Халықаралық «Əділ сөЗ» СӨз бостандығын қОРҒау қоры


Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174-бабында



Pdf көрінісі
бет32/45
Дата06.01.2022
өлшемі418,89 Kb.
#16481
түріАнықтамалық
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   45
Байланысты:
Əлеуметтік, ұлттық, рулық, нəсілдік, таптық немесе діни араздықты жандандыру туралы істер бойынша сот-филологиялық сараптама ҚЫСҚАША АНЫҚТАМАЛЫҚ

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174-бабында 

қарастырылған қылмыстар бойынша іс жүргізу.

Ақпаратқа оның мазмұнында əлеуметтік, нəсілдік, ұлттық, рулық 

жəне  діни  алауыздықты  қоздыру  белгілерінің  қамтылуына  қатысты 

зерттеу.


Сарапшыға (маманға) қойылатын сұрақтар:

1)  Зерттеуге  ұсынылған  материалдарда  адамдардың  əлеуметтік, 

нəсілдік,  ұлттық,  рулық  немесе  діни  қатыстылығына  қарай  оларға 

қарсы  агрессивті,  зорлық-зомбылық  əрекеттерді  жүзеге  асыруға 

бағытталған үндеулер бар ма ?

2)*  Зерттеуге  ұсынылған  материалдарда  əлеуметтік,  нəсілдік, 




32

ұлттық,  рулық  немесе  діни  белгілері  бойынша  ерекшеленетін 

адамдарға  қатысты  жаулық  немесе  жеккөрушілік  қарым-қатынас 

қажеттігін негіздейтін я ақтайтын белгілер бар ма ?

3)*  Зерттеуге  ұсынылған  материалдарда  адамдардың  əлеуметтік, 

нəсілдік,  ұлттық,  рулық  немесе  діни  қатыстылығына  қарай  оларға 

қарсы  агрессивті,  зорлық-зомбылық  əрекеттерді  жүзеге  асыру 

қажеттігін негіздейтін я ақтайтын белгілер бар ма ?

4)*  Зерттеуге  ұсынылған  материалдарда  қайсыбір  əлеуметтік, 

нəсілдік,  ұлттық,  рулық  немесе  діни  топтың  барлық  өкілдерін  осы 

сияқты басқа топтардың өкілдеріне залал келтіру ниеттерінің болуы 

тұрғысынан айыптау қамтылған ба ?

5)  Зерттеуге  ұсынылған  материалдарда  əлеуметтік,  нəсілдік, 

ұлттық,  рулық  немесе  діни  топтың  барлық  өкілдерін  осы  сияқты 

басқа  топтардың  өкілдеріне  залал  келтіруге  бағытталған  əрекеттері 

тұрғысынан айыптау қамтылған ба ?

6)  Зерттеуге  ұсынылған  материалдарда  қайсыбір  əлеуметтік, 

нəсілдік,  ұлттық,  рулық  немесе  діни  топ  мүддесінің  осы  сияқты 

басқа топ мүддесімен қарама-қайшылығы жəне үйлесімсіздігі туралы 

пікірдің негіздемесі қамтылған ба?

7)  Зерттеуге  ұсынылған  материалдарда  əлеуметтік,  нəсілдік, 

ұлттық,  рулық  немесе  діни  топтардың  жекелеген  өкілдерінің 

əрекеттері үшін соларды жатқызуға болатын тұтас этникалық немесе 

конфессиялық топ адамдарына жауапкершілік жүктеу қамтылған ба?

8)  Зерттеуге  ұсынылған  материалдарда  адамдардың  əлеуметтік, 

нəсілдік,  ұлттық,  рулық,  тектік-топтық  немесе  діни  қатыстылығына 

қарай  оларға  қарсы  агрессивті,  зорлық-зомбылықты  əрекеттерді 

жасау туралы қоқан-лоқы бар ма?

Ескертпе: * таңбасымен  белгіленген  сұрақтар  ақпаратқа 

оның  мазмұнында  əлеуметтік,  нəсілдік,  ұлттық,  рулық  жəне  діни 

алауыздықты  қоздыру  белгілерінің  қамтылуына  қатысты  зерттеу 

жүргізу кезінде міндетті болып табылады.



2. Ақпаратқа оның мазмұнында адамдардың əлеуметтік, нəсілдік, 

ұлттық,  рулық,  тектік-топтық  немесе  діни  қатыстылық  белгілеріне 

қарай олардың айрықшалығы, артықшылығы не толыққанды еместігін 

насихаттау белгілерінің қамтылуымен байланысты зерттеу.



Сарапшыға (маманға) қойылатын сұрақтар:

1)*  Зерттеуге  ұсынылған  материалдарда  адамдардың  əлеуметтік, 

нəсілдік,  ұлттық,  рулық,  тектік-топтық  немесе  діни  қатыстылығына 



33

қарай  олардың  биологиялық  немесе  жаратылысынан  (табиғи) 

айрықшалығы,  артықшылығы  не  толыққанды  еместігі  туралы 

тұжырымдар қамтылған ба?

2)  Зерттеуге  ұсынылған  материалдарда  адамдардың  əлеуметтік, 

нəсілдік,  ұлттық,  рулық,  тектік-топтық  немесе  діни  қатыстылығына 

қарай  олардың  топтарына  теңсіздік  орнату  жəне    кемсітушілік 

қажеттігін  негіздейтін  немесе ақтайтын үндеулер қамтылған ба?



3. Ақпаратқа оның мазмұнында азаматтардың ұлттық намысы мен 

қадір-қасиетін немесе діни сезімдерін қорлау (төмендету) белгілерінің 

қамтылуымен байланысты зерттеу.  

Сарапшыға (маманға) қойылатын сұрақтар:

1)*  Зерттеуге  ұсынылған  материалдарда  қайсыбір  əлеуметтік 

топқа  қатыстылығымен  теңдей  алғанда,  ұлттық  белгілері  бойынша 

ерекшеленетін  тұлғаларды  қорлайтын  немесе  төмендететін 

мінездемелері қамтылған ба?

2)*  Зерттеуге  ұсынылған  материалдарда  кез  келген  адамның 

əлеуметтік, нəсілдік, діни немесе тілдік қатыстылығына байланысты 

оның толыққанды еместігін немесе кемістігін насихаттайтын, қадір-

қасиетін төмендететін қорлау сөздері қамтылған ба?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет