Оқулық Алматы, 013 1-8683 Әож 005 (075. 8) Кбж 65. 290-2 я 73 м 45



Pdf көрінісі
бет72/167
Дата06.01.2022
өлшемі3,69 Mb.
#15676
түріОқулық
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   167
Байланысты:
mendebaev-sapany

 5.8-сурет. Квалиметриялық талдау
Құжаттың атауы
Ақау түрлері бойынша бақылау парағы
<<Рубин >>АҚ кәсәпорын 
Цех : Механикалық
Учаске: жинау
«19.09.2005 ж
10.00-21,00 сағат
Бұйым– Букса ТП01452
Операция бақылаушы 045
Бақылушы Исаева Б.Д.
Б ө л ш е к 
саны 200
Ақаудың тұрпаты
Бақылау деректері
жиыны
жаншылу
///// ///// ////
14
сызаттар
///// ///// ///// //
17
Шеттен шығу минусқа
///// //
7
Шеттен шығу плюске
///// ///// ///// ///// ///
23
Термоөңдеу кезінде күю
///// ////
9
Негізгі беттердің қисық болуы
///
3
Қуыстың құйылып кетуі
///// /
6
Кедір-бұдырдың сәйкессіздігі
///// ///// ///// ///
18
Бояу ақаулары 
////
4
Өзге 
///// //
7
Жиыны 
108
5.9-сурет


129
 Бақылау парақтары
Бақылау  парақтары  сапа  белгілерін  бақылау,  сондай-ақ  сан 
белгілерін  бақылау  кезінде  қолданылуы  мүмкін,  осы  құжатта  белгілі 
бір  уақыт  кезеңіндегі  ақаудың  белгілі  бір  түрлері  тіркеледі.  Бақылау 
парағы өндіріс проблемаларын одан әрі талдау мен зерттеу және ақау 
деңгейін азайту үшін жақсы статистикалық материал болып табылады, 
5.9-сурет.
Парето талдауы
Парето  талдауы  капиталдың  көп  бөлігін  (80%)  шамалы  адам 
санының  (20%)  қолында  екенін  көрсеткен  итальяндық  экономист 
Вилфредо Паретоның (1848-1923) атымен аталады. Парето осы біркелкі 
емес үлестірімді сипаттайтын логарифмдік модельдерді құрастырады, 
ал  математик  М.  О.  Лоренц  графикалық  суреттерді,  атап  айтқанда 
кумулятивті ауытқыманы ұсынады. 
Парето  ережесі  −  көп  жағдайда  және  әсіресе  сапа  проблемасын 
шешкенде қолдануға болатын «әмбебап» принцип. Д. Джуран Парето 
принципін сол немесе басқа салдарға әкеп соқтыратын кез келген себеп 
тобына «әмбебап» қолдануға болатын, салдарды көп бөлігін аз себеп 
саны туындатқанын атап өтті. Парето талдауы жекеленген салаларды 
маңыздылығы немесе маңызы бойынша саралайды және ең бірінші ке-
зекте проблемалардың (сәйкессіздіктердің) ең көп санын туындататын 
себептерді жоюға шақырады. 
9–8683


130

1
2
3
4
5
Ақау саны
23
18
17
14
9
Акаудың 
жыинтығы
23 (21%)
41 (38%)
58 (54%)
72 (67%)
81 (75%)
6
7
8
9
10
7
7
6
4
3
88 (81%)
95 (88%)
101 (94%)
105 (97%) 108(100%)
5.10-сурет
Парето талдауы, әдетте Парето диограммасымен суреттеледі (5.10-
сурет), онда абциссалар осіне өздері туындатқан проблемалардың өсу 
ретімен  сапа  проблемаларының  туындау  себептері,  ал  ордината  осі 
бойынша – сан түріндегі проблемалар, сан да, сондай-ақ жинақталған 
(кумулятивтік)  пайыз  түрінде  де  көрсетіледі.  Бақылау  парағына 
қатысты  бұрынғы  мысалдан  алынған  деректер  бойынша  диаграмма 
құрамыз. 
Диаграмма  қатенің  ең  көп  санын  туындататын  бірінші  кезектегі 
шаралар  қолданылатын  сала  анық  байқалады.  Демек,  ескерту  шара-
лары  алдымен  осы  проблемаларды  шешуге  бағытталуы  тиіс.  Ең  көп 
ақау  санының  пайда  болуын  туындататын  себептерді  анықтап  жою 
ресурстың  (ақша,  уақыт,  адам,  материалдық  қамтамасыз  ету)  ең  аз 
мөлшерін жұмсап ақау санын айтарлықтай азайту түрінде барынша көп 
нәтиже алуға мүмкіндік береді. 
Парето талдауын қолдану әсіресе ресурс тапшы болған кезде көп 
пайда әкеледі. Мысалы, 5.11-суретке сәйкес біз шығарылатын өнімнің 
сапасына сөзсіз ықпал ететін 10 түрлі ақау көреміз. Ақаудың әр түрінің 
пайда  болу  себебіне  50000  теңге  ақша  қаражатын  (жабдықты  ретте-
мелеу, технологиялық өңдеу, қызметкерді оқыту, керек-жарақты ауыс-
тыру)  жұмсау  қажет  делік,  яғни  барлық  себептерді  жою  үшін  50000 
x10 = 500000 теңге қажет. Біздің кәсіпорын қазіргі уақытта тек 200000 
теңге бөле алады. Осы ақшаны біз барынша көп ақауды туындататын 
4 себепті жоюға жұмсайтынымыз түсінікті. Нәтижесінде ақаудың 67% 
жойылады,  бұл,  әрине  100%  жоюдан  нашар,  алайда  біз  2,5  есе  ақша 
жұмсап, қаржы лимитін жұмсадық. 


131


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   167




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет