Насихаттау. Адамның айырықшалығын немесе толыққанды
еместігін насихаттау – сөйленістің заңда көрсетілген топтар
өкілдерінің арасында иерархия бар екеніне сенімді қалыптастыру
мақсатындағы бағытын білдіреді, яғни барлық салыстырылатын
топтардың өкілдерін «жоғарғы-төменгі» белгілері бойынша
қарама қарсы қоя отырып, өздерінің айырықша қасиеттері арқылы
басқалардан үстем танылатын топ адамдарын жақсы деп, ал басқа
топ адамдарын көрінеу нашар, толыққанды емес деп бағалайды.
Насихаттау. Нəсілдік немесе ұлттық белгілеріне қарай
адамның айырықшалығын, артықшылығын немесе толық-
қанды еместігін насихаттау – адамның ұлттық немесе нəсілдік
топқа қатыстылығына қарай оның басқа бір адамнан ерекшеленетін
биологиялық бейімделген қабілеттері мен белгілерінің бар
екеніне сенімді қалыптастыру мақсатын көздейтін сөйленістің
бағыттылығын білдіреді. Сапалы өзгешеліктердің негіздемесі түрлі
нəсіл мен ұлт өкілдерін қарама-қарсы қою жəне нəсілдер, ұлттар,
28
халықтар «сапасы» иерархиясын құру мақсатында жиі қолданылады.
Ұлттық немесе нəсілдік үстемдік негізделген немесе ақтап алынған
ақпараттық материалдар заңда тиісінше көрсетілгендей, тіпті онда
экстремистік қызметті мақұлдау ниеті көрсетілмесе де экстремистік
деп танылады.
Достарыңызбен бөлісу: |