9
Сендіру (иландыру үдерісінің) жоғарыда көрсетілген жалпы сұл-
басы үш кезеңнен тұрады.
Сендірудің (иландырудың) бірінші кезеңі - адресаттың мəселені
пайымдауына, оның себептері мен салдарына бағдарланатын ұтымды
түсінік беру əрекеті. Экстремистік мəтіннің соңғы кезеңі белгілі бір
бағыттағы белсенділік танытуына түрткі салу жəне нақты əрекеттер-
ге үндеу болып табылады. Идеологияның қалыптасуы мен арандату
əрекеті арасындағы байланыстырушы буын психиканың қалыпты
(статикалық) күйден динамикалық жағдайға, немқұрайлы пəрменсіз
(пассив) күйден белсенді қалыпқа бет бұру сатысы болып табылады.
Қозғаушы (қоздырушы) мəтін нақ осы мақсаттарға жұмыс істейді.
Сөйлеу үдерісінің осы жалпы сұлбасын вербалды (тілдік) экстре-
мизм терминдерінің тіліне мына түрде аударады: назар аударту кезеңі
фактілерді алға тарту (констатация, ақпарат беру) əрекетіне сəй-
кес келеді, «мəтін əлі өзінің дамыған кезеңінде өзіне берілетін теріс
эмоционалдық зарядқа ие болмаған сəті. Қызығушылықты қалыпта-
стыру кезеңі жек көрінішті сезім тудыруға (қоздыруға) сəйкес келеді,
«сипаттама объектісінің теріс образы мəтінде көрініс беріп үлгерген-
де, ал оқырманның оған қатысты жеке теріс (жағымсыз) ұстанымы
қалыптасқан сəті. Ниеттің пайда болуы «оқырман алдында нақты
іс-қимыл бағдарламасы көрініс бергенде» іс-қимылдың қажеттілігін
негіздеуді жəне / немесе тұжырымдауды білдіретін жанама үндеуге
сəйкес келеді. Немесе басқаша айтқанда – сөйлеу нысанына қатысты
əрекеттерді жоспарлау сатысы (алауыздықты/араздықты қоздыру
үдерісін бейнелейтін төмендегі кестені қара).
Жек көрушілік пен алауыздықты (араздықты) қоздыру құбылы-
старының жек көрушілікті қоздыру кезеңін жəне өшпенділікті (жау-
лықты) қоздыру кезеңін ғана қамтитын, басқа ақпарат беру кезеңінсіз
дейтін қысқа нұсқасы да бар. Бір сатыдан екінші сатыға өту кезінде
мəтіннің үндеуіштік сипаты артады. Сөйтіп, ақпарат беру саты-
Достарыңызбен бөлісу: