2. Саяси субъект - әлеуметтік топтар
Әлеуметтік топтарға адамдардың маңызды мүдделерінің ортақтығы
бойынша біріккен ұйымдар жатады. Олар: ұлттар, отбасы, еңбек ұжымы, саяси
ұйымдар, аумақтық қауымдар және тағы басқалары.
Жеке адамдар саяси қатынастардың субъектісі ретінде қауымдарға,
партияларға, еңбек ұжымдарына бірігіп, әлеуметтік құрылымдарды жақтайды,
әртүрлі әлеуметтік-саяси қозғалыстарға қатысады, осының нәтижесінде
жалпыадамзаттық даму дәрежесіне көтеріледі.
Қоғамның саяси өмірі, процестеріндегі өзгерістер, әлеуметтік топтардың
мүдделерінің өзара байланыстары күрделі жағдайда қалыптасады. Сондықтан
әлеуметтік топтардың іс-әрекеттерінен тысқары саяси өмірдің болуы да мүмкін
емес.
Қоғамның әлеуметтік құрылымына талдау жасау арқылы саяси ғылымға
елеулі үлес қосқан ұлты орыс, кейін америка азаматы, көрнекті әлеуметтанушы
Питирим Сорокин (1889-1968 жж.) болды. Ол қоғамдағы әлеуметтік топтардың
құрамын анықтау үшін әлеуметтік стратификация (әлеуметтік жіктелу) деген
термин енгізді. (Лат. stratum – қабат, facere - жасау). П.Сорокиннің
тұжырымдамасы бойынша, қоғамның топтарға жіктелуі әр жақты және тұрақты
құбылыс. Қоғамның дамуы тек ғана саяси мекемелер (институттар),
элиталармен ғана байланысты емес, қоғамның дамуында, демократиялық
117
жағдайда, әлеуметтік топтар маңызды роль атқарады. Сондықтан қоғамның
саяси жүйесінің сапасы әлеуметтік топтардың дамуымен байланысты болады.
Әлеуметтік жіктелу проблемасын ғылыми зерттеу жұмысына өзінің
үлесін қосқан белгілі ғалым М.Вебер болатын. Ол әлеуметтік топтардың
көрсеткіштерін талдай келіп, топқа жіктелуді анықтайтын байлықпен қатар
адамның қоғамдағы әлеуметтік жағдайының, яғни мансаптың ролін айқындады.
Оның пайымдауынша, адамдардың әлеуметтік тапқа бөлінуі, К.Маркс
айтқандай, олардың өндіріс құрал-жабдықтарына, меншікке қатысымен
шектелмейді. Ол сонымен бірге адамдардың әртүрлі болып келетін әлеуметтік
орынын, мансап дәрежесін, табысын, кәсіптік, мамандық жағдайын да ескереді.
М.Вебердің пікірі бойынша, адамдардың қоғамдағы әлеуметтік орны
олардың табысқа жетуінің объективтік көрсеткіші бола алады. Жоғары табысқа
жету мүмкіндігі тек меншікпен анықталмайды; меншікке қатысы жоқ адвокат,
дәрігер, инженер сияқты мамандар меншікпен тікелей байланысты
кәсіпкерлерден табысты әлдеқайда көп табуы мүмкін.
Адамның қоғамдағы әртүрлі орында болуы экономикалық игіліктердің
жетімсіздігінің нәтижесі емес, М.Вебер құрмет пен дәреженің өзі де жетімсіз,
жеткіліксіз деп санайды. Мысалы, қажетті тауар пайдалану саны өскен сайын,
адамның жеке басының тұмыстық жағдайы жақсарады, ал мансап, мәртебе
өзгермеуі де мүмкін.
М.Вебердің теориялық қорытындысы бойынша мансап иелерінің
әлеуметтік топтарға жіктелуін үш түрге бөлуге болады: 1) Экономика –
технологиялық негізде жіктеу және олардың индустриалдық кәсіптік және
коммерциялық
ұйымдарының
бейнеленуі;
2)
Адамдар
арасындағы
қатынастарға ықпал ететін және олардың саяси әлеуметтендіру мен саясатқа
араласу процесіндегі ерекше роль атқаратын жағдайының айырмашылықтары
бойынша жіктеу; 3) Жеке адамдардың және әртүрлі саяси, оның ішінде
партиялық, қоғамдық топтардың өзара іс-қимылдарының тәсілдеріне әсер
ететін айырмашылықтар бойынша жіктеу.
П.Сорокин мен М.Вебердің тұжырымдамалары бойынша қандай да
болмасын қоғамның жетекші (үстем) және тәуелді таптарға бөлінуі заңды
құбылыс. Қоғамның осылай таптық тұрғыдан жіктелуі құқық пен мансаптың,
билік пен ықпалдықтың әртүрлі болып таратылуына, бөлінуіне байланысты.
Стратификация (немесе страттар) сан алуан әлеуметтік топтарды қамтиды.
П.Сорокин олардың кейбір ортақ белгілерін негізге алып үш түрге бөледі:
1) Экономикалық страттар: экономикалық теңсіздік, адамдардың ауқатты және
жоқшылық шегетіндер, байлар мен кедейлер белгілерімен;
2) Саяси страттар: адамдардың басқарушылар және бағыныштыларға бөліну
белгілерімен;
3) Кәсіби страттар: қызметтердің мәртебелі және мәртебелі емес түрлеріне
бөліну белгілерімен.
Ал тағы бір саясаттанушы, америкалық ғалым Б.Барбер страттардың 6
ортақ белгілерін келтіреді: қызмет мәртебелілігі, билік күші, табысы мен
байлығы, білімі мен білігі, діни құрамда болуы, туыстық және этникалық.
Әлеуметтендіру проблемасындағы негізгі мәселе – біріншіден, қоғамдағы
118
әлеуметтік топтардың саясатқа қатысуы (яғни, олардың саясаттың субъектісі
болуы), екіншіден, әлеуметтік топтардың өзара қарым-қатынасы.
Әлеуметтік топтардың саясатпен ара-қатынасын білу үшін ғалымдар
әлеуметтік қозғалыс (мобильность) деген ұғымды енгізді. Бұл әлеуметтік
топтардың ауыспалылығы әрбір қоғамның ажыратылмайтын белгісі. Бірақ
бұндай қозғалыстар әр қоғамда, тіпті бір қоғамның әр кезеңінде бірдей
болмайды.
Осы қозғалыстар жөніндегі саяси ғылымдағы негізгі мәселе - әртүрлі
әлеуметтік топтардың саясатқа, әсіресе саяси билікке қатысу мүмкіндігі,
олардың әрқайсысының қоғамның билік, байлық, мәртебелік салаларындағы
өкілдік жағдайы.
Дәстүрлі (демократиялық емес) қоғамдардағы әлеуметтік топтардың
құрамын және олардың игіліктерін реттеуші мемлекеттік билік болды.
Тоталитарлық, авторитарлық мемлекеттерде әлеуметтік топтардың бостандығы
шектеліп, олар өз құқықтарынан айырылып, қоғамның саяси жүйесіне қатыса
алмайды. Мысалы, ХХ ғасырда тоталитарлық мемлекеттерде, әсіресе Кеңес
Одағында, елдің әлеуметтік құрамы билік тарапынан қолдан жасанды құрылды.
Кеңес үкіметі орнатылғаннан кейін ауқатты әлеуметтік топтар (дворяндар,
ақсүйектер, капиталистер, помещиктер, байлар, зиялылар) күшпен жойылды.
Жұмысшылар мен шаруалар табы жасанды түрде саяси биліктің негізі деп
жарияланды. Ірі кәсіпорындардың, қару-жарақ шығаратын зауыттардың
жұмысшыларына, мемлекеттік чиновниктердің кейбір топтарына еңбек ақы
жоғары мөлшерде бекітілді, оларға басқа да біраз жеңілдіктер қарастырылды.
Жалпы әрбір еңбекке қатысушы адамның еңбек ақысы мемлекет тарапынан
бекітілді. Қоғамдық меншіктің иесі еңбек адамдары емес, негізінде мемлекет
болды. Мемлекеттік биліктің құрамы белгіленген номенклатурамен
(адамдардың тұрақты тізімімен) шектелді. Сонымен, мемлекетті басқаратын
әлеуметтік топтардың өкілдері емес, тіпті ресми түрде жарияланған
жұмысшылар мен шаруалар да емес, басқарушы коммунистік партия ұйымы
штатындағы лауазымды адамдар болды. Яғни, бұл каста, ерекше бюрократия,
өз қолына бүкіл билікті жинаған, қоғамды халық атынан басқарып, өз
мүддесіне пайдаланып, халықтан оқшауланған басқару аппаратының бөлігі
болатын.
Қорыта айтқанда, монархиялық, тоталитарлық режим жағдайында билік
әлеуметтік топтарға үстемдік жүргізуші болып табылады. Сондықтан қандай да
болмасын әлеуметтік топтың байлығы да, мәртебесі де биліктің нұсқауымен
қалыптасты.
Демократиялық жағдайда страттардың, әлеуметтік топтардың саяси өмірі
мүлде басқаша дамиды. Стратификациялық жүйенің саясатқа қатысуы мен
қоғамды дамыту үлесін көрсету үшін П.Сорокин страттар арасындағы
қозғалысты зерттеп, оның негізгі екі түрін атайды. Біріншісі, көлденең
(мысалы, жұмысшылардың бір зауыттан екінші зауытқа ауысуы), екіншісі, тік
қозғалыс (қызметкердің бір әлеуметтік топтан екінші әлеуметтік топқа ауысуы,
яғни бір страттан екінші стратқа өтуі).
119
Демократиялық емес қоғамдағы жетіспейтіні - әлеуметтік топтардың
тіктей қозғалысы, әсіресе бір страттан басқа стратқа жоғары көтерілуі. Себебі
тікелей қозғалыстың жолына «сүзгі» ретінде кедергі қойылып бақылау
орнатылады. Осының зардабынан мемлекеттің құрамы жаңа интеллектуалдық
күштермен жаңартылмай тоқырауға ұшырайды.
Демократиялық қоғамда әлеуметтік топтар құрамы мемлекеттен дербес
тұрғыда қалыптасады. Байлық пен мәртебелікті бөлу биліктің қолында
болмайды. Әр салада бәсекелестікке берілген толық бостандық арқылы әрбір
адамның байлықты иеленуіне толық мүмкіндігі бар. Байлық, мәртебелік, билік
әртүрлі әлеуметтік топтардың иелігіне айналып бөліске түседі, яғни бұл
салаларда монополияға жол берілмейді. Мысалы, байлық кәсіпкерлердің, билік
– кәсіби саясаткерлердің, мәртебелік – ғылым мен творчестволық еңбек етуші
топтардың қолында болуға толық жағдай туады.
Бұндай әлеуметтік топтар ұйымдасқан жүйеге айналып өз мүдделерін
қорғау мақсатымен шешім қабылдайтын топтардың, яғни биліктің құрамына
енеді. Әрбір топ әлеуметтік өкілдікке жетіп мемлекетте азаматтық қоғам тәртібі
қалыптасады.
Әлеуметтік өкілдік жүйе негізгі екі топқа бөлінеді. Біріншісі, саяси
партиялар. Екіншісі, мүдделестік топтар, бұған азаматтардың ортақ мүдделері
бойынша қалыптасқан еркін ұйымдары; бұлардың құрамына кәсіби,
шығармашылық одақтар, әртүрлі қорлар, клубтар кіреді.
Мүдделес топтар өздеріне қажетті әлеуметтік мәселелерді шешіп отыруы
үшін мемлекеттік билікке және жұртшылыққа әсер етуі үшін әртүрлі тәсілдерді
қолданады. Әсерлік тәсілдердің негізгілері: артикуляция (мүдделер туралы
ойды тұжырымдау); агрегация (азаматтардың мүдделерін бір жүйеге келтіріп
маңыздылығы бойынша кезеңдерін белгілеу); интеграция (қауымдастыру,
әлеуметтік топтардың мүдделерін қарапайым азаматтардың мүдделеріне
сәйкестендіріп, бейімдеу); ақпараттау (жариялық, шешім шығарушы
органдардың алдына нақтылы мүдделерді шешу жөнінде мәселе қою).
Қоғамдағы әртүрлі әлеуметтік топтардың саяси көзқарастары әртүрлі
болып келеді. Билікке, байлыққа, мәртебелікке ие болып отырған ауқатты
топтар билік орындарын, саяси құрылысты қолдап отырады. Олардың билік
орындарына, жұртшылыққа әсері қоғамда шешуші роль атқарады. Бірақ
ауқатты топтардың мөлшері нарықтық - демократиялық қоғамда көп жағдайда
10 проценттен аспайды, сол себептен олар сайлау, референдум арқылы
мемлекеттің саяси өміріне өздерінің мүдделеріне сай ықпалдық көрсете
алмайды.
Төменгі тапқа кедейлер жатады, бұлар еңбек ақылары аз, жеке
меншіктері, басқа табыс көзі жоқ, көп жағдайда жұмысынан айырылған
әлеуметтік топ. Төменгі таптың адамдары қоғамда өзгерістер енгізуге, байлық
пен билікті қайта бөлуге мүдделі, сондықтан төменгі таптың мөлшері қоғамда
өте көп болса мемлекеттің тұрақтылығы әлсірейді.
Осы тұста стратификация ережелерін қолдану өте маңызды. Тікелей
ықпал арқылы төменгі таптың орта тапқа ауысуы мемлекеттің басты саясатына
айналуы қажет. Қоғамның әлеуметтік құрамындағы орта таптың алатын орны
120
орасан зор. Бұл таптың өкілдері жоғары маманды жұмысшылар, мәртебелі
лауазымды, табыстары қоғам бойынша орта деңгейден төмен емес, білімдері
жоғары және арнаулы орта дәрежедегі білімі бар адамдар. Бұлар орта және кіші
кәсіпкерлер, мемлекеттік қызметкерлер, менеджер, оқытушы, дәрігер,
фермерлер. Олар өздерінің осындай тұрмыстық жағдайына байланысты
қоғамның тұрақтылығын қалайды. Сайлау, референдумдерде орта тап шешуші
роль атқарады, себебі дамыған елдердегі халықтың үштен-екі мөлшері орта
таптан тұрады.
Әлеуметтік топтар арасындағы тік қозғалы принципін заңды түрде
жүзеге асыру өте маңызды екі мәселені шешеді: қоғамдағы кедейшілікті азайту
және орта таптың құрамын көбейту арқылы қоғамның тұрақтылығын нығайту.
Достарыңызбен бөлісу: |