаушыларды  өз  еркінен  айыру  құқығы.  Оны 
орындауға  қажетті  мемлекеттің  арнаулы  қарулы  күштері  болады.  Бірақ  күш 
қолдану тек заң арқылы жүргізілуі тиіс.
3.  Жалпылық.  Мемлекет  өз  аумағындағы  (территориясындағы)  адамдардың 
барлығын  қамтиды.  Осы  мемлекеттің  азаматы  болмаса  да  (мысалы,  әртүрлі 
себептермен  басқа  мемлекеттерден  келгендер)  мемлекеттің  шекаралық 
шеңберінде болғаннан кейін оларға қамқорлық жасалуы тиіс. Бұл жөнінде 1930 
жылы  Гаагада  (Нидерланды)  мемлекетсіздікке  (апатридизмге)  қарсы 
халықаралық  заң  қабылданды.  Бұл  заңға  сәйкес  мемлекет  территориясындағы 
жеке адам мемлекет қамқорлығынан тыс қалмауы тиіс. 
4. Салық  - қоғамды  басқару  жұмысына  жұмсалатын  қор  (бюджет) 
қалыптастыру үшін қажет қаржы. 
Территориясы  мен  этникалық (ұлттық)  құрамына  байланысты  мемлекет 
әртүрлі  құрылымға  бөлінеді.  «Мемлекет  құрылымы»  дегеніміз  мемлекеттің 
ұлттық-территориялық  ұйымдастырылуын  көрсететін  ұғым.  Көп  жағдайда, 
орталық  билік  пен  жергілікті  әкімдіктің  өзара  қатынасын  белгілейді.Мысалы, 
мемлекет  территорясының  ұлттық-автономиялық  бөліктерін  белгілеу (округ,
республика, штат),  әкімдік-басқару  аймақтарын  бекіту  (аудан, облыс,
департамент, өлке).
Мемлекттік құрылымның негізгі үш түрі кездеседі: унитарлық (біртұтас), 
федерация және конфедерация. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет