Халықаралық «Əділ сөЗ» СӨз бостандығын қОРҒау қоры


Кешенді  сараптама  жүргізуге  лингвистермен  қатар  қатыса-



Pdf көрінісі
бет33/45
Дата06.01.2022
өлшемі418,89 Kb.
#16481
түріАнықтамалық
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   45
Байланысты:
Əлеуметтік, ұлттық, рулық, нəсілдік, таптық немесе діни араздықты жандандыру туралы істер бойынша сот-филологиялық сараптама ҚЫСҚАША АНЫҚТАМАЛЫҚ

Кешенді  сараптама  жүргізуге  лингвистермен  қатар  қатыса-

тын басқа да мамандарға арналған (типтік) сұрақтар 

– Лингвистің міндетті түрде қатысуы талап етілетін сараптамалық 

зерттеуге  қажет  болған  жағдайда  онымен  бірге  басқа  да  мамандар 

тартылуы мүмкін

  

(қара. кешенді сараптама). Сөйтіп, көркем туынды 



ретінде  танылатын  ақпараттық  материалдардың  заңгерлік  жəне  фи-

лологиялық бағалары елеулі ерекшеліктерге ие, сондықтан олардың 

талдауы үшін əдебиеттану саласы бойынша мамандандырылған фи-

лологты тартуға кеңес беріледі. 

Вербалды  экстремизм  белгілеріне  ие  ақпарат  ғылыми  зерттеу 

нəтижелері түрінде танылатын материалдарда қамтылуы мүмкін. Бұл 

этникааралық  жəне  діниаралық  қақтығыстар  мəселелерінің  тарих, 

этнография,  қақтығыстану  салаларында  талдануымен  байланысты; 

терроризм себептері криминолог, психолог, əлеуметтанушы мамандар 

тарапынан қарастырылуы мүмкін; адам нəсілінің шығу тегі мəселе-

лерін антропологтар, генетиктер т.б. зерттеуі мүмкін. Мұндай жари-

яланымдарда, əдетте, сол немесе басқа нəсілдік, ұлттық, діни топтар 

туралы деректік мəліметтер келтірілетіндіктен, бұл жағдайда жалпы 



34

ережелер əрекет етеді: деректік мəліметтердің шынайы болмысқа сəй-

кес келуі жағдайында басымдық ақпаратты тарату еркіндігіне берілуі 

тиіс. Деректердің шынайы болмысқа сəйкестілігін анықтау үшін көр-

сетілген ғылым салаларының мамандары іске тартыла алады. 

Діни  сипаттағы  мəтіндер  басым  жағдайда  лингвистикалық 

талдаумен қатар арнаулы дінтану саласы бойынша білімді талап етеді.  

Бейвербалды  құралдардың  пайдаланылуы  жағдайында  өнертану 

саласы бойынша білімнің талап етілуі мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет