Халықаралық «Əділ сөЗ» СӨз бостандығын қОРҒау қоры



Pdf көрінісі
бет9/45
Дата06.01.2022
өлшемі418,89 Kb.
#16481
түріАнықтамалық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   45
Байланысты:
Əлеуметтік, ұлттық, рулық, нəсілдік, таптық немесе діни араздықты жандандыру туралы істер бойынша сот-филологиялық сараптама ҚЫСҚАША АНЫҚТАМАЛЫҚ

Б

Баға – қара. болмыстың тілдік түсіндірмесінің (интерпретация-

сының) типтері

Болмыстың  тілдік  интерпретациясының  типтері.  Кез  келген 


11

қарым-қатынас  актісінің  мақсаты – хабарды  жеткізу.  Сөйленістің 

прагматикалық қызмет аспектісінде хабарламада қамтылған ақпарат 

сөйлеушінің болмысты қабылдау ерекшеліктерін бейнелейтін тілдік  

құрылымның төрт түрлі типіне келіп саяды: бұл – дерек, пікір, баға, 

ерік-қалау. 



1. Дерек – бұл сөйлеу əрекетінің типі, оның сөйлеудің басқа тип-

терінен айырмашылығы, нақты орын алған оқиғалар туралы, нəрсе-

лердің материалды сапалары, өмірде орын алған байланыстар мен қа-

рым-қатынастар туралы хабарлайды. Мəтінді зерттеу аясында дерек 

туралы тұжырым екі тұрғыдан қарастырылады: онтологиялық жəне 

логика-танымдық. Дерек онтологиялық түсінікте –  бұл болмыс күйін 

сипаттайтын  кез  келген  объективті  (яғни,  сөйленіс  авторына  тəуел-

сіз) орын алған оқиға немесе жағдай. Мұндай деректердің шындыққа 

сəйкестігі  техникалық  тұрғыдан  тексеріле  алады.  Логика-танымдық 

тұрғыда  дерек  деп  анықталған  мезгілдік-кеңістіктік  сипаттамалар-

мен  шектелген  болмыс  фрагменттерінің  сипаттамасы  нəтижесінде 

алынған білімнің негіздемесі танылады. Сөйтіп, дерек деп білім жүй-

есінің  элементтері  түсініледі,  олар  онтологиялық  деректерді  тілдік 

құралдар көмегімен көрсетеді. Деректер қоғамдық білім бөлігін ұй-

ымдастырады,  реалды  əлем  заңдарының  адам  санасындағы  жүйелі 

мəністері.

Мəтінді  лингвистикалық  зерттеу  аспектісінде  дерек  деп  болмыс 

нысандары  мен  құбылыстарының  байланыстары  туралы  констатат-

таушы  тұжырымдар,  қатысушылары  жанды  жəне  жансыз  нысандар 

болып табылатын практикалық қызмет мəліметтері туралы хабарла-

малар, сондай-ақ нысандардың адам түйсінетін сандық жəне интен-

сивті белгілері немесе олардың кеңістіктік-мезгілдік сипаттары тура-

лы мəліметтер саналады.

Дерек  сөйлеу  əрекетінің  типі  ретінде  болмысқа  қатысты 

нысандар арасындағы қатынастар мен өзгерістердің ақиқаттығы мен 

жалғандығын, сондай-ақ олардың сапалық  қасиеттері мен физикалық 

белгілерінің  байланыстарын  тұжырымдайды.  Олар  эмпирикалық 

жолмен  тексеріле  алады,  сондықтан  дерек  формасында  баяндалған 

мəліметтердің  шынайылығына  байланысты  жауапкершілік  авторға 

артылады.  Алайда  лингвистің  міндеті  мəтіндегі  деректің  ұғымдық 

қасиеттеріне  ие  констататтаушы  тұжырымдарды  анықтаумен 

шектеледі,  сол  уақытта  деректік  ақпараттың  шындыққа  сəйкестігін 

тексеру  лингвистикалық  зерттеу  аясынан  шығып  кетеді.  Осы 

тұжырымдардың шындыққа сəйкестігін осы онтологиялық деректер 




12

қарамағына  енетін  сала  (тарих,  əлеуметтік,  дінтану,  психология, 

саясат жəне т.б.) маманы растауы керек.

2.  Пікір – бұл  қарым-қатынастың,  оқиғаның,  əрекеттің  сапалы 

жақтары  туралы  этикалық  пайымдаулар,  түйсікті  қабылдау,  сезім 

негізінде  нысандардың  (құбылыстар,  оқиғалар  жəне  т.с.с.)  сапалы 

байланыстарына  адамның  жеке  қарым-қатынасын  білдіретін  сипат-

тамалық  мəліметтер,  пайымдау  нысанының  маңыздылығы  туралы 

жəне сəйкесінше, пайым нысанының əлеуметтік-саяси, экономикалық, 

мəдени,  интеллектуалдық-менталдық  үдерістерге  əсер  ету  дəрежесі 

туралы субъективті түсінік. Пікір сөйлеу нысанының автор тарапынан 

түйсініліп,  санада  сарапталған  объективті  сапаларының  құндылықты 

сипаттамалары («дұрыс-қате», «əділетті-əділетсіз», «рационалды-

рационалды емес») туралы сөйленіс мазмұнының бөлігін құрайды.

Пікір  сөйленіс  авторы  тарапынан  баяндалған  мəліметтердің  са-

палық-сипаттамалық  жоспарына  жауап  береді.  Олардың  ақиқат-

тығы  немесе  жалғандығы  тексеріле  алмайды,  алайда,  егер  шынайы 

деректерді  дұрыс  тұжырымдауға  негізделген  болып,  сөйлеушінің, 

сондай-ақ  тыңдарманның  да  интуитивті  интерпретациясы  ретінде 

расталса «дұрыс» деп танылуы мүмкін, Пікірді жұртшылыққа жария 

ету құқығы сөз бостандығы туралы ережемен кепілдендіріледі, алай-

да  пікір  жек  көрушілік  пен  алауыздықты,  əлеуметтік  агрессия  мен 

зорлық-зомбылықты насихаттамауы керек. 

Мəтінде  пікірдің  маркерлері  ретінде  модаль  мəнді  тілдік  бірлік-

тер  (күман,  сенімсіздік,  болжам,  долбар,  мүмкіндік,  хабарламаның 

шынайылық  дəрежесінің  бағалануы  жəне  т.с.с.)  жəне  мүмкіндік, 

шарттылық, жорамал жасау, болжау, күдік мəнді шылаулар орын ала-

ды,  Предикат  орнындағы  етістік  формалары  түр,  шақ  (уақыт)  жəне 

рай жағынан шектелмейді. Пікір пропозициясының предикаттық өзе-

гі болып көбінесе менталды-интеллектуалдық қызмет мəні қамтылған 

етістіктер орын алады.  

Пікірдің  қайсыбір  түрлеріне  білімнің  объективті,  сонымен  қатар 

субъективті элементтерін қамтитын фактоидтар жатады. Ақпараттың 

объективті  сипаттамалар  қамтылған  бөлігі  болмысқа  (шындыққа) 

сəйкестігі жағынан тексеріледі. 



3.  Баға  сөйлеу  əрекетінің  типі  ретінде  ақпараттың  экспрессивті-

бағалауыштық  тұрғыдан  түрлендірілген  типі  түрінде  танылады. 

Бағалар  санада  қалыптасып,  автордың  нысанның  сапалық  бел-

гілерімен уəжделген жеке құндылықтық қарым-қатынасын білдіреді. 

Бұл  бағаның  сөйлеу  пəнінің  объективті  қасиеттерінен  қол  үзіп,  өз 



13

бетімен  əрекет  етуінің  мүмкін  еместігін  көрсетеді,  ол  сөйленістің 

экспрессивтік бөлігін қалыптастырады.  

Бағалауыштық  пайым  нысанды  сипаттамайды,  сөйлеуші 

тарапынан  оның  субъективті  көрінуін,  қабылдануын  жеткізеді. 

Дж.  Р.  Серль    «Классификации  иллокутивных  актов / Иллокутивтік 

актілердің  жіктемесі»  еңбегінде: «Бағалауыштық  сөйленістердің 

мақсаты  əлемді  сипаттауда  емес,  эмоцияны  жəне  мақтау  немесе 

жазғыру, жағымпаздану немесе қорлау, ұсыныс білдіру немесе кеңес 

беру,  бұйрықтар  беру  немесе  басқару  жəне  т.с.с.  қарым-қатынасты 

білдіруде» деп жазады. 

Бағалар  сөйлеушінің  нысанға  байланысты  эмоционалды 

реакциясы мен деректің, сөйлеу пəнінің көрініс беретін қасиеттерінің 

тұжырымдамасы  ретінде  қалыптасқан  жеке  қарым-қатынасын  біл-

діреді  (кейде  бөлініп  көрсетілген  сапаға  қатысты  айқын  немесе 

жасырын  салғастырулар  түрінде).  Тұлғаның  жеке  қасиеттерінің 

əдепсіз  формада  берілген  өрескел,  шымбайға  бататын  теріс  бағасы 

сөз болып отырған тұлғаның қадір-қасиетін қорлау əрі кемсіту ретінде 

бағалана алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет