Оқулық. Алматы: жшс рпбк



Pdf көрінісі
бет51/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   542
Қозуды өткізгштік. Қозу толқыны Кис-Фляк түйініндегі 

ерекше ет торшалары - пейсмекерлерде пайда болады да, əрекет 

потенциалы жүрекше еттеріне электрлік жолмен тарап, Ашофф-

Тавар түйініне жетеді. Одан əрі қозу толқыны Гис шоғыры арқылы 

қарыншаларға əлсіремей (декрементсіз) жайыла тарайды.

Қозу толқынының таралу жылдамдығы жүректің əртүрлі  бө-

ліктерінде бірдей емес. Жылы қанды жануарлардың жүрекше-

лерінің қабырғасымен ол секундына 0,8-1 м, қарыншалар мио-

кардында - 0,8-0,9, ал қарыншалардың өткізгіш жүйесінде 2-4,2 

м жылдамдықпен тарайды (қаңқа еттерінде бұл көрсеткіш секун-

дына 4,7-5 м). Жүрекшелердің ет талшықтарынан Ашофф-Тавар 

түйінінің торшаларына өтерде қозудың таралу жылдамдығы се-

кундына 0,02- 0,05 метрге дейін баяулайды. Осының арқасында 

қарынша еттері жүрекше еттерінен кешірек қозады да, жүрек 

бөлімдерінің жұмысы үйлесімді түрде атқарылады. Дұрыс жұмыс 

істеп тұрған жүректе қарыншадағы қозу процесі жүрекшелерден 

0,12-0,18 с. кеш басталады.

Жүректің өткізгіш жүйесінің қызметі бұзылса жүрек шек теуі 



(блокада) байқалады. Шектеу сипатына байланысты бірнеше түрге 

бөлінеді. Кис-Фляк түйінінен жүрекшелерге қозудың тара 

луы 

бұзылса, оны синоатриальдық шектеу деп атайды. Бұл жағдайда 



жүрек тынымы ұзарады, жүрекшелер мен қарыншалардың же-

келенген жиырылулары туындамай қалады, Кис-Фляк түйінінде 

пайда болған қозу импульсі жүрекке таралмайды.

Қозу толқынының жүрекшеден қарыншаға өтуі бұзылса, 



жүрекше-қарыншалық шектеу байқалады. Бұл жағдайда шек-

теу не жүрекшелердің, не Ашофф-Тавар түйінінің, не Гис 

шоғырының өткізгіштігінің бұзылуына байланысты туындай-

ды. Шектеудің бұл түрі үш деңгейде байқалуы мүмкін. Бірінші 

деңгейлі жүрекше-қарыншалық шектеуде жүрекшелерден қа-

рын 


шаларға қозу толқынының өту жылдамдығы баяулайды, 

бірақ қарыншалардың жұмыс ырғағы бұзылмайды. Екінші дең-

гейлі шектеуде қарыншалардың жекелеген жиырылулары туын-

дамай қалады, ал үшінші деңгейлі толық көлденең шектеуде 

қарыншалар 2-не 3-дəрежелі автоматизм орталықтарының əсе-

рімен жұмыс істейді де, жүрекшелер мен қарыншалар қыз-

метіндегі үйлесімдік бұзылады. Жүрек блокадаларын электро-

кардиография арқылы анықтайды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет