Ар жазасы - бар жазадан ауыр жаза (М.Әуезов).
Ғашықтың тілі - тілсіз тіл (Абай). Әлі де беделі - бедел (Ғ.Мұстафин). Күлкі -
қыздың күлкісі (С.Ерубаев).
Қаланың қасында көз толатын табиғат - шалқар көл ғана (С.Мұқанов).
ғана (М.Әуезов). Адамды бақытты ететін -тек қана азат еңбек.
Бүркітші тау басында, қағушы ойда (Абай). Мектеп үйі қалашықтың қақ
ортас ында.
2. Бастауыш зат есімнен, баяндауыш сын есімнен болғанда, екеуінің
арасына сызықша қойылмайды: Қар аппақ, бүркіт қара, түлкі қызыл (Абай).
Күз түні ызғарлы, суық.
3. Бастауыш зат есімнен, баяндауыш атау не жатыс тұлғадағы сан есімнен
болғанда, бастауыштан кейін сызықша қойылмайды: 1936 жылы Жамбылдан
жазылып алынған жырдың саны он алты. Ағайынды бұл үшеуінің жас
мөлшерлері бір-біріне жақын: Балтабек жиырма алтыда, Темірбек жиырма
төртте, Кенжетай жиырма екіде (С.Мұқанов).
4. Бастауыштан кейін оған жалғас сұрау есімдігі келген сөйлемдерде,
баяндауыш атау тұлғадағы зат есім болғанмен, сызықша қойылмайды: Жилин
қандай адам? Қала мен селоның арасы қанша километр? Бүгінгі күн қай күн?
Бастауыш І,ІІ жақтық жекеше я көпше тұлғадағы есімдіктен баяндауыш
жіктік жалғауы түсірілген есімдердің біреуінен болғанда бастауыштан кейін
сызықша қойылады:
Мен - тауда ойнаған қарт марал (Махамбет). Біз - қырғауыл, сіз - тұйғын
(Абай). Семья - шағын мемлекет, мен - президент, сен премьер
(Қ.Аманжолов). Сен - тоты құс бақта жүрген (Абай).
Әдебиеттер:
1. Есенов Қ. Құрмалас сөйлем синтаксисі. А., 1995.
2. Мұсабекова Ф. Тыныс белгілерін оқытудың кейбір мәселелері. А., 1959
3. Мұсабекова Ф. Қазіргі қазақ тілінің пунктуациясы. Алматы 1991.
4. Р.Сыздық..Қазақ тілінің анықтағышы. Алматы, 2000.
Сұрақтар:
1. Бастауыш пен баяндауыштың арасына сызықша қандай жағдайда
қойылады?
2. Бастауыштан кейін сызықшаның қойылмау себептері бар ма?
3. Сызықшаны қоюдың сөз табына қатысы бар ма?
4. Бастауыш пен баяндауыштың орын ауыстыруы сызықшаға әсері бар ма?
Достарыңызбен бөлісу: