3. Саяси шешімдер және олардың жүзеге асу жолдары Саяси қызметке негіз болушы - саяси шешім саяси қызметтің бағытын
айқындайды. Шын мәнінде саяси қызмет шешімнен туындайды, сол арқылы
қызметтің әртүрлі жолының бірі таңдалады. Саяси шешім арқылы саяси
қызметтің мақсаты мен міндеттері, әдістері және түрлері белгіленеді. Саяси
шешімдердің оң немесе теріс болуы саяси қызметтің нәтижесіне әсер етеді.
Саяси шешім ресми нұсқау, бағдарлама, мәлімдемелер арқылы жүзеге
асырылады. Мемлекет құжаттары, саяси партиялар, ұйымдар, жеке саяси
басшылар, халықаралық бірлестіктер, қоғамдық ұйымдар арқылы жүргізіліп,
олардың қызметі саяси сипат алады.
Саяси шешімдердің сан алуан түрлері болады. Олардың негізгілері:
нұсқау, саяси жарлық, бағдарлама.