Оқулық. Алматы: жшс рпбк



Pdf көрінісі
бет321/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   317   318   319   320   321   322   323   324   ...   542
143-сурет. Құстың көбею мүшелері: 

1 - аналық

без; 2 - жұмыртқалық жол шанағы; 3 - жұмыртқа-

лықжолдың белок түзетін бөлігі; 4 - мойнақ;

5 - жатыр; 6 - қынап; 7- тік ішек; 8 - саңғуыр; 

9 - шажырқай




423

ұрықтанған жұмыртқа жұмыртқалайды. Дегенмен, шағылысудан 

8-12 күннен кейін жұмыртқаның ұрықтануы күрт төмендейді.

Жұмыртқалық жол қабырғасы еттерінің əрекетімен сарыу-

ыз шанақтан жұмыртқалық жолдың белоктық бөлігіне өтеді де, 

оның бойымен өз осінде айнала жылжиды. Оған осы құрылым 

қабырғасындағы етті-эпителийлі қатпаршаның спираль түрінде 

орналасуы себепші болады. Жұмыртқалық жолдың белоктық 

бөлігінде жұмыртқа белогының негізгі бөлігі түзіледі. Алдымен 

сарыуыз бетіне жұмыртқалық жол бездерінен бөлінген белоктың 

тығыз жіптері жабысады да, олардың бұралуы нəтижесінде 

сарыуыздың қарама-қарсы өрістерінде өрімдер пайда болады. 

Олар соңынан сарыуызды жұмыртқаның ортасында ұстауға 

мүмкіндік береді. Сарыуыз айналасында белоктың тығыз 

қабаты орналасады. Одан сыртқары белоктың қоймалжың жəне 

сұйық қабаттары жатады. Жұмыртқалық жол мойнағында қауыз 

астарлық жəне белоктық қабықтар мен сұйық белоктың біраз 

мөлшері пайда болады. Жатырда жұмыртқа белогы ісініп, қауыз 

түзіледі.

Жұмыртқалық жолдың белоктық бөлігімен жұмыртқа 3 сағат 

жылжиды, мойнақтан 1 сағатта өтеді, ал жатырда 19 сағат аял-

дайды. Жалпы жұмыртқа 23–27 сағат ішінде пайда болады. Тауық 

кейде тəулігіне екі рет те жұмыртқалайды, бірақ мұндай жағдай 

сирек кездеседі. Көбінесе, тауық тəулігіне немесе екі тəулікте бір 

рет жұмыртқалайды. Құсты дұрыс азықтандырмаса, онда ол 5–6 

тəулікте бір рет жұмыртқалауы мүмкін.

Құс жұмыртқалағанда жұмыртқалық жол байламдары бо-

сап, қынап тесігі саңғуырға қарай томпая шығып, айналшыққа 



(анусқа) жақындайды да, жұмыртқа саңғуырға түспей, сыртқа 

шығады.


Үй құстары белгілі айналыммен жұмыртқалайды. Бір маусым-

да немесе бір жылда бірнеше лек (серия) мен интервал кездеседі. 

Лек деп құс үзбей жұмыртқалаған күн санын айтады. Одан кейін 

1-2 күн үзіліс (интервал) байқалады да, серия қайта басталады. 

Серия мен интервалды жұмыртқалау айналымы деп атайды.

Аталық құс жыныс органдары аталық безден (ен), ен қо-

салқысынан, шəует шығару өзектерінен жəне жыныстық қатынас 

мүшесінен тұрады. Ен - бұршақ пішіндес, құрсақ қуысында, 

бүйректің алдыңғы бөлігінің маңында орналасатын орган. Оның 

мөлшері құстың жасына, азықтандыру деңгейіне, жыл мерзіміне, 

т.б. факторларға байланысты өзгеріп отырады. Сперматогенез 

күшейген кезде орыстың ақ тұқымының қораздарында еннің 

массасы 17-19 г жетсе, тыныштық маусымдарында 3-5 г шама-



424

сында болады. Ата қаз енінің салмағы маусым айында 39 г болса, 

желтоқсанда 2,5 г дейін төмендейді.

Аталық жыныс торшалары мен аталық жыныс гормондары 

еннің иірімді түтікшелерінде түзіледі. Одан жетілген спермий-

лер нашар дамыған ен қосалқысына, содан соң шəуеттік жолға 

түседі. Шəуеттік жол омыртқаға параллель несеп түтігімен қатар 

жатады. Жыныстық қатынас кезінде аталық мүшенің болмауы-

на байланысты (ол тек кежек пен ата қазда болады) ұрғашы құс 

қынабы қимылының арқасында шəует тікелей жұмыртқалық 

жол жатырына түседі. Құстарда сперматогенез көктем мен 

жаз мезгілдерінде күшейеді. Шағылысқаннан соң спермий-

лер жыныстық жолдың əртүрлі бөлімдерінде 10–12 күн бойына 

ұрықтандырғыш қабілетін сақтайды.

Екі гамета қосылғаннан кейін хромосомалардың толық 

жиынтығымен сипатталатын ұрықтанған торша (зигота) пайда 

болады. Жаңа шыққан жұмыртқада ұрық гаструланың (ұрықтың 

қосқабатты даму сатысы) алғашқы сатысында сақталады. Сыртқы 

орта температурасының төмендігімен байланысты жұмыртқадағы 

ұрықтың дамуы уақытша тоқтайды. Егер жұмыртқа қолайлы 

жылылық пен дымқылдыққа тап болса, ұрықтың дамуы əрі қарай 

жалғасады. 

Эмбрионның даму кезеңі (инкубация кезеңі) құстарда əртүрлі: 

тауықта ол 21 күн, үйректе, күрке тауықта - 28 күн, қазда - 31 күн. 

Күрке тауықта аналық торша ұрықтанбай-ақ партеногенездік бө-

ліну нəтижесінде дамуы мүмкін.

Құстардың жыныс бездерінің қызметі нейрогуморальдық ба-

қылауда болады. Көбею мүшелері симпатикалық жəне парасим-

патикалық жүйкелермен жүйкеленеді, демек оларға орталық 

жүй ке жүйесі осы вегетативтік жүйкелер арқылы əсер етеді.

Жұмыртқалау процесін реттеуде гуморальдық факторлар 

маңызды рөл атқарады. Ол гипофиздің, аналық бездің, қалқанша 

бездің жəне басқа ішкі секреция бездерінің қатынасуымен 

жүреді. Аналық без қызметін реттеуде гипофиздің гонадотроптық 

гормондарының маңызы зор. Фолликуланы жандандырушы гор-

мон аналық торшаның дамып жетілуін, ал лютеиндеуші гормон 

овуляция процесін реттейді. Өз кезегінде бұл гормондардың бөліну 

қарқыны жүйке жүйесі арқылы реттеледі. Реттеу тетіктерінің 

үйлесімді əрекеттерінің арқасында сарыуыз жұмыртқалық 

жолдың белоктық бөлігінде болған кезеңде келесі овуляция 

процесі жүрмейді. Жұмыртқа жұмыртқалық жол мойнағынан 

өткенде пайда болған тітіркеністің орталық жүйке жүйесіне, ги-




425

поталамуске жəне гипофизге еткен əсерінің салдарынан келесі 

овуляция басталады.

Аналық безде жұмыртқалық жол қызметін реттейтін сте-

роидты гормондар түзіледі. Аналық без гормондары сонымен 

қатар жұмыртқалық жолдың кілегейлі қабығының эпителийлік 

торшаларының қызметін реттеп, оның бездерінің дамуын 

жақсартады. Бұл процестерде андрогендер де маңызды рөл 

атқарады.

Құстың жұмыртқалағыш қабілетіне күннің ұзақтығы күшті 

ықпал етеді. Жарық көру органы арқылы эпифиз бен гипоталамус-

гипофиздік жүйе қызметі күшейеді де, гипофизден бөлінген 

го 

надотроптық гормондар жыныс бездерінің əрекетін жандан-



дырады.

Құстың жұмыртқалағыштығын арттыруда оларды дұрыс жəне 

тиімді азықтандырудың да маңызы зор. Жұмыртқалау кезеңінде 

құстарда зат алмасу процесінің қарқыны жоғарылайды, организм 

шығыны артады. Химиялық талдауларға қарағанда, жұмыртқаның 

құрамы өте күрделі. Онда 65,5% су, 11,9% белок, 9,3% липид-

тер, 0,9% көмірсулар, 0,9% минеральды заттар (қауызда - 11,5) 

болады. Егер салмағы 1,8 кг тауық жылына орташа массасы 56 

г. 240 жұмыртқа жұмыртқаласа, онда ол жалпы алғанда 13,4 кг 

жұмыртқа массасын, оның ішінде 1600 г құнарлы белок, 1250 г 

май, 125 г көмірсу өндіреді. Бір жылда қауыз құрамымен тауық 

600 г немесе өз салмағының 1/3 шамасында кальций жоғалтады. 

Жалпы алғанда, тауық жыл бойына жұмыртқамен өз салмағынан 

8 есе артық əртүрлі құнарлы заттар бөледі жəне өз массасымен 

шамалас жұмыртқа белогын өндіреді. Массасының əр өлшеміне 

шаққанда тауық жыл бойына 0,9 бөлік жұмыртқа белогын өндірсе, 

сиыр - 0,23 бөлік сүт белогын өндіреді. Жұмыртқа құрамында 

барлық алмастырылмайтын амин қышқылдары, əртүрлі макро- 

жəне микроэлементтер болады. Жоғарыда баяндалған жайлар 

құстарды дұрыс азықтандыру мəселелеріне баса көңіл бөлуді 

қажет етеді. Құстар азық құрамында қажетті мөлшерде қоректік 

заттар қабылдау керек. Сонымен қатар олар қабылдаған қоректік 

заттар жеңіл қорытылып, оңай сіңетін күйде болғаны жөн. 

Жыл маусымының кейбір кездерінде құс организмінде зат 

алмасу процесі күрт өзгереді. Мысалы, жыныстық белсенділік 

артқан маусымдарда қораздарда газ алмасу күшейеді. Мекиенмен 

салыстырғанда, қоразда зат алмасу 20–30 пайызға жоғары бола-

ды. Жұмыртқалау маусымы алдында мекиендер бауыры үлкейіп, 

оның белок түзу қабілеті артады. Осы кезде қан құрамында каль-

ций мөлшері 2–3 есе өседі. Овуляция кезінде қандағы қанттың, 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   317   318   319   320   321   322   323   324   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет