Саясаттану



Pdf көрінісі
бет75/131
Дата06.01.2022
өлшемі15,5 Mb.
#15124
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   131
Байланысты:
otemisov karabala saisat

саяси  процесс  дегеніміз  -  саяси  жүйенің  бір  қалыпты  жағдайдан  екінші 
жағдайға  ауысып  өзгеруі  мен  қозғалысы.  Саяси  процестің  бүкіл  қызметі 
қоғамның  саяси  жүйесімен  тікелей  байланыста  болады.  Саяси  процесс 
күнделікті  өзгерістерден  басталып,  қоғамның  саяси  жүйесінің  түбегейлі 
өзгерісіне дейінгі аралықты қамтиды. 
Саяси  процестің  жіктелуін  саяси  жүйенің  даму  барысындағы  төрт 
кезеңмен белгілеуге болады: 
1) Саяси процестің легитимдігі. Қоғамның саяси жүйесі жаңарған кезде 
саяси  процесс    екі  бағытта  өтеді.  Біріншісі,  билік  жүйесінің  толық  өзгертілуі, 
екіншісі, саяси-құқықтық құрылымдардың жаңарған жағдайға бейімделуі. Егер  
халық жаңа жүйені мойындап, қолдаса, оның легитимді болғанын білдіреді. Ол 
саяси жүйе өзін-өзі дамыту дәрежесіне жетеді.
2)  Саяси  процестің  жаңаруы.  Жеңіске  жеткен  саяси  жүйе,  біріншіден, 
ескі жүйенің орныққан элементтерін, ұйымдарын қайта іске қосады, екіншіден, 
элементтерді  жаңартып,  өзгертеді,  жетілдіреді.  Нәтижесінде  жаңа  саяси 
қатынастар  мен  институттар  құрылады,  саяси  ережелер  мен  тәртіптер, 
нышандар  пайда  болады.  Өздеріне  тән  саяси  түсініктері,  көзқарастары, 
қызметтері  бар  саяси  қатынастардың  жаңа  субъектісі  дүниеге  келеді.  Саяси 
процестердің әдіс-тәсілдері  де жаңарады.


124
3)  Саяси  басқару  шешімдерін  қабылдау  және  оны  жүзеге  асыру.
Қоғамдағы  әртүрлі  адамдардың,  топтардың,  таптардың,  бірлестіктердің 
қажеттіктері,  мақсаттары  сан  қилы;  кейбір  жағдайда  олар  өзара  қарама-қарсы 
келіп  жатады.  Билеуші  элиталар,  партиялар  өздерінің  оппозициялық 
қарсыластарымен  тіл  табысып,  бұл  қайшылықтарды  дер  кезінде  анықтап, 
асқындырмай  реттеп,  халықтың  талап-тілектері  мен  мүдделерін  үйлестіріп, 
қоғамның  тұтастығын,  тыныштығын,  тұрақтылығын  сақтап,  соған  жағдай 
жасауы  керек.  Бұл  өте  маңызды  саяси  мәселе.  Демократиялық  мемлекеттерде 
биліктің әр тармағының (орталықтағы не жергілікті жердегі болсын) өз алдына 
бөлек  сарапшы  кеңесшілері,  көмекші  топтары  және  т.б.  ақыл-кеңес  беретін 
құрылымдары  болады.  Олар  арнайы  ғылыми-талдау  жұмыстарын  жүргізіп,  ең 
дұрыс, ұтымды шешімдер қабылдауға жәрдемдеседі.
Бұндай  шешім  қабылдаушы  саяси  ел  басқарушылары  мен  оны 
орындаушылардың  арасында  өзара  тығыз  байланыс  болуы  керек.  Бұрынғы 
Кеңес  өкіметінде  шешімді  партияның  бірінші  хатшылары  қабылдайтын.  Олар 
ештеңеге  жауап  бермейтін.  Жауапты  партаппараттың  айтқанын  орындап, 
солардың  бұйрық,  нұсқауларын,  шешімдерін  іске  асырушы  мемлекеттік 
органдардың,  мекемелердің  жауапты  қызметкерлері  болды.  Осының 
нәтижесінде  ақылға  сыйымсыз  жағдай  туындады:    шешімді  қабылдаушылар 
ештеңеге  жауап  бермейтіндер,  ал  жауап  берушілер  оны  қабылдауға 
қатыспайтындар  еді.  Бұның  бәрі  қандай  нәтижеге  әкелетінін  өмірдің  өзі 
көрсетті. 
4) Саяси жүйенің қызметін бақылау. Саяси жүйенің іс-әрекетін бақылау 
екі  жолмен  жүргізіледі.  Біріншісінде,  мемлекеттік  мекемелер,  қоғамдық 
ұйымдар мен қозғалыстардың белгілі бір  құрылымдары  арқылы жүзеге асады. 
Бұған  мемлекет  аппаратына  қарасты  тексеру,  қадағалау,    ресми  баспасөз 
органдары  жатады.  Бұл  саяси  жүйедегі  бақылау  органдарының  қызмет 
бабындағы  атқаратын  міндетті  жұмысы,  яғни  өзін-өзі  бақылауы.  Екіншісінде, 
саяси  жүйенің  жұмысына  бақылау  жасауға  қоғамдағы  барлық  азаматтардың 
қатысу  мүмкіндігі  жасалуы,  бұны  “төменнен  бақылау”  десе  де  болады.  Бұл 
үшін  қоғам  демократиялық  жолмен  дамығанда  ғана  жағдай  туады, 
тоталитарлық тәртіпте оған жол берілмейді. 
Қандай  қоғамның  болмасын  саяси  өмірі  қайсыбір  жеке  адамдардың, 
топтардың,  таптардың,  бірлестіктердің  тұтас  әлеуметтік  тілектеріне  қарама-
қайшы  (келіспеушілік,  көзқарастың  бірдей  болмауы,  антагонистік  қайшылық, 
пікірдің  орын  алуы)  жағдайындағы  өзара  күресінен  қалыптасатыны  белгілі. 
Осындай  келіспеушіліктерді  уақытында  ретке  келтіріп,  ақылға  сиымды, 
көпшіліктің көңілінен шығатын шешімдер қабылдап, қоғамның тыныш, бейбіт 
өмір сүруіне жағдай жасау - ең қажетті саяси процесс. 
Тоталитаризмнен  демократияға  өту  жолы  туралы  теориясында  екі  түрлі 
саяси  процесс  бар,  олар  либерализм  және  демократияландыру.  “Либерализм 
жеке  адамдардың,  қоғамдық  институттардың  құқықтарын  кеңейтуге    мүдделі. 
Демократияландыру  - өте  күрделі  процесс,  ол  мемлекетте  қабылданатын 
шешімдерге    барлық  азаматтардың  қатысу  теңдігін  бекітеді,  сондықтан 
осындай шешімдерді қабылдау өкіметтің азаматтар алдындағы жауапкершілігін 


125
күшейтеді”.  (Б.Рубл.  (АҚШ)  Совет  одағындағы  тыныш  революция.  Вестник 
МГУ. Серия 12, 1, 1992, 68-бет). 
Қазіргі уақыттағы саяси мақсат - барлық әлеуметтік қозғалыстарды тұтас 
біріктіріп,  қоғамдағы  еркін  әлеуметтік  процестің  негізгі  идеяларын  жүзеге 
асыру болып отыр. 
Қоғамдағы  саяси  процестің  тұрақты  әсері  саяси  қызмет  пен  саяси 
шешімдер  деңгейімен  тікелей  байланысты  болады.  Саяси  қызмет  пен  саяси 
шешімдер  саясатты  жүзеге  асырудың  басты  шарттары,  осылар  арқылы  ғана 
мемлекеттің,  партиялардың,  қоғамдық-саяси  ұйымдардың,  жеке  адамдардың, 
әлеуметтік  таптар  мен  топтардың,  ұлттар  мен  халықтардың  мүдделері  мен 
мақсаттары,  алдарына  қойған  міндеттері  жүзеге  асады.  Қорыта  келгенде, 
саясаттың  жүзеге  асуы  және  нәтижелі  болуы  саяси  қызмет  пен  шешімдерге 
тікелей байланысты. 
Сондықтан  саяси  қызметтің  және  саяси  шешімдердің  мәнін,  мазмұнын, 
сипатын,  түрлерін,  типтерін  және  жүзеге  асу  жолдарын  жүйелі  талдаудың 
маңызы өте үлкен. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет