Дәріс сабақтарының мазмұны І дәріс. Қазақ тілі орфографиясының даму тарихы. (1 сағат)



Pdf көрінісі
бет24/27
Дата06.01.2022
өлшемі185,64 Kb.
#16033
түріСабақ
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Байланысты:
Дәріс.Орф.-пункт.

күн.  (Бүгінгі  күн  -  сапарға   аттанатын  күн).  "Ойпырмай"  -  өкінуді 

білдіретін  одағай.   "Кейін"-  демеулік  шылау.  "Тарақ"   деген   сөздегі  "рақ"- 

бітеу  буын.   "А"-  ашық   дауысты  дыбыс    Атау   тұлғадағы   бастауыш   не 

баяндауыш, не екеуі де тәуелдік, көптік жалғаулы болуы мүмкін. Ол кезде де 

бастауыштан кейін сызықша қойылады:   Монолог  бір адамның пікір түйе 

сөйлеген  сөзі.  Әкесінің  баласы  -  адамның  дұшпаны,  адамның  баласы  

бауырың  (Абай).  Адамның   ішкі   сезімінің  айнасы   –  көз  (С.Мұқанов). 

Бастауыш та, баяндауыш та бір сөздің қайталануынан жасалуы  мүмкін, бұл 

жағдайда да бастауыштан кейін сызықша қойылады:

Ар жазасы - бар жазадан ауыр жаза (М.Әуезов).

Ғашықтың тілі - тілсіз тіл (Абай). Әлі де беделі - бедел (Ғ.Мұстафин). Күлкі - 

қыздың күлкісі (С.Ерубаев).

             Баяндауыштың алдында не артында ғана, ғой т.б. сияқты шылаулар 

тұрса, сызықша қойыла береді:

Қаланың   қасында   көз   толатын   табиғат   -   шалқар   көл   ғана   (С.Мұқанов). 

Даланы билеп алған жалғыз үн - күн сайын қатая түскен күзгі желдің уілі 

ғана (М.Әуезов). Адамды бақытты ететін -тек қана азат еңбек.

        Ескертулер. 1. Бастауыш атау тұлғадағы зат есімнен, баяндауыш жатыс 

септіктегі зат есімнен болғанда, бастауыштан кейін сызықша қойылмайды. 



Бүркітші   тау   басында,   қағушы   ойда   (Абай).   Мектеп   үйі   қалашықтың   қақ 

ортас ында.

             2. Бастауыш зат есімнен, баяндауыш сын есімнен болғанда, екеуінің 

арасына сызықша қойылмайды: Қар аппақ, бүркіт қара, түлкі қызыл (Абай). 

Күз түні ызғарлы, суық.

      3.  Бастауыш зат есімнен, баяндауыш атау не жатыс тұлғадағы сан есімнен 

болғанда, бастауыштан кейін сызықша қойылмайды: 1936 жылы Жамбылдан 

жазылып   алынған   жырдың   саны   он   алты.     Ағайынды   бұл   үшеуінің   жас 

мөлшерлері бір-біріне   жақын: Балтабек жиырма алтыда, Темірбек жиырма 

төртте, Кенжетай жиырма екіде (С.Мұқанов).

             4.  Бастауыштан кейін оған жалғас сұрау есімдігі келген сөйлемдерде, 

баяндауыш атау тұлғадағы зат есім болғанмен, сызықша қойылмайды: Жилин 

қандай адам? Қала мен селоның арасы қанша километр? Бүгінгі күн қай күн?

        Бастауыш І,ІІ жақтық жекеше я көпше тұлғадағы есімдіктен баяндауыш 

жіктік жалғауы түсірілген есімдердің біреуінен болғанда бастауыштан кейін 

сызықша қойылады:

       Мен - тауда ойнаған қарт марал (Махамбет). Біз - қырғауыл, сіз - тұйғын 

(Абай).   Семья   -   шағын   мемлекет,   мен   -   президент,   сен   премьер 

(Қ.Аманжолов). Сен - тоты құс бақта жүрген (Абай).

Әдебиеттер:

1. Есенов Қ. Құрмалас сөйлем синтаксисі. А., 1995.

2. Мұсабекова Ф. Тыныс белгілерін оқытудың кейбір мәселелері. А., 1959

3. Мұсабекова Ф. Қазіргі қазақ тілінің пунктуациясы. Алматы 1991.

4. Р.Сыздық..Қазақ тілінің анықтағышы. Алматы, 2000.

Сұрақтар:

1.   Бастауыш   пен   баяндауыштың   арасына   сызықша   қандай   жағдайда 

қойылады?

2. Бастауыштан кейін сызықшаның қойылмау себептері бар ма?

3. Сызықшаны қоюдың сөз табына қатысы бар ма?

4. Бастауыш пен баяндауыштың орын ауыстыруы сызықшаға әсері бар ма?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет