Халықаралық «Əділ сөЗ» СӨз бостандығын қОРҒау қоры


С Сараптамалық зерттеу əдістемесі



Pdf көрінісі
бет29/45
Дата06.01.2022
өлшемі418,89 Kb.
#16481
түріАнықтамалық
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   45
Байланысты:
Əлеуметтік, ұлттық, рулық, нəсілдік, таптық немесе діни араздықты жандандыру туралы істер бойынша сот-филологиялық сараптама ҚЫСҚАША АНЫҚТАМАЛЫҚ

С

Сараптамалық зерттеу əдістемесі – сот сараптамасы пəніне қа-

тысты  деректік  (факт)  мəліметтерді  анықтау  үшін  сот  сараптамасы 

нысандарын зерттеуде қолданылатын əдістер жүйесі.

Сараптамалық зерттеу əдісі – сот сараптамасы пəніне қатысты 

деректік  (факт)  мəліметтерді  анықтау  үшін  сот  сараптамасы  нысан-

дарын зерттеуде қолданылатын логикалық жəне (немесе) инструмен-

талдық операциялар (тəсілдер, амалдар) жүйесі.




30

Сараптама  қорытындысын  рəсімдеу – қара.  сарапшы 

қорытындысы

Сараптаманың тағайындалуы – іс шешімі үшін маңызды жағдай 

материалдарға сарапшы тарапынан арнаулы ғылыми білім негізінде 

жүргізілген  зерттеулер  нəтижесінде  анықталатын  болғанда  сарапта-

ма тағайындалады. Қылмыстық іс жүргізу үдерісіне қатысушы басқа 

тұлғалардың  бұл  сияқты  білімдерінің  болуы  қылмыстық  үдерісті 

жүргізуші тұлғаны сəйкес жағдайларда сараптама тағайындау қажет-

тілігі міндетінен босатпайды. 

Қылмыстық істі жүргізуші орган сот сараптамасын тағайындау қа-

жетті деп тапса, тергеуші сот бұл туралы қаулы шығарады, қаулыда 

сараптаманы тағайындаушы органның атауы; сараптаманың тағайын-

далған уақыты мен орны; сараптаманың түрі; сараптаманың тағайын-

далу негіздемесі; сараптамаға ұсынылатын нысандар; жəне олардың 

дереккөздері (шығу тегі) туралы ақпарат; сонымен қатар көрсетілген 

нысандардың толықтай немесе жартылай жойылу мүмкіндігі туралы 

рұқсат,  зерттеу  барысында  нысандардың  сыртқы  түрлерінің  немесе 

басты қасиеттерінің өзгеру жағдайлары; сот сараптамасы органының 

атауы жəне (немесе) сот сараптамасын жүргізу ісі тапсырылған адам-

ның аты-жөні (оның бар болған жағдайында) көрсетіледі. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет