Баймаханова Г.Қ., Мухамеджанова Б. Б


Мектептің тәрбие жұмысының жүйесі



Pdf көрінісі
бет9/51
Дата06.01.2022
өлшемі1,01 Mb.
#16139
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   51
Байланысты:
Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесінен дәрістер жинағы.pdf.pdf

 

Мектептің тәрбие жұмысының жүйесі 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Мектептің  тәрбиелік  жүйесі  –  өскелең  ұрпақты  мәдениетті,  шығармашыл,  белсенді 



тұлға ретінде қоғам өміріне бейімдеуге бағытталған, өзін – өзі ұйымдастыратын жүйе.  

Тәрбие жұмысының жүйесі мынадай компоненттерден тұрады: 

1. Дидактикалық жүйе. 

2. Тәрбиелік жүйе. 

3. Қарым – қатынас жүйесі. 

Оқыту 


барысындағы 

тәрбие 


 

 

 



 

 

жұмысы



 

Оқушылар 

ұжымындағы 

моральдық  -

психологиялық ахуал, 

стиль, тон,

 

қарым-


қатынас

 

Сабақтан тыс іс-әрекет 



Тәрбие жұмысы 

Сыныптан 

тыс тәрбие 

жұмысы 


Мектептен 

тыс тәрбие 

жұмысы 

Мектептің 

отбасымен 

өзара 


әрекеттесуі 

Қоғамдағы өзара 

әрекеттесуді 

ұйымдастыру 




10 

 

Жетпісінші  жылдардың  соңына  қарай  мектептің  тәрбиелік  жүйелік  идеялары  тәрбие 



теорияларына ене бастады.  

Жалпы  білім  беретін  мектептердің  тәрбие  жұмысының  тиімділігін  арттыруда 

М.М.Поташниктің  еңбектерін  айтуға  болады.  Жүйелік  әдіс  арқылы  тәрбие  жүйесін  әртүрлі 

деңгейде  жобалау,  құрастыру,  жетілдіру  және  қайта  құру  мәселелерін  Л.Н.  Новикова 

зерттеді.  Мектептің тәрбие  жүйесінің компоненттері    -  мақсаттар,  іс  –  әрекеттер,  қоршаған 

ортамен қатынас, басқару бөлімдері. 

Тәрбие  жүйесінің  өзегі    -  мектеп  ұжымы.  Кең  мағынада,  мектеп  –  әлеуметтік  – 

педагогикалық  жүйе  бола  тұра,  бірнеше  құрамдас  компоненттерден  –  ұсақ  жүйелерден 

тұрады:  басқару  жүйесі,  дидактикалық  және  тәрбие  жұмысы  жүйесі.  Әрбір  жүйе  дербес 

болып саналады, бірақ бір – біріне ықпалы зор. 

Мектептің  тәрбие  жүйесіне  енетін  сабақ  –  дидактикалық  жүйенің  ең  басты 

компоненті.  Дидактикалық  компоненттермен  қатар,  тәрбие  жүйесінің  компоненттеріне 

мектептің  материалдық  –  техникалық  базасы,  қоршаған  ортаның  табиғи,  әлеуметтік  және 

мәдени эстетикалық қырлары енеді. 

Мектептің  педагогикалық  жүйесінің  аксиологиялық  негізін  жетекші  идеялар, 

мақсаттар,  міндеттер,  принциптер  және  педагогикалық  теориялар  қамтылатын  теориялық 

тұжырымдама  құрайды.  (Теория  и  практика  воспитания:  Учеб.Пособие/  Под  ред.              

Л.А. Байковой, Л.К.Гребенкиной, О.В. Еремкиной-Рязань, 1997/.) 

Педагогикалық қарым – қатынас педагогтар мен тәрбиеленушілердің өзара ықпал ету 

құралы  ретінде  мектептің  педагогикалық  жүйесін  байланыстырушы  компонент. 

Педагогикалық  жүйенің құрылымындағы қарым – қатынастың мұндай рөлі оның тиімділігі 

бірлесе  әрекет  ету  барысында  ересек  адамдар  мен  балалардың  арасындағы  қарым  – 

қатынасқа  (ынтымақтастықты  және  ізгілікті  қатынас,  жалпы  қамқорлық,  сеніммен  қарау, 

әрбір адамға көңіл бөлу) тәуелді екендігіне қатысты. 

Тәрбие  жүйесі  микроортамен  және  макроортамен  тығыз  байланысты  болады. 

Микроорта ретінде мектеп игерген орта  (ықшам аудан, елді мекен), ал макро орта ретінде 

жалпы қоғам қарастырылады.  

Мектептің  тәрбие  жүйесіне    белгілі  ұйымдастырушылық  құрылым  тән.  Тәрбие 

жүйесінің    ұйымдастырушылық  құрылымы  әртүрлі  принциптерге  негізделуі  мүмкін, 

біреуінің  негізі    -  тәрбиелік  орталықтары  болса,  екіншісінікі    -  клубтар  тобы.  Кешен 

мектептері де бар, олар жалпы білім беретін, спорттық, көркемдік мектептерден құралған. 

Тәрбие жүйесі – тәрбие компоненттерінің (субъектілер, мақсаттар, мазмұны және іс – 

әрекет  тәсілдері,  қатыстар)  өзара  әсерлесуі  нәтижесінде  қызмет  ететін  және  ұжым  өмірінің 



11 

 

бейнесі,  оның  психологиялық  жағдайы  сияқты  өзара  кіріктірілген  сипатқа  ие  болатын 



біртұтас әлеуметтік организм ( Л.И. Новикова). 

Тәрбие жүйесін құрудың мақсаты: 

-  тәрбиелік  әрекет  –  субъектілердің  күшін  кіріктіру  (интеграциялау),  педагогикалық 

үрдіс  құрамдарының  байланысын  (мақсаты,  мазмұндық,  ұйымдастырушылық, 

бағалаушылық  - нәтижелілік) өзара бекіту;   

-  табиғи  және  әлеуметтік  ортаны  игеру  және  оларды  тәрбиелеу  ортасына  тарту 

арқылы мүмкіндіктер ауқымын кеңейту

-  тәрбиені  жүзеге  асыратын  мазмұнның,  әдістердің  сабақтастығы  қойылған 

міндеттердің  орындалуын    қамтамасыз  ететіндіктен,  педагогикалық  ұжымның 

уақыты мен әлеуетін үнемдеу;   

-  оқушыға,  мұғалімге,  ата  –  аналарға  ұжымдағы  іскерлік  және  тұлға  аралық 

қатынастарда  шығармашылықпен  өздерін  көрсете  білуге,  қайталанбас  даралық, 

ізгілік танытуға мүмкіндік беретіндей олардың  тұлға ретінде танытуы үшін жағдай 

жасаумен байланысты.  

Мектептің  тәрбие  жүйесі  мұғалімдер,  балалар,  ата  –  аналар  және  т.б.  сияқты 

педагогикалық  үрдіске  қатысушылардың  күшімен  құрылады.  Олардың  өзара  әрекеттесуі 

барысында  оның  мақсаты  мен  міндеттері  қалыптасады,  оларды  жүзеге  асырудың  жолдары 

анықталады, тиісті іс – әрекеттер ұйымдастырылады.   

Жүйені  құру  әрқашан    да  оның  реттілікке,  бірізділікке  бағытталуына,  біртұтастыққа 

құрылуына байланысты. 

Тәрбие  жүйесінің  қалыптасуы  қашан  да  интеграцияланған  үдеріс.  Интеграция 

дезинтеграцияға,  яғни  жүйенің  әр  түрлі  элементтері  тәуелсіздіктің  өсуіне  және  олардың 

арасындағы  өзара  әрекеттестіктің  бұзылуына  қарай  бағытталған  қарама  -  қарсы 

тенденциялармен бірге бір уақытта жүреді. 

Интеграцияланған  және  дезинтеграцияланған  үрдістердің  арасындағы  қарама  – 

қайшылықтың өз шешімін табуы – тәрбие жүйесі дамуының қозғаушы күші болып табылады 

(Л.К.Гребенкина). 

Интеграция  ұжымның  ұйымшылдығынан,  жағдаяттардың  орнықтылығынан, 

тұлғаарлық  берік  қарым    -    қатынастың  орнауынан,  жүйенің  материалдық  элементтерінің 

пайда болуынан байқалады. Дезинтеграция тұрақтылықтың бұзылуынан, жеке  және топтық 

айырмашылықтардың  қабылданған  норма  мен  құндылықтарға  сәйкес  келмейтін 

жағдаяттардың  көрініс  беруінен,  жүйенің  материалдық  элементтерінің  бүлінуінен 

байқалады. 

Тәрбие жүйесі бірнеше кезеңнен тұрады: 

– жүйенің қалыптасуы; 

– ұжым іс – әрекетінің жүйесі мен мазмұнын жасау; 

–  жүйені  лайықты  тәртіп  бойынша  қалыптастыру,  дәстүрлерді  сақтау  мен 

жаңалықтарды енгізу. 

Тәрбие  мақсаттары  мәселесін  шешпей,  тәрбие  жүйесін  құру  мүмкін  емес,  өйткені 

білім  беру  саласындағы  қызметкер  үшін  іс  –  әрекет,  басқа  да  саладағы  сияқты,  мақсат  пен 

міндеттер  арқылы  анықталады.  Сынып  жетекшісінің  мақсаты  мен  міндеттері  мектептің 

тәрбие  жұмысының  бағдарын  ұстанады,  сыныптағы  тәрбие  жұмысы  мектептің  тәрбие 

жүйесінің  бір  бөлігі  болып  табылады.  Тәрбиенің  мақсатын  тек  өз  халқының  ұлттық 

мәдениетінің  негізінде  ғана  емес,  жалпы  адамзаттық  және  адамгершілік  ұлттық 

құндылықтарды игеру арқылы ғана анықтау мүмкін.    

Л.И.Новикованың  анықтауы  бойынша  «мектептің  тәрбие  жүйесі»  ұғымы  кең 

мағыналы болғандықтан, ол өзінің құрамына мектепке қатысты барлық жүйелік ұғымдарды 

қамтиды. Атап айтқанда: материалдық, процессуалдық, идеялық. 

Материалдық 

– 

адамдар, 



ұжымдық 

құрал-жабдықтармен 

педагогикалық 

қатынастардың материалдық қолдаушысы, қорғаушысы.  

Процессуалдық – тәрбие, оқу-тәрбие процесі, педагогикалық процесс, әрекет.  



12 

 

Идеялық  компоненттері  –  ұғымдар,  ережелер,  тәрбие  жүйесінің  мақсаты,  мазмұны, 



түрлері, даму кезеңдері, қатысушылардың рөлдік полициялары.  

Мектептің тәрбие жүйесі қалыптасу барысында бірнеше сатыдан өтеді. 

I  даму  кезеңінде  –  негізгі  идеяны  қолдайтын  мұғалімдердің  шығармашылық  тобы 

құрылуы шарт.  

II    даму  кезеңінде  –  ортақ  іс  –  әрекет  арқылы  мұғалімдер  ұжымы    мен  оқушылар 

ұжымының бірігуі орын алады. 

III  даму  кезеңінде–  тәрбие  жүйесінің  қалыптасуының  негізгі  көрсеткіші  –  біртұтас 

ұжым құрылуы ( ұстаздардан, оқушылардан, ата -  аналардан) тиіс. 

Л.И.Новикова мектептің тәрбие жүйесінің 9 белгісін айқындаған: 

1.Мектептің  “кіші  тұжырымдамасының”  айқындығы  –  оның  ата-аналардың, 

мұғалімдердің, оқушылардың қолдауы арқылы қабылдануы; 

2. Мектеп өмірінің балаларға қолайлылығы, олардың қызығушылығына сәйкес келуі, 

биресми қатынастардың құпталуы; 

3. Балалар өмірінде қуанышты оқиғалардың болуы; 

4.  Мектептің,  баланың,  топтың  еркін  дамуына  шектеу  келтіретін  “ұйымдастырылған 

аралдың” болуы; 

5. Балалардың күнделікті өмірін бейнелейтін “Сөйлеп тұрған қабырғалардың” болуы; 

6. Қоршаған ортаның мектепке, мектептің қоршаған ортаға ықпалы; 

7. “Ішкі қайшылықтарды” шешу; 

8.  Мектеп  ұжымы  мүшелері  арасындағы  жалпы  ізеттілік  қарым-қатынастың 

қалыптасуы; 

9.  Оқушылар  өздерін  мектеп  ұжымынан  ажыратпауы,  мектеп  ұжымы  мүшесі  екенін 

толық сезінуі. 

Тәрбие жүйесін қолдану  тәрбие үдерісінің мақсатқа сәйкес,  басқарылатын, нәтижелі, 

тиімді болып қалыптасуына  әсерін тигізеді.  Тәрбие үдерісінің ролі білім беру жүйесі үшін 

өте маңызды.  

Тәрбие  жүйесін құруда  ескерілетін жайттар:  

- оқушылардың қызығушылығы, қабілеті, қажеттілігі;  

- педагогикалық  ұжымның  мүмкіндігі (мектеп қандай әрекет түрлерін ұйымдастыра 

алады), шығармашылық әлеуеті (потенциалы);  

- кез-келген ата-ананың  білім мен тәрбиенің нәтижесіне мүдделігі болуы.  

Тәрбиенің негізгі педагогикалық  ұстанымдары:  

1.  Сынып  ұжымының  жалпы  тіршілік  әрекетін  қамтамасыз  ететін    міндеттерді     

шешуде сынып жетекші мен оқушылардың біріккен  серіктестігі; 

2.  Тұлғаның жеке дара  маңызды қасиеттерін тәрбиелеу: патриотизмұлтжандылық

жауапкершілік, қарым-қатынас мәдениеті, адамгершілік; 

3.  Рухани,  жан-тәнімен  жұмыс  істеу,  адамгершілікті  қалыпты  жағдай  ретінде 

қабылдау; 

4.  Оқушыларды мәңгілік, басым құндылықтарға бағыттау. Олар: Отан, отбасы, адам, 

білім, еңбек, мәдениет, бейбітшілілк, табиғат, адамгершілік, ақиқат, сұлулық т.б.   

Тәрбие жүйесінің негізгі қағидалары:  

-  әрбір балада мейірімділік бастауы бар екеніне сену;  

-  баланың нені қажет ететінін түсіну және білу;  

-  қоғамдық өмірдегі адамгершілік қасиеттің басымдылығын сезіну ;  

-  бала  құқығын  білу  және  оны  сыйлау  (жақсылыққа  жақсылықпен  жауап  бер,  ал     

жамандыққа әділдікпен жауап бер);  

- барынша мәдениет пен білімділікті дамыту. 

Сыныптың тәрбие жүйесінің аса маңызды, айқындалған 5 компоненті: 

-  жеке дара-топтық;  

-  құндылық-бағдарлы; 

-  атқарымдық-әрекеттік;  



13 

 

-  кеңістіктік-уақытты;  



-  диагностикалық-нәтижелілік;  

     


Жеке  дара-топтық    компонент  бұл  ересектер  мен  балалардың  қауымдастығы.  Олар  бір 

сынып  көлемінде  ортақ  әрекет  арқылы  біріккен    қауымдастық.  Бұл  қауымдастық  бірнеше 

бөліктерден тұрады:  

-  сынып жетекші, оқушылар, ата-аналар; 

-  пән мұғалімдері басқа да тәрбие үдерісіне қатысы бар адамдар.  

    Сыныптың  тәрбие  жүйесін  құрудағы  өте  маңызды  компонент.  Себебі    осы  адамдар 

сыныптың  тәрбие  жүйесінің  мазмұнын,  қандай  бағыттың  қажетті  екенін  анықтап,  жүзеге 

асырады.  Жүйенің  мағынасы  мен  маңызы,  оқушылардың  қажеттілігін  жүзеге  асыру  және 

әрқайсысының тұлғалық дамуына ықпал ету арқылы ұжым ретінде қалыптасуын қамтамасыз 

ету.  Соның  ішінде  сынып  жетекшінің  көзқарасы,  құндылық  бағдары,  қызығушылығы, 

ұстанымы,  әуестігі  тәрбие  жүйесінің негізгі  құраушы  факторы  болып  табылады.  Ал  сынып 

оқушылары,  бір  жағынан  өз  дамуының  толық  құқылы  иесі,  екінші  жағынан  әдейі 

бағытталған және  бірлескен әрекет, қарым - қатынастың еріксіз ықпалының нысаны. 

    Құндылық-бағдарлы компоненті. Ол келесі жиынтықтан тұрады:  

-  тәрбие жүйесінің маңыздылығы;  

-  мақсат, міндеттері;  

-  сыныптың ұжым ретінде әрекетінің келешегінің болуы;  

-  сыныптың тәрбие жүйесін құрудың және іске асырудың негізгі қағидасы.  

           Сыныптың тәрбие кеңістігінде жеке дара да, топтық та құндылықтар бар. Бірі  қарым-

қатынастарды  құруға,  бірігіп  әрекет  етуге  ықпал  етсе,  кейбір  құндылықтардың  тіпті 

қажеттілігі шамалы болады.  Яғни мәселе тәрбиелеудегі құндылықтардың басымдылығы мен 

олардың  маңыздылығында.  Бір  сыныпта  басымдылық  адамгершілік  қасиеттерге  берілсе, 

кейбіреуінде  қарым-қатынасқа,  үшіншісінде-бірігіп  әрекет  ете  алуға  берілуі.  Сондықтан  әр 

сынып  жетекші  өз  сыныбына  басым  және  маңызды  құндылықтарды  анықтауы  қажет.  Яғни 

кез-келген  жолмен  жеңіске  жету  ме,әлде  жеңілсе  де  өз  абыройын  сақтап  қала  алу  ма?  Сіз 

үшін, сіздің сыныбыңыз үшін не маңызды, соны нақты анықтау керек.  

   Атқарымдық-әрекеттік компонент келесі бөліктерден тұрады:  

-  Сыныптағы  оқушылардың  біріккен  әрекетін,  қарым-қатынасын    ұйымдастыру 

әдістері мен түрлері;  

-  Тәрбие жүйесінің атқаратын негізгі міндеттері; 

-  Сыныптың    күнделікті  тіршілігін,  өз  бетімен  әрекет  етуін  педагогикалық 

жағынан қолдау, қамтамасыз ету; 

   Бұл компоненттің негізін сынып оқушыларымен біріккен әрекет, шара құрайды.  

   Кеңістіктік-уақытты компоненті келесі бөліктерден тұрады:  

-  Сынып 

оқушыларының 

тіршілік-әрекетіндегі, 

күнделікті 

дамуындағы 

адамгершілік-рухани,  сезімдік-психологиялық,  заттық-материалдық    ортасы, 

жағдайы;  

-  Сыныптың  басқа  сыныптармен,  қоғаммен  байланысы,  қарым-қатынасы.  Біз 

күнделікті  байқаймыз  кейбір  сынып  оқушылары  өздерінен  ересек  не  жасы  кіші 

балалармен  қарым-қатынас  жасайды.  Ал  кейбіреуі  тіпті  өзімен  бірге  оқитын 

оқушылармен тіл табыса алмай жатады;  

-  Сыныптың  жалпы  мектепішілік  тәрбие  кеңістігіндегі  орны.  Кейбір  тапсырманы 

не шараны өткізуді тапсырғанда сыныптың деңгейіне, өз бетінше әрекет ету алу 

қабілетіне қараймыз. Бұл сыныптың жалпы мектептегі тәрбиелік бет-пердесі;  

-  Сыныптың  тәрбие  жүйесінің  даму  кезеңдері.  Тәрбие  жүйесі  байланысы  мен 

қарым-қатынасы  шектелген,  жабық  жүйе  болмауы  керек.  Сынып  жетекші  өз 

сыныбының басқа да сынып оқушыларымен  байланысын қалыптастырып, оның 

нығаюына  атсалысқаны  дұрыс.  Сондықтан  кейбір  шараларды  параллель 

сыныптар арасында бірігіп өткізуді ұйымдастыру қажеттігі бар. Бірақ бұл жерде 



14 

 

ескеретіні оқушылардың барлығын шарамен қамту. Қалғандары бос отырса, бір-



біріне кедергі жасап, ешқандай жетістікке қол жеткізе алмайды.  

   Диагностикалық-нәтижелілік компоненті келесі бөліктерден тұрады:  

-  тәрбие жүйесі нәтижесінің (әсерінің) көрсеткіштері;  

-  тәрбие жүйесі нәтижесін анықтаудың әдісі мен тәсілдері . 

Сынып  жетекшісі  төмендегі  ережелерді  ұғынып,  түсінген  жағдайда  ғана  тәрбие 

міндеттерінің шешімі нәтижелі болмақ: 

1. Тәрбиенің жеке тұлғаға бағытталуы; 

2. Тәрбиенің жүйелік сиппатта болуы; 

3.Тәрбие  іс-әрекетінің  мақсаттарының  бірлігі,  оқушылармен  жұмыс  істейтін 

мұғалімдердің өзара әрекеттестігі тәрбие жүйесінің кепілі: 

4.Тәрбие  үдерісі  жеке  тұлға  теориясы  мен  іс-әрекет  теориясына,  құндылықтар 

теориясы мен басқару теориясына сүйену қажет. 

    Шетелдік тәрбие жүйелері. 

    Вальдорф  мектептері  ХХ  ғасырдың  басынан  бастап  таныла  бастады.  Басты  идеясы 

адам  үш  әлемнің  бейнесі,  физикалық  дененің,  рухани  дененің  және  жанның  бірлігі  деп 

қарайтын антропософ  іліміне сәйкес, осы мектептің негізін салушы  Рудольф  Штейнер бала 

тұлғасының  қалыптасуын  және  оның  физикалық  және  психикалық  дамуымен,  табиғатпен 

және  қоршаған  ортамен  үндестікте  жүзеге  асыратын  мектеп  ашуға  ұмтылды.  Вальдорф 

мектептері бір уақытта адамның денесін, интеллектін және мінез-құлқын дамытуды көздейді.     

Мұндағы  басты  принцип-еркіндік.  Сонымен  бірге  еркіндіктің  астарында  міндетті 

жауапкершілік  жатады.  Мұндай  мектептер  жаңа  типті  әлеуметтік  организм  -  еркін 

адамдардың қандай да  болмасын басқару  ұйымдарынан тәуелсіз одағы. Мектепте директор 

болмайды.  Маңызды  мәселелерді  шешуге  қандай  да  болмасын  нақты  бір  мектеп  ашуға 

белсенділік  танытатын  ата-аналар  шақырылады.  Вальдорф  мектептерінде  жалпы  әдістеме, 

нақты  оқу  жоспары  мен  оқулықтар  жоқ.  Мұғалімдер  оқу  процесінің  мазмұнын,  формасын, 

әдістерін өздері таңдайды. Бұл мектепте тәрбиеленушілерді табиғаттағы барлық тірі нәрсені 

қабылдауды  үйретеді.  Оқушылар  жермен  міндетті  түрде  жұмыс  істеуі  қажет.  Ол  ең 

болмағанда бір рет астық себуден нан пісіруге дейінгі нәтижесін көру екендігі бейнеленген. 

    Вальдороф  мектебіндегі  мұғалімдер  –  эрудициялы,  жоғары  дайындықтан  өткен 

мұғалімдер.  

    Вальдороф  педагогикасында  тұлғаны  дамытудың  өзегі    –  мәдениет  (дін,  фольклор, 

музыка, өнердің бейнелеу түрі, театр, т.б.). 

    Жалпы  қамқорлық  тәрбие  жүйесі.  XX  ғасырдың  50  –  жылдарының  аяғында 

ленинградтық  ғалым  И.П.  Иванов  жалпы  қамқорлық  идеясын  ұсынды.  Бұл  идеяға  сәйкес 

тәрбие жүйесінің негізін құруға балалардың және олардың тәрбиешілерінің іс-әрекеттерінің 

әлеуметтік  пайдалы  бағыттылығы,  балалар  мен  үлкен  адамдардың  ынтымақтастығы,  іс-

әрекеттің  көп  рөлді  сипаты  және  ондағы  романтизим,  шығармашылық  сияқты  принциптер 

алынған. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет